Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүрек кенет тоқтауында көмек көрсету. Жүрек-өкпе реанимациясы.



 

КМҚК Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

«Жамбыл медициналық  колледжі».

Жүрек кенет тоқтауында көмек көрсету. Жүрек-өкпе реанимациясы.

 

Өлім үстіндегі жағдай орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігінің сатылары бойынша бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етуінің өте қиындау деңгейін артериалдық қысымның кенеттен төмендеуімен, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарымен сипаттайды.

Организмнің өлуінің сатылары:

• предагония (жанталасу басы)

• өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс (ұзақ өлетін науқастарда кездеседі)

• агония (жанталасу)

• клиникалық өлім

• биологиялық өлім

Предагонияның белгілері:

• Мәңгіру, есінен шатасу

• Артериялық қысымның төмендеуі (АҚ)

• Шеткері артерияларда пульс әлсіреуі, орталық артерияларда (ұйқы, сан) пульс анықталады

• Қатты ентігу, тыныс алудың патологиялық түрлері пайда болады

• Терісі мен шырыш қабықтары көгереді немесе бозарады

Агонияның белгілері:

• Ес-түсі жоқ, көз рефлекстері тежелген

• Тыныс алудың патологиялық түрлері пайда болады

• АҚ төмендейді

• Пульс тек орталық артерияларда ғана анықталады

• Жүрек тондары әлсірейді

• ЭКГ-де  жүрек ырғағының бұзылыстары

Клиникалық өлім  – бұл организмнің бірнеше минут (5-6 минут) бойы басынан өкізетін қайтарымды жағдайы, бас миының үлкен жартышарының қыртысының қан айналымының және тыныс алудың толық тоқтауы кезінде өкізетін уақытымен анықталады. Клиникалық өлімнің ұзақтығы қан айналымының тоқтауы, яғни толық оттегі жетіспеушілігі жағдайында бас миы жасушаларының тіршілік ету қабілеттігімен анықталады. Бұл жасушалар жүрек тоқтаған соң 5-6 минуттан кейін өледі.

Клиникалық өлімнің белгілері:

· есінің болмауы;

· тыныс алудың тоқтауы;

· тері бозарады, көгереді;

· пульстың ірі артерияларда болмауы (ұйқы, сан);

· көз қарашықтары барынша үлкейеді, жарыққа реакциясы болмайды;

· рефлекстер толық жойылады.

Биологиялық өлімнің белгілері:

· Өліктік кебу (көз алмасының сұйықтығы, шырышты және тері қабаты) – «жүзіп жүрген мұзша» және «мысық қарашығы» симптомдары.

· Өліктік суу (algos mortis)

· Өлік сіреспесі (rigor mortis) ( 2-5 сағ. кейін)

· Қанның қайта бөлінуі

· Өліктік гипостаздар (2-4 сағ.) және  дақтар (24сағ.)

· Өліктік ыдырау және өлгеннен кейінгі ыдырау (аутолиз)

Реанимация – бұл тіндерді жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ететін тіршілік үшін маңызды функцияларды, алдымен тыныс алу және қан айналымды қалпына келтіруге бағытталған организмді тірілту.  

Жүрек-өкпе реанимациясының көрсетілімі клиникалық өлім диагнозы болып табылады.  

Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы керек.  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.