|
|||
Пәннің қысқаша мазмұны2.6 Пәннің қысқаша мазмұны Мамандыққа кіріспе. Хирургия дамуының тарихи кезеңдері. Қазақстандағы хирургияның тарихы. Негізгі оқу пәні Хирургиялық аурулар болып табылады. Хирургияның міндеттері және оның медициналық білімдегі орны. Хирургиялық аурулардың басқа медициналық пәндермен байланысы. Қазіргі таңдағы хирургияның жетістіктері. Қазақстан Республикасының отандық ғалымдарының хирургияның дамуына қосқан үлестері. Хирургиялық аурулар пәні 4 блок түрінде берілген. №1 блокта хирургиялық аурулар пәнінен дәрістер берілген. №2 БЛОК Асқазан-ішек жолының хирургиялық аурулары Өңештің зақымдары мен аурулары.Өңеш ауруларының жіктемесі.Өңеш ауруларының визуальды диагностикасының әдістері. Гастроэзофагеаль рефлюкстің асқынуы. Кардия ахалазиясы. Өңеш дивертикулы. Химиялық және термиялық күйіктер, өңештің тыртықты тарылуы. Өңештегі бөгде заттар. Клиникасы, диагностикасы, емі. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы.Асқазан мен ұлтабар қабырғасында эрозиялы-ойықжаралы процесстердің туындау себептеріне қазіргі көзқарас. Клиникалық әйгіленімдер. Диагностика әдістері. Консервативтік терапия әдістері, госпитализацияға арналған көрсетілімдер. Асқынулар. Операция жасалған асқазанның аурулары. Жедел және созылмалы панкреатит. Жіктелуі. Этиология мен патогенез туралы қазіргі көзқарастар. Клиникасы, асқынулар. Диагностикасы. Емі. Хирургиялық жолмен емдеуге арналған көрсетілімдер. Операция түрлері. Тоқ ішектің ісіктері.Тоқ ішек обырының жалпы сипаттамасы, аурушаңдық пен өлім-жітім тенденциясы.Тоқ ішек обырының туындауына әсер етуші факторлар. Ісікалды процесстері. Метастаздану жолдары. Тоқ ішек обырының клиникасы, диагностикасы мен емі. Негізгі клиникалық формалары. Диагностикасы, емдеу принциптері. Тоқ ішек пен тік ішек обырына жасалатын түбегейлі және паллиативтік операциялардың типтері. Тік ішектің аурулары.Тік ішектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерінің хирургиялық маңызы. Геморрой. Тік ішектің айналып кетуі. Жедел және созылмалы парапроктит. Жедел және созылмалы анус сызаты. Эпителийлі құйымшақ жолы. Жіктелуі. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Емдеу әдістері.
|
|||
|