Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Білім берудің қорытынды нәтижелері



1.4. Білім берудің қорытынды нәтижелері

Білім бойынша когнитивті құзіреттілікті қалыптастыру:

· таралған хирургиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезін;

· таралған хирургиялық аурулардың жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынулары мен болжамын;

· клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің қазіргі әдістерін;

· таралған хирургиялық ауруларды консервативті және хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі принциптерін, оларды қолдануға арналған көрсетілімдерді;

· ҚМТ мүшелерінің, көру мүшесінің, зәр жолдарының жедел ауруларының, балалар ауруы, хирургиялық аурулар, жарақаттар және олардың асқынулардың клиникалық ерекшеліктері;

· хирургиялық науқастардың реабилитациясын, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңді жүргізуді.

Операционалды дағдыларды қалыптастыру:

· хирургиялық науқастан анамнез жинауды, ҚМТ ағзаларының, көру мүшесінің, зәр жолдарының, балалардағы хирургиялық аурулардың жалпы симптомдары;

· муляждарда теріге тігіс салу және оны алу;

· ішті пальпациялау;

· қан кету кезінде қолданатын уақытша және тұрақты тоқтату әдістері;

· кең таралған хирургиялық жағдайлар кезінде тексерудің клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерінің түрі мен көлемін анықтауды;

· ҚМТ мүшелерінің, көру мүшесінің, зәр жолдарының, балалық хирургиялық аурулары және жарақат бар науқастардың анамнез жинау, клиникалық тексеруді өткізу, клиникалық сараптамасын талдау;

 

Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

· өз өзін таныстыру және баяндау;

· вербалды және вербалды емес коммуникацияны қолданып науқастармен науқастармен психо-эмоционалды қарым қатынасты қалыптастыру;

· науқасты емдеу барысында өзінің дайындығын және көмегін көрсете білу;

· өзінің іс-әрекетін баяндау;

· науқаста жайсыздану себептерін анықтау;

· өзінің іс-әрекетін айғақтау;

· науқастың эмоционалды жағдайын түсіну барысындағы эмпативті қабілеттілікті бірлесе қолдану;

· сендіру тәсілдерін қалыптастыру;

· коммуникация барысында сөйлеу дауыс ырғағын сақтау;

· топтық талқылауды жүргізу;

· науқастармен ургентті жағдайда қарым қатынасты қалыптастыра білу;

· жанжалдармен жұмыс істеу;

· жанжалдармен жұмыс істеу барысында қабылданған шешімдерді талғылау;

· топтық жұмыс кезінде қарым қатынастың негізгі үлгілерін игеру;

· келелі мәселелерді бірлесіп шешу;

· іскерлік қарым-қатынас;

· емдеу шаралары кезінде және кейін науқастарға қысқаша және дұрыс түсініктеме беру.

Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру:

· хирургия бөлімшесінде санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

· хирургия бөлімшедегі хирург-дәрігердің, орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын растайтын нормативті құқықтық құжаттармен танысу;

· қызметтік міндеттермен, құқықтармен танысу;

· хирургиялық жұмысты реттейтін құқық негіздерін тәжірибеде қолдану;

· тіркеу, есеп медициналық құжаттарды жүргізу;

· науқастардың диагностикаға және емдеу шараларын жүргізуге келісім беру құжаттармен танысу;

· конфиденциалды ақпараттармен жұмыс істеу барысында нормативті актілерді және заңдарды сақтау;

· кәсіптік қызмет барысында әріптестер мен науқастарға заңи тетіктерді қолдана білу;

· дәрігерлік қателіктерге критикалық талдау жүргізу және оны болдырмау жолдарын іздеу;

Өзін-өзі кемелдендіру және дамыту дағдыларын қалыптастыру:

· компьютерлік үйрету бағдарлалармен, Internet көзімен, электронды деректер қорымен, әдебиеттермен жұмыс істеу;

· шетел тілін кәсіптік деңгейде игеруді дамыту және осы тұрғыда өзін-өзі кемелдендіру;

 

1.5 Пререквизиттер:анатомия, физиология, жалпы хирургия.

Постреквизиттер: хирургиялық аурулар бойынша интернатура, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура, жедел жәрдем, ЖТД бойынша интернатура және резидентура, хирургия бойынша дипломнан кейінгі даярлау.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.