|
|||
дезинтоксикация жүргізу⇐ ПредыдущаяСтр 33 из 33 + дезинтоксикация жүргізу
391. Арман 19 ай. Дене қызуы 37,5С.7 күн бойы жөтел, тыныс алу қиын. Саша іше алады, Құсу және құрысу болған жоқ. Ауыз-мұрын үшбұрышы цианозы байқалады. ЖСЖ-130 мин. ТЖ-41 мин. Стридор жоқ. Кеуде қуысының кірігуі байқалады. БЖАИЖ бойынша жағдайды жіктеңіз: + ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру// пневмония немесе өте ауыр ауру// жөтел немесе суық тиген// астмоидтық тыныс// туа болған стридор 392. Мұрат 15 ай. Дене қызуы 37,5С. 5 күн бойы жөтеледі. Ол тыныс алу қиын. Марат іше алмайды, құрысу және құсу болған жоқ. Ауыз мұрын үшбұрышының цанозы байқалады, ТЖ-42 мин. Астмоидты тыныс алу байқалады (сальбутамолдың сынамалы ингаляциясынан кейін). Стридор жоқ. Кеуде қуысының кірігуі жоқ. Жалпы қауіп белгісін анықтаңыз: цианоз// + іше алмайды// стридор жоқ// астмоидтық тыныс// дем алу қиын 393. Самат 11 ай. Салмағы 8,9 кг. Диареяға 3 күн. Баланың санасы бар. 3 рет құсу байқалды. Құрысу болған жоқ. Тексеруге жылап жауап береді. Ана сүтімен қоректенеді. Емшек емізуді тоқтатқаннан кейін жылайды. Бала құшырлана сұйықтық ішеді. Баланың көзі кіртимген. Іштегі тері қатпары тез жазылады. ДДҰ жоспары бойынша емді анықтаңыз: А жоспары// + Б жоспары// В жоспары бойынша ОР// С жоспары бойынша ОР// инфузиялық терапия 394. Ару 2 жаста. Салмағы 12,3 кг. 2 күннен бері диарея бар. Құсу жоқ. Температура 36,8С, жақсы ойнайды. Сұйықтықты шөлдеп ішеді. Тәбеті төмен. Көзі кіртимеген. Іштің тері қатпары тез жазылады. Анасына қашан қайта келуі және қайта қаралуын түсіндіріңіз: + бір аптадан кейін// ??? + 5 күннен кейін 2 күннен кейін// 3 күннен кейін// 10 күннен кейін// 2 аптадан кейін 395. Наташа 18 ай. Салмағы 11,5 кг. Т 36,80 с. Диареяға 7 күн. 4-5 рет құсу байқалды. Ұйқыда сияқты. Құрысу болған жоқ. Медициналық қызметкер алақандарын қағып, анасына баланы қағуды сұрады, Наташамен сөйлесуге тырысты. Ол көзін ашты, бірақ бетіне тура қарамады. Ол бір нүктеге көрінбейтін көзқараспен қарады және айналадағы болып жатқан жағдайларға назар аудармады. Наташа сұйықтық іше алмайды. Іштегі тері қатпары 1,2 сек жазылады. Жалпы қауіп белгілерін анықтаңыз: + летаргиялы, есінің болмауы// қайталамалы құсу// ұйқышылдық// созылыңқы диарея// ауыр сусыздану 396. Нұрлан 4 жаста. Салмағы 16 кг. Дене температурасы 36,5С. Нұрланда жөтел 7 күн бойы және тыныс алу қиын болған. Қарағанда қарсылық білдірмейді. ТЖ 32 рет/мин. Жеңіл периоральды цианоз байқалады. Кеуде қуысының төменгі бөлігінің керілуі жоқ. Жағдайын жіктеңіз: + жөтел немесе салқын тиген// пневмония// ауыр пневмония// пневмония жоқ// ЖРВИ, жедел бронхит 397. Алия 3 жаста. Салмағы 14,3 кг. Дене температурасы 36,5С. Баланың көзі кіртиген. Ол тез шаршайды және тітіркенеді. Нәжісінде қан бар. Тәбет төмен. Сұйықтықты жақсы ішеді. Іштегі тері қатпары 1 сек жазылады. Жіктеңіз: + Шамалы сусыздану. Дизентерия// Сусыздану жоқ// Ауыр сусыздану. Дизентерия// Дизентерия. Гемоколит// Диарея сусызданусыз. Дизентерия 398. Катяда апта бойы дене қызуы жоғарлаған. Сұйықтық іше алмайды. Қайталамалы құсу. Әлсіз. Жалпы қауіп белгісін анықтаңыз: + іше алмайды, құсу// әлсіздік, адинамия// қайталамалы құсу// ұзақ қызба// аурудың ұзақтығы 399. Аслан 1 жас. Салмағы 9,7 кг. Дене температурасы 37,4С. Аслан диареяда 3 күн бойы. Бір рет құсу болды. Тәбет төмен. Шөлдеп сұйықтық ішеді. Мазасыз, тітіркенгіш. Тексеруге жылап жауап береді. Көздері кіртиген. Тері қатпары тез жазылады. Емді анықтаңыз: А жоспары// + Б жоспары// мырыш препараты// В жоспары// инфузиялық терапия 400. Медет 18 ай. Салмағы 10 кг. Медетте диарея 18 күн. Нәжісінде қан жоқ. Дене температурасы 37,0С. Бала мазасызданады, тітіркенгіш. Нашар ішеді. Көздері кіртиген. Тері қатпары 2 сек жазылады. Жіктеңіз:// ауыр сусыздану// сусыздану жоқ// ауыр емес сусыздану// шамалы сусыздану// + созылыңқы диарея
|
|||
|