![]()
|
|||||||
Белгілі бір қызметті реттейтін нейрондардың жиынтығы13. Белгілі бір қызметті реттейтін нейрондардың жиынтығы қалай аталады: А) рецептор; В) жүйке орталығы; С) рефлекторлық доға; D) ганглий; Е) жүйке.
14. Ішкі мүшелердің рецепторлары қабылдай алады: А) жарық және түсті; В) фурулық тітіркенуді ; С) бұлшық еттен келген тітіркенуді; D) сіңірден келген тітіркенуді; Е) қысымды; F) теріден келген тітіркенуді; G) созылуды; H) тактильді рецепторлардан келген тітіркенуді;
15. Жүйке орталығының қозуды бір бағытта ғана өткізу қасиеті қалай аталады: А) окклюзия; В) жеңіл қозу; С) бір бағытта өткізу; D) қозудың жиналуы; Е) өткізілудің тоқтатылуы.
16. Қозу жүйке жасушасынан қандай өсінді арқылы өтеді: А) дендриттер; В) нейроглиялар; С) орталыққа тепкіш; D) аксондар; Е) макроглиялар.
17.Миелинді талшықтарда қозу таралады: A) ортодромды; B) үздіксіз; C) декрементсіз; D) сальтаторлы; E) ырғақты.
18. Тойыну, шөлдеу және аштық орталықтары орталық жүйке жүйесінің қай бөлігінде орналасқан: А) мишық; В) гипоталамус; С) жұлын; D) ортаңғы ми; Е) сопақша ми.
19. Сопақша мида орналасқан орталықтар: А) есту; В) тыныс алу; С) дәм сезу; D) жүрек жұмысын реттейтін орталығы; Е) иіс сезу. 20. Симпатикалық жүйке жүйесінің ұлпалар мен мүшелерге әсері: А) қан қысымы төмендейді; В) жалпы зат алмасуын жоғарлатады; С) зат алмасу баяулайды; D) ішектің жиырылуын тездетеді; Е) ас қорыту процессі күшейеді; F) қан тамырларын тарылтады; G) жүректің соғу жиілігін арттырады.
Жоғары жүйке жүйесі және анализаторлар тарау бойынша өзіндік бақылауға арналған тест сұрақтары 1. Ми қыртысының қай бөлігінде көру орталығы орналасқан: А) самай; В) шүйде; С) маңдай; D) төбе; Е) самай бөлігінің алдыңғы бөлігі.
2. Талдағыштардың белгілі бір тітіркендіргішке бейімделу қасиеті қалай аталады: А) сенсибилизация; В) адаптация; С) сезімталдық; D) ерекшелік; Е) пластикалық.
3. Үлкен ми жарты шарларының қыртысында дәм сезу анализаторларының орталықтары қай бөлігінде орналасқан: А) желке бөлігінде; В) маңдай бөлігінде; С) шүйде бөлігі; D) самай бөлігінде; Е) жұлында.
4. Жоғарғы жүйке әрекеті: A) биологиялық мұқтаждықты қамтамасыз ету; B) сөйлеу әрекеті; C) ойлау; D) бағдарлаушы рефлекс; E) есте сақтау; F) инстинктер.
5. Фоторецепторлар көздің қай қабығында орналасқан: А) шел; В) аққабық; С) тамырлы қабық; D) нұрлы қабық; Е) торлы қабық.
6.Холерикалық темпераменттің (Гиппократ) физиологиялық мінездемесін таңда: А) салмақтылық; В) қозғалмалығы; С) жүйке процестерінің әлсіздігі; D) жүйке орталықтарының күштілігі; Е) инерттілігі.
7. И. П. Павлов бойынша ойлағыштық тип бұл: А) 1 сигналды жүйенің белсенділігінің артуымен; В) сол жақ жарты шарының белсенділігі артуымен; С) оң жақ шарты шарының артуымен; D) екі жарты шарларының артуымен сипатталады; Е) 2 сигналды жүйенің белсенділігінің артуымен.
8. Еріксіз зейін тәуелді: А) қоғамдағы тәрбиеге; В) өмір сүру ортасына; С) сол жақ жарты шарының белсенділігіне; D) оң жақ сөйлеу емес жарты шарының белсенділігіне; Е) 1 сигналды жүйенің белсенділігінің арттуымен.
9. Қандай рефлекстер, ми қыртысында орналасқан нейрондардың қатысуымен жүзеге асады: А) кортикальды; В) бульбарлы; С) проприорецептивті; D) арқалық; Е) висцеральды.
10. Биологиялық қажеттілікке жатады: А) ас қажеттілігі; В) зерттеушлік; С) қорғаныс; D) еліктегіш; Е) ойын-сауық.
11. Жүйке жүйесі жүрісі негізінде И.П. Павлоа негізі ЖЖҚ типін анықтады: A) иррадация; B) байсалдылық; C) конвергенция; D) индукция; E) күш; F) шапшаңдылық.
12. Көру талдағышының орталық бөлігі қайда орналасады: А) аммонов мүйізінің маңында; В) қыртыстың қимыл алды аймағы; С) артқы орталық иірім маңайы; D) қыртыстың самай бөлігі; Е) қыртыстың шүйде бөлігі.
|
|||||||
|