|
|||
оздыру физиологиясы тарауы бойынша өзіндік бақылауға арналған тест сұрақтарыСтр 1 из 7Следующая ⇒ Қоздыру физиологиясы тарауы бойынша өзіндік бақылауға арналған тест сұрақтары 1. Жұмыстың әсерінен бұлшықет қызметінің уақытша төмендеуі немесе жоғалуы байқалынатын ағзаның жағдайы қалай аталады: А) физиологиялық тыныштық күй; В) тежелу; С) қозу; D) тонус; Е) қажу.
2. Тітіркендіргіш әсерінен тірі ұлпаның әрекетті күйге келуі қалай аталады: А) тежелу; В) тітіркену; С) қозу; D) жиырылу; Е) парабиоз.
3. Қандай тітіркендіргіштер биологиялық маңызы бойынша табиғи жағдайда ұлпаларға тән емес: А) адекватты; В) арнайы; С) табалдырық үсті; D) адекватсыз; Е) механикалық.
4. Мембраналық тыныштық потенциалының белгілері: А) фистула қою әдісі; В) бақылау әдісі; С) катетеризация әдісі; D) денервация әдісі; Е) құрал-саймандық әдісі; F) вивисекция. 5. Миелинді жүйке талшығының қандай бөлігінде тыныштық және әрекет потенциалы туындайды: А) леммоциттарда; В) Ранвье буындарында; С) өстік цилиндрде; D) миелин қабықшасында; Е) аксоплазмада.
6. Қандай жүйке талшықтарына қозуды жоғары жылдамдықпен өткізу қасиеті тән: А) миелинді; В) миелинсіз; С) симпатикалық; D) парасимпатикалық; Е) кезеген.
7. Бұлшықет әрекетінің нәтижесінде оның қызметінің уақытша төмендеуіне және тоқтауына әкелетін бұлшықеттің қасиетін атаңыз: А) тежелу; В) парабиоз; С) қажу; D) тонус; Е) доминанттылық.
8. Бірыңғай салалы бұлшықетке импульстер қай жүйке талшығы арқылы өтеді: А) соматикалық; В) орталыққа тепкіш; С) перифериялық; D) вегетативтік; Е) афферентті.
9. Тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін, бұлшықет жиырылуға дейінгі аралық уақыт қалай аталады: А) латентті период; В) экзальтация; С) абсолютті рефрактерлік; D) салыстырмалы рефрактерлік; Е) жиырылу. 10. Әрекет потенциалының өрбу фазасының шегі қалай алады: А) реверсия; В) деполяризация; С) гиперполяризация; D) реполяризация; Е) ізді деполяризация.
11. Тірі жасушаның физиологиялық тыныштық күйіндегі, цитоплазма мен жасуша аралық сұйықтықтардығы потенциал айырымы қалай аталады: А) ізді потенциал; В) тыныштық потенциалы; С) әрекет поенциалы; D) жоғары вольтты потенциал; Е) оң ізді потенциал.
12. Бұлшық етте шаршаудың туындауының себебі не: А) сүт қышқылының жиналуы; В) гликогеннің жиналуы; С) оттегі қорының көбеюі; D) АТФ мөлшерінің артуы; Е) симпатикалық жүйкелердің тітіркенуі.
13. Қандай жүйке талшықтары импульсты ішкі мүшелерге өткізеді: А) орталыққа тепкіш; В) соматикалық; С) вегетативті; D) афферентті; Е) сезгіш.
14. Қозғыш ұлпалардың қандай түрінде қозу толқынды түрде таралады: А) көлденең жолақты бұлшықеттер; В) бірыңғай салалы бұлшықеттер; С) жүрек бұлшықеті; D) ұлпалы жүйке талшығы; Е) ұлпасыз жүйке талшығы.
15. Парабиоздың қай кезеңінде әлсіз тітіркендіргішке күшті тітіркендіргішпен салыстырғанда, амплитудасы жоғары жиырылу байқалады: А) тежелу; В) провизорлы; С) тепе-теңдік; D) парадоксальді; Е) трансформациялық.
16. Бұлшық ет жиырылуының қандай түрі табиғи жағдайда айрықша орын алады: А) изометриялық; В) ауксотониялық; С) тетаникалық; D) тонус; Е) оқшау жиырылу.
17. Парабиоздың физиологиялық маңызын ашқан көрнекті орыс ғалымы кім: А) И. П. Павлов; В) Н. Е. Введенский; С) И. М. Сеченов; D) В. В. Пашутин; Е) А. И. Бабухин.
18. Жүйке ұлпасы үшін қозудың арнайы белгісі болып табылатын не: А) зат алмасуының өзгеруі; В) жүйке импульсін өткізу; С) жылу бөлу; D) энергияның бөлінуі; Е) сәулелі энергияның бөлінуі.
19. Әрекет потенциалының белгілері: А) табалдырықты стимулдарда пайда болады; В) генерациясы «барлығы немесе ештеңе» заңына бағынады; С) өзін өзі тарату қасиетіне ие; D) жасушалық метаболизмге тәуелсіз; Е) амплитудасы тітіркендіру күшіне байланысты; F) жасушаға калий иондарының түсуіне тәуелді; G) табалдырықтан төмен стимулдарда пайда болады.
20. Лабильдiгі жоғары қозғыш құрылымдар: А) жүйке орталығы; В) ішкі орта ұлпалары; С) көлденең жолақты бұлшық ет; D) сүйек ұлпасы; Е) секреторлық жасушалар.
|
|||
|