|
|||
Балалар хирургиялық стоматологиясы. 4 страницаТөменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫм сәйкес келеді? 1. Ұрығын сақтап қалумен цистотомия 2. Ұрығын жұлумен цистэктомия 3. +Ұрықты сақтап қалумен цистэктомия 4. Ұрықты жұлумен цистотомия 5. Уақытша тістің консервативті емі.
139. Төменде көрсетілген тістердің қайсысы балалардың жақтарының қабыну кисталарының НЕҒҰРЛЫМ себебі болып табылады? 1. Уақытша күрек тістер 2. +Уақытша үлкен азу тістері 3. Уақытша сүйір 4. Тұрақты күрек тістер 5. Тұрақты кіші азу тістер
140. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы бет-жақ аймағын нақтамалау үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Электроодонтодиагностика 2. +рентгенография 3. Цитологиялық 4. Биопсия 5. ОАК
141. Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы балалардың радикулярлы қабыну кисталарына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. беттің екі жақтық асимметриясы 2. гиперсаливация 3. +жақтың бір жақты ісінуі 4. жыланкөз жолының болуы 5. тістің болмауы
142. Төменде көрсетілген рентгенологиялық тексеру әдістерінің қайсысы уақытша азу тістен радикулярлы кистадан нақтамалау үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып келеді? 1. Ауыз ішілік 2. +обзорлы 3. Контрастты 4. ортопатомограмма 5. бүйірлік
143. Емханаға анасы 9 жастағы баласымен төменгі сол жағындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінде: ісік бір ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде: төменгі сол жағындағы түзіліске байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 7.4 және 7.5 тістері – пломбыланған, қағып тексергенде ауырады, өтпелі қатпарды сипап тексергенде ауырмайтын тығыз 7.3 және тістердің бойында 3.6 түзіліс анықталды. Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. созылмалы периодонт қабынуының өршуі 2. төменгі жақтың жедел іріңді периоститі 3. төменгі жақтың созылмалы продуктивті периоститі 4. + одонтогендә қабыну кистасы 5. Фолликулярлы киста
144. 8 жастағы бала емханаға екі жағынан құлақмаңы аймағының ісінуіне шағымданып келді.Анамнезінде: ауырғанына 3 күн болған. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта,дене температурасы 380, тәбеті төмен.Қарап тексергенде: екі жағынан да құлақмаңы және төменгі жақ асты аймақтарының жұмсақ тіндерінің ісінуі, оның үстіндегі тері қызарған, созылыңқы, ауыз қуысы құрғақ, гипосаливация. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫм тиімді? 1. іріңді ошақты дренаждау; 2. антибактериальды ем 3. сілекейге арналған заттар, 4. қабынуға қарсы терапия 5. +науқасты оқшаулау, детоксикациялық терапия.
145. 5 жастағы балаға қателесіп: «Құлақмаңы аймағының созылмалы лимфадениті» деген нақтам қойылды. Стационар жағдайында жалпы жансыздандырумен өзгерген лимфа түйіндерін алып ота жасалған. Бір жылдан кейін ауру қайталанған. Аурудың қайталануы қандай ауру кезінде болуы мүмкін? A. Созылмалы лимфаденит, B. Құлақмаңы аймағының гемангиомасы C. Құлақмаңы аймағының липомасы D. + құлақмаңы сілекей безінің аденомасы E. Құлақмаңы аймағының фибромасы
146. Төменде көрсетілген жақтардың қайсысында одонтогенді қабыну кистасы НЕҒҰРЛЫм жиі пайда болады? 1. жоғарғы 2. жоғарғы және төменгі 3. +төменгі 4. бұтақтар 5. өсіндісінде
147. 10 жастағы баланың төменгі жағының рентгенограммасында 8.5 тісінің аймағында домалақ пішінді, контуры анық 4.5 тістің ұрығы бар қуыс анықталды. Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. созылмалы периодонт қабынуының өршуі 2. төменгі жақтың жедел іріңді периоститі 3. төменгі жақтың созылмалы продуктивті периоститі 4. + радикулярлы киста 5. Фолликулярлы киста
148. «Пергаментті сықыр» симптомы қандай ауруларда болмайды?
149. Емханаға 10 жастағы бала төменгі оң жағындағы ісінуге шағымданып келді.Қарап тексергенде: 8.5 тісі пломбыланған, түсі ақшыл-қызыл түсті болып өзгерген. Өтпелі қатпарды сипап тексергенде тығыз сүйектің шығыңқы аймағы «пермангаментті сықыр» симптомы оң болып анықталды. Төменгі жағының рентгенограммасында 8.5 тісінің аймағында домалақ пішінді, контуры анық 4.5 тістің ұрығы бар қуыс анықталды. Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
150. 9 жастағы бала емханаға төменгі оң жағының ісінуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 8.5 тісі пломбыланған, түсі ақшыл-қызыл түсті болып өзгерген. Өтпелі қатпарды сипап тексергенде тығыз сүйектің шығыңқы аймағы «пермангаментті сықыр» симптомы оң болып анықталды. Төменгі жағының рентгенограммасында 8.5 тісінің аймағында домалақ пішінді, контуры анық 4.5 тістің ұрығы бар қуыс анықталды. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Ұрықты сақтап қалумен цистотомия 2. +Ұрықты жұлумен цистэктомия 3. Ұрықты сақтап қалумен цистэктомия 4. Ұрықты жұлумен цистотомия 5. Уақытша тістің консервативті емдеу
151.Балалардың жоғарғы жақтарының тістерін емдегенде инъекциялық жансыздандырудың қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі жасалады? 1. Таңдайлық 2. Күрек тістік 3. Туберальды 4. Инфраорбитальды 5.+Инфильтрациялық
152. Балаларға аппликациялық жансыздандыруды қай уақытша тістерді жұлғанда қолданылады: 1. күрек тіс 2. сүйір тіс 3. бірінші азу тіс 4. екінші азу тіс 5.+ тістердің ауысуы кезінде
153. Торусальды жансыздандыруды жасағанда қандай нервтер жансызданады? 1. иектік 2. +төменгі ұяшықтық 3. беттің 4. күрек тістік 5. таңдайлық
154. Стоматологиялық шараларды жасағанда жалпы жансыздандырудың қандай әдісін емханананың жағдайында балаларға қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1.+Бұлшықет ішілік 2. Құрамалы 3. Эндотрахеальды 4. Эндоназальды 5. Тамыр ішілік
155. Созылмалы астмоидты бронхитпен ауыратын балаларға стоматологиялық шараларды жасау уақытында аллергиялық реакцияның қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін? 1.+Бронхоспастикалық 2. Абдоминальды 3. Церебральды 4. Кардиальды 5. Аралас
156.Балалардың жоғарғы жақтарының уақытша тістерін жұлку кезінде жансыздандырудың қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылады? 1. Таңдайлық 2. Күрек тістік 3. Туберальды 4.+Инфильтрациялық 5. Инфраорбитальды
157. Аппликациялық жансыздандыруды балаларға қандай тістерді жұлғанда НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданады: 1. тұрақты тістер 2. + уақытша тістердің физиологиялық ауысуы кезінде 3. тілдің үзбесінің пластикасында 4. түбірлері тұрақтанған уақытша тістерде 5. ауыз қуысының шырышты қабатының қатерлі ісіктерінде
158. 6 жастағы баланың ауыз қуысын алдын ала қарап тексеру барысында 6.2 интактілі тісінің І дәрежелі қозғалғыштығы анықталды. Төменде көрсетілген инъекциялық жансыздандырулардың қай түрін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1.+Инфильтрациялық 2. Мандибулярлы 3. Торусальды 4. Күрек тістік 5. Таңдайлық
159.Шприцтің инесін жоғары, артқа, ішке қарай бағыттағанда жансыздандырудың қандай түрі жасалады?
160. Балаларға стоматологиялық шараларды жалпы жансыздандырумен жасаудың негізгі көрсеткіштері қандай? 1. жүрек- қан тамыр жүйесінің аурулары 2. Дәрігерлік жұмыстың көлемінің көп болуы 3. Орталық жүйке жүйесінің ауруы 4. +Жергілікті жансыздандыруды қабылдай алмауы
161. Балалардың стоматологиялық шараларды жалпы жансыздандырумен жасаудың көрсеткіштеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады,ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы: 1. Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының болуы 2. баланың тістерін емдетуге негативті қарым-қатынасы 3. Жасалатын шаралардың көлемінің көп болуы 4.+баланың жергілікті жансыздандырумен емделгісі келмеуі 5. Жергілікті жансыздандырғыш заттарға аллергиясының болуы
162. Балаларға стоматологиялық манипуляцияларды қолданғанда жансыздандыру жасағанда қандай мақсат НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып табылады? 1. Балалардың психоэмоциональды қысымын жою 2. .+Қажет ұзақтықтағы толық жансыздандыру 3. Сілекейдің көп бөлінуін бәсендету 4. Гемодинамиканың көрсеткіштерінің тұрақтылығы 5. Тыныс алу көрсеткіштерінің тұрақтылығы
163. Балаларда стоматологиялық манипуляцияларды жасаған кезде аппликациялық жансыздандырудың көрсеткіштері: 1. Жедел қабыну ауруларында уақытша тістерді жұлу 2. Жақ-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарын дренаждау 3. +ІІ және ІІІ дәрежелі қозғалмалы тістерді жұлу 4. Түбірлері қалыптаспаған тістерді жұлу 5. Түбірлері жартылай сорылған тістерді жұлу
164. Балалардың қандай психоэмоциональды типінде стоматологиялық манипуляцияларды жүргізу алдында НЕҒҰРЛЫМ факмакологиялық коррекция жасау көрсетілген? 1. Негативті қатынастың бастапқы көрінісі 2. +Тоқтата алатын негативті қатынас 3. Тоқтата алмайтын негативті қатынас 4. Индифферентті қатынас 5. Позитивті қатынас
165. Стоматологиялық емханаға 8 жастағы баланы алып келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде 3.5 тіс вестибулярлы жаққа қарай жарып шығып келе жатқаны және тұрақты, пломбыланған 7.5 тісі бар екені анықталды. Төменде көрсетілген жансыздандырудың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Торусальды 5. Вестибулярлы 3. Иектік 2.+Мандибулярлы 4. Инфильтрациялық
166. 6 жастағы балаға мандибулярлы жансыздандыру жасаған кезде нысана көзі қайда? 1. +Төменгі үлкен азу тістердің шайнау бетінің деңгейінде 2. Жоғарғы үлкен азу тістердің шайнау бетінің деңгейінде 3. Қанатша-төменгі жақ қатпарының латеральды ойысы 4. В медиальный скат крыловидно–нижнечелюстной складки 5. В середину расстояния между верхними и нижними молярами
167. Емханаға церебральды сал ауруымен ауыратын 8 жастағы баланы ауыз қуысын сауықтыру мақсатында алып келді. Ол сөйлемейді, белсенді қарсылық білдіріп жатыр. Қарап тексергенде: кп+КПУ=11, оның ішінде 6 тісті емдеу керек және 5 тісті жұлу. Төменде көрсетілген жансыздандырулардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 2. Аппликациялық жансыздандыру 4.+Жалпы жансыздандыру 5. Аудиоанестезия
168. Тісті жұлу мақсатымен баланы балалар стоматологиялық емханада лидокаинмен жергілікті жансыздандыру жасалды. Осыдан кейін науқастың беті бозарып кетті, ол жалпы әлсіздікті сезінді, қол-аяғы суып кетті, пульсі әлсіз, жиі соғады, есі анық. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін? 1.+Анафилактикалық шок 2. Квинке ісігі 3. Бронхоспазм 4. Есінен тану
169. Емханаға 6жастағы бала төменгі жағындағы бірнеше тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Объективті тексеру барысында 7.1 және 8.1 тістердің ІІ дәрежелі қозғылғыштығы анықталады. Дәрігер тістерді жұлу туралы шешім қабылдады. Төменде көрсетілген жансыздандырудың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Торусальды 2. Иектік 3. Мандибулярлы 4.+Аппликациялық 5. Инфильтрациялық
170.Стоматологиялық емханаға ата-анасы 8 жастағы баласын бұзылған 8.5 тісті жұлу үшін алып келді. Науқас балалар церебральды сал ауруымен ауырады, өзі қозғала алмайды,ойлау-физикалық дамуының жетілмеуі байқаладу, болып жатқан жағдайға ешқандай қызығушылық танытпайды. Баланың қандай психо-эмоциональды жағдайы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. Өте қарсы, бірақ басылатын негативті 2. Негативті қатынастың бастапқы көрінісі 3. Басылмайтын негативті 4.+Индифферентті 5. Позитивті
171. Емханаға 5 жастағы баланы анасы төменгі сол жағының аймағындағы ісіктің бар болуына және ауру сезіміне шағымданып келді. Кешеден бері баланың жалпы жағдайы нашарлады, дене температурасы жоғарылады 38С. Обьективті: 7.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде қатты ауырады, тістің айналасындағы шырышты қабат қызарған, ісінген. Төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерініңқайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. Жалпы жансыздандыру 2. Иектік жансыздандыру 3. +Мандибулярлы жансыздандыру 4. Аппликациялық жансыздандыру 5. Инфильтрациялық жансыздандыру
172. Емханаға 4 жастағы баланы төменгі сол жағындағы аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді.Қарап тексергенде: 7.4 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады, шырышты қабаты қызарған және ісінген. Дәрігер тісті жұлу туралы шешім қабылдады. Төменде көрсетілген жергілікті жансыздандырудың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1.+Мандибулярлы 2. Инфильтрациялық 3. Туберальды 4. Иектік 5. Күрек тістік
173. Балалардың стоматологиялық емхананың дәрігері 4 жастағы баланы қарап тексергенде тісжегі үрдісімен бұзылған, бірақ емделетін 7 тісті анықтады.Бала көп жылайды, сөйлеспейді, дәрігерді итереді. Дәрігер-стоматологтың емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1. Тістерді емдеумен нейтролептиктерді тағайындау 2. +Жалпы жансыздандырумен тістерді емдеу 3. Баланы фармакологиялық дайындау 4. Тістерді емдеу кезінде физиологиялық көңілін бөлу 5. Баланы психологиялық дайындау
174. Хирургиялық кабинетке анасымен бірге ДЦП ауыратын, өзі қозғалмайтын 8 жастағы баланы алып келді. Жүйке-психологиялық статусының жетілмей қалуы анақталады. Бұзылған 8.5 тісті жұлу туралы шешім қабылдады. Бала дәрігерді тыңдамайды, стоматологиялық шараларға көңіл бөлмейді. Қандай емдеу тәсілдері НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Тістерді емдеумен нейтролептиктерді тағайындау 2. Жансыздандыру жасамай тісті жұлу 3. + Жалпы жансыздандырумен тістерді емдеу 4. Тісті инфильтрациялық жансыздандырумен жұлу 5. Өткізгіштік жансыздандырумен тісті жұлу
175. Дәрігердің кеңесіне 12 жастағы бала тісті тісті жұлу үшін келді. Жансыздандырғыш заттарды енгізгеннен кейін баланың тері жамылғысы бозарып кетті, тыныс алуы беткей, пульсі жиі, АҚ төмендеді, есі анық. Қандай дәрілік препаратты бірінші медициналық көмекті көрсету кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Мүсәтір спиртін иіскеу 2. + преднизолон 3. глюкокортикоидтар 4. адреномиметиктер 5. жүрек гликозидтері
176. 7.1, 8.1 тістердің физиологиялық ауысуы кезінде тістерді жұлу үшін қандай жансыздандырудың түрін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Инфильтрациялық 2.+Аппликациялық 3. Мандибулярлы 4. Иектік 5. Торусальды
177. Жергілікті жансыздандырулардың әдістерінің қайсысын жоғарғы уақытша тістерді жұлу үшін қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Аппликациялық 2. Таңдайлық 3. Туберальды 4. Инфраорбитальды 5. +Инфильтрациялық
178. Балалар стоматологиясының амбулаторлы тәжірибесінде қандай жансыздандыру түрлері НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылады: 1.+Инфильтрациялық 2. Инфраорбитальды 3. Мандибулярлы 4. Туберальды 5. иектік
179. Жоғарғы қозғыштығы бар баланы емхананың жағдайында стоматологиялық манипуляцияларды жасау барысында қандай коррекцияны қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Өзіне өзі түсіндіру әдісі 2. Седативті дайындық 3. Емнен кейін мақтау 4. Психологиялық дайындық 5.+Фармакологиялық коррекция
180. Балаларға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда иненің шаншитын нысана көзі байланысты: 1. жоспарланып отырған жұмыстың көлеміне байланысты 2. жақтың анатомиялық көрінісіне байланысты 3. жергілікті жансыздандырғыш заттың құрамына байланысты 4. баланың қатынасын болжамдау 5.+баланың жасы
181. Басылмайтын негативті қарым-қатынасы бар балаға көп сөлемде стоматологиялық манипуляциялар жасаған кезде жансыздандырудың қандай әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ көрсетілген? 1. Торусальды 2. Инфильтрациялық 3. Аппликациялық 4. мандибулярлы 5.+жалпы жансыздандыру
182. Емханаға 6 жастағы бала жоғарғы жағындағы тісінің қозғалғыштығына шағымданып келді.Қарап тексергенде: 6.1 тісі интактілі, І дәрежелі қозғалғыш. Төменде көрсетілген жансыздандырулардың қай түрі жұлынған тіске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 1.+Инфильтрациялық 2. Аппликациялық 3. Туберальды 4. Күрек тістік 5. Таңдайлық
183. Баланың қандай психо – эмоциональды жағдайында стоматологиялық шараларды жалпы жансыздандырумен жасап жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Негативті қатынастың бастапқы көрінісі 2. Айқын көрінетін, бірақ басылатын негативті қатынас 3. +Басылмайтын негативті қатынас 4. Индифферентті қатынас 5. Позитивті қатынас
184. Алдыңғы жоғарғы альвеолалық жүйке талшықтары қандай жүйкенің тармақтары болып табылады? 1. Күрек тістік 2. Беттік 3. Көздің 4. Қанатша-таңдайо 5.+Көзастылық
185. Мұрын таңдай жүйкесі қандай жүйкенің тармағы болып табылады? 1.+Артқы жоғарғы мұрын 2. Үлкен таңдайлық 3. Кіші таңдайлық 4. Көздің 5. Күрек тістік
186.Төменде көрсетілген жүйкелердің қайсысы мандибулярлы жансыздандыру жасау кезінде жансызданады? 1. Жоғарғы альвеолалық 2. +Төменгі ұяшықтық 3. Құлақ-самай 4. Ұрттық 5. Көзастылық
187. Интрасептальды (перденің ішіндегі) жансыздандыру жансыздандырулардың қай түріне жатады? 1. Интралигаментарлы 2. Аппликациялық 3. Өткізгіштік 4.+Сүйек ішілік 5. Орталық
188. Қандай психоэмоциональды жағдайда фармакологиялық коррекцияны жүргізу НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? 1. тістерді емдеу уақытында негативті қатынастың жоғарылауы 2. өзін өзі ұстаудың қанағаттандырады 3.+өзін өзі ұстау қанағаттандырмайды 4. өзі өзі жақсы ұстайды 5. баланың тісті емдеуге қарсылық білдіруі
189. Тістерінің түбірлері сорылған балалардың уақытша тістерін жұлу кезінде жергілікті жансыздандырудың қандай әдісін жасаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Перифериялық өткізгіштік жансыздандыру 2. Орталық өткізгіштік жансыздандыру 3.+Инфильтрациялық жансыздандыру 4. Аппликациялық жансыздандыру 5. Электроанестезия
190. Балалардың уақытша тістерін жұлу барысында инфильтрациялық жансыздандыруды жасағанда инені өтпелі қатпардың қай аймағына шаншиды: 1. вестибулярлы бетінен үш тістің деңгейінде 2. +жұлынғын тістің деңгейінде 3. көрші тістің деңгейінде 4. оральды бетінде 5. таңдай жағынан үш тістің деңгейінде
191. Төменде көрсетілген жергілікті жансыздандырудың қандай әдісін балалардың жоғарғы тістерін жұлу кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Өткішгіштік 2. Аппликациялық 3. Таңдайлық 4.+Инфильтрациялық 5. Күрек тістік
192. Балаларға ауыз ішінен көзастылық жансыздандыру жасағанда инені шаншу орны: 1.+бірінші және екінші күрек тістердің арасында өтпелі қатпардан 0,5 см төмен 2. орталық және бүйір күрек тістердің арасында өтпелі қатпарға 3. бірінші уақытша азу тістің деңгейінде өтпелі қатпарға 4. сүйір тістің деңгейінде өтпелі қатпардан 0,5 см жоғары 5. сүйір тістің деңгейінде өтпелі қатпардан 0,5 см төмен
193. Анафилактикалық шок кезінде шұғыл бірінші медициналық көмек көрсету үшін қандай дәрілік препаратты қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді? 1. Барбитураттар 2. Тамырларды тарылтатын 3. Жүрек глюкозидтері 4.+Десенсибилизациялық 5. Глюкокортикоидтар
194. Емхана жағдайында балаларға стоматологиялық шараларды қолдану кезінде жалпы жансыздандыру жасаудың абсолютті көрсеткіштері болып табылады: 1. Жүрек- қан тамыр жүйесінің аурулары 2. +Жергілікті жансыздандырғыш заттарды көтере алмауы 3. Жақ-бет аймағының қабыну аурулары
|
|||
|