Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балалар хирургиялық стоматологиясы. 1 страница



Балалар хирургиялық стоматологиясы.

 

1. Төменде көрсетілген рентгенограммада төменгі жақтағы өзгерістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ 8.4 тістен дамыған жедел одонтогенді периоститтің көрінісіне сәйкес келеді?

1. +түбір ұшының аймағындағы ошақ

  1. сүйек тінінің деструкциясы
  2. остеопороз
  3. секвестрация
  4. периодонт қуысының біркелкі емес кеңеюі

 

2.      Төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ 6 жастағы баланың жедел одонтогенді периоститін тудырады.

  1. Уақытша тістердің асқынбаған тісжегісі
  2. +Уақытша тістердің асқынған тісжегісі
  3. Тістердің жедел жарақаты
  4. Лимфа түйіндерінің қабынуы
  5. Ауыз қуысының шырышты қабатының іріңдеген жарасы

 

3.     Төмендекөрсетілген клиникалық белгілердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жедел одонтогенді периоститке сәйкес келеді?

  1. + «Флюктуация» симптомының оң болуы
  2. Муфта тәрізді инфильтрат
  3. Тері жамылғысының қызаруы
  4. Тістердің патологиялық қозғалғыштығы
  5. Тісте жылан көзінің болуының

 

4. Емхананаың хирургиялық кабинетіне 9 жастағы бала төменгі сол жағындағы ісінгеніне шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 7.5 тісінің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қтпарлы сипап тексергенде ауырады, «флюктуация» симптомы оң.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1. +Төменгі жақтың жедел іріңді периоститі
  2. Жедел одонтогенді остеомиелит
  3. Біріншілік созылмалы периостит
  4. Созылмалы периодонтиттің өршуі
  5. Радикулярлы киста

5. 7 жастағы бала жоғарғы оң жақ аймағындағы ісінуге байланысты шағымдарымен бет-жақ бөлімшесіне жіберілген. Қарап тексергенде: жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы, терінің қызаруы.Ауыз қуысында: 5.4 тісі бұзылған, шырышты қабықтың ісінуі мен қызаруы, «флюктуация» симптомы оң.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

         1. Жоғарғы жақтың жедел серозды периоститі

     2.+ Жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі

     3. Біріншілік созылмалы периостит

     4. Ұрт аймағының абсцессі.

     5. Күрек тіс каналының іріңдеген кистасы    

         

6.Мектепке дейінгі жастағы балалардың жедел одонтогенді қабыну үрдістерінде қайсысы НЕҒҰРЛЫМ инфекция көзі болып табылады?

1. Бірінші тұрақты азу тіс

2.+Бірінші уақытша азу тіс

3. Бірінші тұрақты күрек тіс

4. Уақытша күрек тіс

5. Уақытша сүйір тіс

7. 6 жастағы бала анысымен бірге дәрігер-стоматологқа төменгі сол жағындағы ісінуге,дене температурасының 38 0 жоғарылағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты айқын көрініп тұрған беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 7.4 тісі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық өызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.  

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Созылмалы периодонт қабынуының өршуі

2.+Жедел іріңді периостит     

3. Жедел іріңді периодонт қабынуы

4. Жедел гангренозды ұлпа қабынуы

5. Жедел ұяшықтық остеомиелит

8. 5 жастағы баласымен анасы балалар стоматологиялық емханасына жоғарғы оі жақ аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 5.4 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, қағып тексергенде ауырады, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпарды сипап тексергенде ауыратын инфилтрат анықталды. 

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1.+ Периостотомия

2. Қабынуға қарсы терапия

3. Тіс арқылы іріңді шығару

4.  Тісті жұлу

5. Физиоем

 

9.Амбулаторлыемхананың жағдайында балаларда жақтың жедел одонтогенді периоститі қандай уақытында НЕҒҰРЛЫМ оң динамикасы пайда болады?   

1.+ 1 тәулік

2 2 тәулік

3 3 тәулік

4. 4 тәулік

5 5 тәулік

 

10. 7 жастағы бала дәрігер-стоматологқа төменгі оң жақ аймағындағы ісінуден ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 8.4 тістің сауыт бөлігі толық бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. 8.4 тістен ұрттың абсцессі.

2. 8.4 тістен жедел гангренозды ұлпа қабынуы

3. 8.4 тістің созылмалы периодонтының өршуі

4.+   төменгі жақтың 8.4 тістен жедел іріңді периоститі

5. Төменгі жақтың жедел ошақты остеомиелиті

    

11. 9 жастағы бала балалардың жақ-бет аймағының бөлімшесіне денесінің температурасының жоғарылауына, төменгі сол жағының ісінуіне шағымданып жатқызылды. Анамнезінде: емханада бір тәулік бұрын тісін жұлған және өтпелі қатпарынан тілік жасалған.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1. Ауыз қуысын шайқау
  2. Жалпы әлдендіруші терапия
  3. +Жараның жиектерін ашу
  4. Ұяшықты тексеру
  5. Қабынуға қарсы терапия

12.Жақ-бет бөлімшесінің қабылдау бөліміне 8 жастағы бала ата-анасымен жоғарғы оң жақ аймағының ісінуіне шағымданы келді. Анамнезінде: емханада бір тәулік бұрын жоғарғы оң жақтың жедел іріңді периоститіне байланысты 5.4 тісі жұлынған. 

Төменде көрсетілген әрі қарай жасалатын емнің тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Қабынуға қарсы терапия

2. Физиоем

3. Ауыз қуысын шайқау

4. +Периостотомия

5. Ұяшықты тексеру

 

13.  9 жастағы балада нақтыланды: «7.5 тістен дамыған жедел іріңді периоститі». Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1.+ Периостотомия

  2. Физиоем

  3. Түбір өзектері арқылы іріңді шығару

  4. Қабынуға қарсы терапия

  5. Шайқау

 

14. Емхананың хирургиялық кабинетіне 8 жастағы баласымен анасы төменгі сол жағының ісініп тұрғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 7.5 тісінің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1. + Периостотомия
  2. Тіс арзылы іріңді шығару
  3. Қабынуға қарсы терапия
  4. Ауыз қуысының шайқау
  5. Физиоем

 

15. Емхананың хирургиялық кабинетінде 8 жастағы баласымен анасымен жоғарғы оң жағындағы ісінгеніне шағымданып келді. Қарап тексеру: жоғарғы оң жағындағы жұмсақ тіндерінің ісінгеніне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 6.5 тістің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Ұрт аймағының абсцессі

2. 6.5 тістің жедел гангренозды ұлпа қабынуы

3. 6.5 тістің созылмалы периодонт қабынуының өршуі

4.+ Жоғарғы жақтың 6.5 тісінің жедел іріңді периоститі

5. Жоғарғы жақтың жедел ошақты остеомиелиті.

 

16.   Жақ-бет бөлімшесінің қабылдау бөліміне анасы 4 жастағы баласымен жоғарғы оң жағының аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінде: бір тәулік бұрын емханада 6.4 тісте созылмалы периодонттың өршуіне байланысты іріңді шығаратын жол ашылған.

Емдеуді жалғастыруға арналған жолдың қай тәсілі НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Қабынуға қарсы терапия

2. Физиоем

3. Ауыз қуысын шайқау

4. +Периостотомия

5. Түбір өзектерін шаю

17. Емхананың хирургиялық кабинетіне 3.5 жастағы баласымен анасы жоғарғы оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы оң жақ аймағындағы ісінуге байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.4 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Ұрт аймағының абсцессі

2. Жоғарғы жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті

3.  5.4 тістің созылмалы периодонт қабынуының өршуі

4.+Жоғарғы жақтың 5.4 тісінің жедел іріңді периоститі

5. Жоғарғы жақтың жедел іріңді остеомиелиті

 

18.   Емхананың хирургиялық кабинетіне 3.5 жастағы баласымен анасы жоғарғы оң жағының ісінгеніне шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы оң жағының жұмсақ тіндерінің ісінгеніне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.4 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық өызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1.  Қабынуға қарсы терапия

2. Тісті жұлу

3. Ауыз қуысын шайқау

4. + тіс арқылы іріңді шығару және периостотомия 

5. Түбір өзектерін жуу

6.

 

  19.Жақ-бет бөлімшесінің қабылдау бөліміне 4 жастағы баласымен анасы жоғарғы сол жақ аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінде: бір тәулік бұрын 6.4 тісінің созылмалы периодонт қабынуының өршуіне байланысты жалқықтың шығуына жол жасалған.

Төменде көрсетілген рентгенограммалардағы өзгерістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1. Сүйек тінінің бұзылуы
  2. Периодонт саңылауының кеңеюі
  3. +Сүйек тінінің деструкциясы
  4. Уақытша тістердің түбірлерінің сорылуы
  5. Фолликуланың үрдіске қосылуы

 

20. Емхананың хирургиялық кабинетіне 3.5 жастағы баласымен анасы жоғарғы оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы оң жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.4 тісінің 1/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген рентгенологиялық зерттеулердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

  1. +Сүйек тінінің бұзылуы
  2.  Остеопороз
  3. Сүйек тінінің деструкциясы
  4. Уақытша тістердің түбірлерінің резорбциясы
  5. Фолликулдың үрдіске қосылуы

 

21.Емхананың хирургиялыө кабинетіне анасы 9 жастағы баласын жоғарғы оң жағындағы ісінуге шағымданып келді.Қарап тексергенде: жоғарғы оң жақ аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.5 тістің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Тістің түбір өзегі арқылы жалқықты шығару жолын ашу

2. + «Себепші» тісті жұлу

3. Ауыз қуысын шайқау

4. Қабынуға қарсы терапия

5. Физиоем

           

22.Жақ-бет бөлімінің қабылдау бөлімшесіне анасы 4 жастағы баласын жоғарғы оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы оң жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.4 тісінің 1/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

          1. Инфильтрациялық

          2. Аппликациялық

          3. Инфраорбитальды

          4. Сүйек ішілік

          5.+Жалпы жансыздандыру

 

23. Емхананың хирургиялық бөлімшесіне 6 жастағы баласымен анасы жоғарғы оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы оң жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.5 тісінің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысы периостотомияны жүргізгенде қолдануға НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

            1. +Инфильтрациялық

          2. Аппликациялық

          3. Өткізгіштік

             4. Сүйек ішілік

          5. Жалпы жансыздандыру

 

24. Емхананың хирургиялық кабинетіне анасы 7 жастағы баласын төменгі оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі сол жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 8.5 тістің 2/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Периостотомия жасау үшін қандай жансыздандыруды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

         1. Инфильтрациялық жансыздандыру

          2. Аппликациялық жансыздандыру

          3. +Мандибулярлы жансыздандыру

          4. Сүйек ішілік жансыздандыру

          5. Жалпы жансыздандыру

 

 

25.Емхананың хирургиялық кабинетіне анасы 4 жастағы баласын төменгі оң жағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі сол жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 5.5 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады.

Тісті сақтап қалу үшін төменде көрсетілген нақтамалау әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып келеді?

1. Жақтардың рентгенограммасы

2. Қанды лабороторлы зерттеу әдісі

3. Қанды биохимиялық зерттеу әдістері

4.+ 5.5 тістің ауыз ішілік рентгенограммасы

5. 5.5 тістің электроодонтометриясы

 

 

26Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жедел одонтогенді периоститке сәйкес келеді?

1. Тістің қозғалғыштығы

2. Муфта тәрізді инфильтрат

3. Тері жамылғысының қызаруы

4. +Өтпелі қатпардың тегістелуі

5. Тамырлардың суреті

 

 

27. Жедел одонтогенді периостит кезінде қандай анатомиялық (құрылымы) түзіліс қабыну үрдісіне ұшырайды?

1. +Сүйек қабы (надкостница)

2. Сүйек

3. Губка тәрізді зат

4. Пародонт

5. Шырышты қабық

28.Төменде көрсетілген төменгі жақтың тістерінің қайсысы уақытша тістем кезінде сүйек қабында (надкостница) НЕҒҰРЛЫМ жиі қабынуды тудырады?

        1.+8.5  

        2. 8.4  

        3. 8.3               

        4. 8.1  

            5. 8.2 

 

29.Төменде көрсетілген жоғарғы жақтың тістерінің қайсысы уақытша тістем кезінде сүйек қабында  НЕҒҰРЛЫМ жиі қабынуды тудырады?

   1.+ 5.5

   2. 5.4

   3. 5.3

   4. 5.1

   5. 5.2

30. Төменде көрсетілген жоғарғы жақтың тістерінің қайсысы тұрақты тістем кезінде сүйек қабында  НЕҒҰРЛЫМ жиі қабынуды тудырады?

   1.+ 1.6

   2. 1.4

   3. 1.3

   4. 1.1

   5. 1.5

31. Төменде көрсетілген төменгі жақтың тістерінің қайсысы тұрақты тістем кезінде сүйек қабында  НЕҒҰРЛЫМ жиі қабынуды тудырады?

   1.+ 4.6

   2. 4.5

   3. 4.4

   4. 4.3

   5. 4.2

32.Кіші жастағы балаларда қандай тіс жоғарғы сол жақтың жедел одонтогенді периоститінде инфекция және сенсибилизация көзі  болып табылады?   

  1. 6.1

  2. 6.2

  3. 6.3

  4. 6.4

  5.+ 6.5

 

33. Жедел одонтогенді периостит кезінде төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жиі анықталады?

1.+Алтын стафилококк

2. Анаэробтар

3. Стрептококктар

4. Пептострептококктар

5. Бактероидтар

 

34. «Жедел іріңді однтогенді периоститке» қандай анықтама НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 

          1. Жақтың губка тәрізді затының жедел серозды қабынуы

      2. Сүйек тіндерінің барлық элементтерінің қабыну үрдісі

      3. Жақтың альвеола өсіндісінің дистрофиялық үрдісі

      4. Сүйектің барлық элементтерінің жедел серозды қабынуы

      5.+ Жақтың сүйек қабының жедел іріңді қабынуы

 

35. Төменде көрсетілген балалар организмінің қандай ерекшелігі балалардың жақ сүйектерінің біріншілік-созылмалы патогенезінде НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып келеді?

  1. Жақтың бай васкуляризациясы

  2. Жақтың бай иннервациясы

  3. Жоғары репаративті қасиеті

  4. Сүйек қабығының қатпарларының қанмен қамтамасыздануы

  5. +Сүйек қабығының жаңа қатпарларының түзілісіне маңызы

36.Периоститтің қандай түрімен ағзасының реактивтілігі төмен балалар НЕҒҰРЛЫМ жиі ауырады?

1. Жедел жалқықты

2. Жедел іріңді

3.+Біріншілік-созылмалы

4. Рарифицикациялық

5. Гиперпластикалық

 37. Лимфа түйіндері негізгі қызметі жағынан не:    

1. Қанды шығаратын орталық ағза және иммунды қорғау

2. +Қанды шығаратын перифериялық ағзалар және иммунды қорғау

3. Ретикуло-эндотелиальды жүйесімен шығарылады

4. Эндокринді жүйенің ағзалары

5. Гистиоцитарлы жүйеден шығады

 

38.  Төменде көрсетілгеннақтамдардың қайсысылимфа тамырларының қабынуына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. +Лимфангоит

2. Лимфаденит

3. Периаденит

4. Аденома

5. Лимфангиома

39. Төменде көрсетілген қызметтердің барлығы лимфа тамырларына сәйкес келеді, ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы:

1. Қанды шығаратын

2. Қорғаушы

3. Тосқауылды

4.+Эндокринді

5. Иммунологиялық

 

 

40. 2 жастағы баланың мойнының жоғарғы бөлігінде бірнеше күн бұрын пайда болған «шарик» тәрізді түзіліс сипап анықталды. Анамнезінде – респираторлы аурумен ауырған.

Қарап тексергенде: мойынның оң жақ шетінде диаметрі 2 см  түзіліс бар, терімен және жанындағы тіндермен қосылмаған, оның үстіндегі терінің түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Қандай болжам нақтам НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Мойынның бүйір кистасы

2. Созылмалы гиперпластикалық одонтогенді лимфаденит

3.+Жедел серозды одонтогенді емес лимфаденит 

4. Жедел іріңді одонтогенді емес лимфаденит

5.  Мойынның созылмалы спецификалық  лимфадениті

 

41. Балалардың жақ-бет бөлімшесіне 2 жастағы баласымен анасы оң жағынан мойнының ісінуіне шағымданып келді. Анамнезінде: бір апта бұрын жедел респираторлы аурумен ауырған.Қарап тексергенде: мойынның оң бүйір бетін сипап тексергенде көлемі 1,5х2,0, ауырмайтын, айналасындағы тіндермен байланыспаған, тері жамылғысының түсі өзгермеген, қатпарға жиналатын түзіліс анықталды.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Мойынның бүйір кистасы

2. Созылмалы гиперпластикалық одонтогенді лимфаденит

3.+Жедел серозды одонтогенді емес лимфаденит 

4. Жедел іріңді одонтогенді емес лимфаденит

5.  Мойынның созылмалы спецификалық  лимфадениті

 

 42. 9 жастағы қыз балаға: «3.6 тістен дамыған сол жақ жақасты аймақтың жедел іріңді одонтогенді емес лимфадениті» деген нақтам қойылды. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 

1.  36 тісті жұлу

2. Антибактериальды терапия

3.  Ауыз қуысын ас содасымен шайқау

4. Қабынуға қарсы терапия

5.+ 36 тісті емдеу, абсцессті ашу

 

43. Балалар жақ-бет аймағының бөлімшесіне 7 жастағы баласымен анасы оң жағындағы жақ асты аймағының ісінуіне, жоғары температураға шағымданып келді.Қарап тексергенде: оң жағындағы жақ асты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы, сипап тексергенде ауырады, ісінудің үстіндегі тері жамылғысы қызарған, тартыып тұр. Ауыз қуысында: 3.6 тістің сауыт аймағының ½ бөлігі бұзылған, қағып тексергенде ауырады.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

  1. қабынуға қарсы терапия
  2. ауыз қуысын шайқау
  3. +асбцессті ашу
  4. түбір өзегі арқылы іріңді шығару
  5. тісті жұлу

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.