Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Атқарылған жұмыс мазмұны



 

Күні Атқарылған жұмыс мазмұны Ескертулер
  13.06.2016 Мен бүгін«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті »Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Медицина орталығына сағат 7. 30 да оқу-өндірістік тәжірибемді өту үшін келдім . Киімімді ауыстырып сағат 8 00да аға мейірбике кабинетіне келдім.   Мені аға мейірбике Мариа Александровна 2 қабаттағы Тамырлы хирургиялық бөлімшеге бөлді .Ол бөлімнің аға мейірбикесі Мейрамгуль Смагуловна бізді бөлім  құрылысымен мейірбикенің жалпы міндеттерімен жұмыс істеу ережесіме, құжат журналдармен және құжат жасаумен таныстырды.. Бұл бөлімде: Посттан Дәрігерлер бөлмесінен Аға мейірбике бөлмесінен Кафедра меңгерушісі бөлімінен Шауашылық мейірбике бөлмесіен Емшара бөлмесі Палаталар Асхана Орап таңу бөлмесі Дәретхана бөлмелерінен тұрады.   Бірінші күнімді орап таңу бөлмесінен бастадым.Мейірбикенің нұсқауы бойынша жалпы тазалық жасадық.   Дайындап алдық : 3 шлабра, 3 шүберек ,3 шелек, жуғыш ерітінді ,дез ертінді, таза су , сүртетін шүберекті. Іс- әрекет алгоритімі: 1 .Барлық құрал жабдықтарды ортасына жинадық артық заттарды бөлменің алдына шығарып қойдық. 2.Жуғыш ертіндіні 1 м кв 300мл таза суменараластырдық 3.Барлық заттардың жуғыш ертіндімен сүрттік. 4.Қабырға терезе есік еденді дайындап алған жеке жеке шүберекпен шлабрамен сүрттім.   5.Жуғыш ертіндімен жуып болғаннан кейін дез ертіндімен жудық дәл осындай алгоритм бойынша дайындап алған шелектермен . 6.Дез ертіндімен болғаннан кейін таза сумен шайдык. 7.Заттарды орындарына қойып кварц шамын 30 минутқа қостық.   Жалпы тазалық жұмысын біткеннен кейін біз мейірбикемен бірге таңу жасауға қажетті құралдарды биксті жинап заласыздандырылған үстел жасауға кірістік   Залалсыздандырылған үстел жасау Дайындап алдым :Халат ,антисептик,бикстағы керекті жабдықтарды ,латокты, 70 % этиль спиртін . Іс- әрекет алгоритімі : 1.Қолымызды жуып кептіріп антисептикпен өңдедік арнайы халат кидік; 2.Залалсыздандыру орталығынан келген бикстарды ашып ақ жайманы алдық.  3.Үстелдің үстіне кушеткаға залалсыздандырылған ақ жайманы жаптық. 4.Ақ жайманың үстіне орап таңуға қажетті құрал жабдықтарды жинадық. 5.Бикстің ішіндегі бинттерді жеке залалсыздандырылған латокқа үстіне ақ жайманы жайып салфеткаларды қойдық. 6.Кушетканың үстіне де ақ жайма жаптык . 7.Кушетканың қасындағы арнайы үстеліне үлкен және кіші латок қойдық. 8.70 % этиль спиртін және дайындап салфеткалар тұрған үстелдің шетіне қойдық. 9.Салфеткалардың қасына мақта шариктерін қойдық. 10.Дайындап болғаннан кейін дайындаған үстелдердің бетін ақ жайманың екінщші жағымен жауып оларды қысқыштың көмегімен қысып қойдық 11.Осылай мейірбикенің көмегімен залалдандырылған үстел жабдықтадым. Үстел жабдықтап болғаннан кейін белгіленген уақытта науқастарға таңу жасауды бастадық. Мен мейірбикеге таңу жасауға көмектестім .Жардан алынған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастадым.Қолданылған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салдым. Таңу аяқталғаннан кейін орап таңу бөлмесін жинастырып ,залалсыздандыру орталығына жіберетін ақ жаймаларды,салфеткаларды жинап, арнайы арналған бикстарға бөліп салдым. Биксқа заттарды орналастыру ; Дайындап алдым:Бикс, индикатор: қызыл ,көк,залалсыздандыру орталығына жіберетін заттарды. Іс -әрекет алгоритімі : 1.Қолымды жудым . 2.Биксті сүрттім. 3.Бикска ақ жайма жайдым. 4. Ақ жайма астына көк индикатор салдым . 5.Салфеткаларды тігінен ,нығыздамай орналастырдым . 6.Ортасына индикатор салдым. 7. Салфетканың үстіне ақ жайманы жаптым. 8.Ақ жайманың үстіне индикатор салдым . 9.Биксті жаптым . Осылай барлық заттарды орналастырдым .Орталық залалсыздандыру бөлімшесіне апардым. Тәжірибе уақытым аяқталды , сырт киімімді ауыстырып үйге қайттым. Сандық есеп
Атқарылған жұмыстар Саны
Колды жуу
Жалпы тазалык жүргізу
Залалсызданған үстел жасау
Биксті дайындау
Биксті ОЗБ апару

 

 

 

 

 

Күні Атқарылған жұмыс мазмұны Ескертулер
  14.06.2016ж   Тәжірибемді сағат 800-ден бастадым.Емшарада  қортынды тазалық жұмысын жавель абсалют 0,015% бойынша жасадым. Алгоритм бойынша қолымды жудым. Кейін 30 минутқа кварц шамын қостым. Мейірбикенің нұсқауы бойынша науқастарға тағайындаған дәрілерін, флакондарын дайындауға көмектестім. Смыкова К. Д/з:Холецистит Көк тамырға тамшылатып дәрі енгізу Глюкоза енгіздім Дайындап алдым: қолғап,жүйе ,дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді,резеңке бұрау,жастықша,штатиф,мақта шариктерін,70% этиль спиртін. Қолымды жақсылап жуып, кептірдім. ü 70% Этиль спиртімен залалсыздандырдым, резенке қолғаптарды қолыма кидім. ü Шкафтың ішінен ерітіндісі бар флакондарды шығардым. Жүйе қапшығының бүтіндігіне, қолдану мерзіміне қарап, дұрыстығын анықтадым. ü Флакондағы дәрінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып тексердім. ü Флаконның аллюмини қақпағын ашып, спирттелген мақта шаригімен өңдеп, дез ерітіндіге малынған пинцетпен аштым. Резенке тығынын спирттелген мақта шаригімен өңдедім. ü Бұрау қысқышты тауып, жүйенің қысқа жағындағы инеден қапшығын шешіп, инені флаконның резенке тығынына кіргіздім. ü Флаконды аударып, штативке орнаттым. ü Бұрау қысқышты ашып, ұзын түтікшені ерітіндіге толтырдым. Ішіндегі ауа түгел шығып және ерітінді жүйе басынан тамшылауын тексердім. ü Бұрауды жауып, штативке екі лейкопластырь, резеңке бұрауды, жастықшаны дайындадым. Осы ереже бойынша бірнеше ерітінді дайындап ерітінді құрастырдым және мейірбикемен бірге науқастарға көк тамырына иньекция жасадым. Ол үшін науқасты төсегіне ыңғайлы етіп жатқызып, шынтағының астына кленка көпшік салдым, алақанын жоғары етіп ашып, иық сүйегінің орта жеріне көйлек жеңінің үстінен резеңке бұраудың тұзағын төмен қаратып, көк тамырдан ісік көрнетіндей етіп тартып байладым. Иньекция жасайтын жерді спирттке малынған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай сүртіп өңдедім. Иньекция жасайтын иненің қалпағын шешіп науқастың тамырының қабырғасын тестім. Инеден қан көрінгенде резеңке бұрауды шешіп, науқастың жұдырығын аштым да, системаны инеге жалғап, иненің үстінен лейкопластрьмен бекіттім, үстінен салфеткамен жаптым. Тамшының ағу жылдамдығын дәрігердің айтуынша бұрамалы қысқыш арқылы реттедім. Науқастың жалпы жағдайын қадағалап отырдым.   Асылбеков .М. 25.04.1963ж Д/з:хронический геморрой Дәрілік зат :кетанол   Бұлшық етке инекьция жасау. Дайындап алдым: Дәрігер тағайындаған дәрілік затты ,шприц,мақта шариктерін,70%этиль спирт. 1) Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таныстым. 2) Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәлімет бердім. 3) Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектестім: 4) Науқасты қырымен жатқыздым 5) Иньекция жасайтын жерді киімнен босаттым 6) Иньекция жасайтын жерді анықтадым. 7) Саусақпен басып, түйін және қатаюы болмауын қарадым. 8) Стандарт бойынша шприцті құрастырдым. 9) Гигиеналық деңгейде қолды жуып, тері антисептигімен қолымды өңдедім. 10) Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцкесорып алдым,шприцті бір рет қолдануға арналған ораудың ішіне салдым. 11) Қолғапты тері антисептигімен тазарттым. 12) Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен иньекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартым. 13) Оң қолға шприцті алдым 5 саусақты иненің канюласынан; 2 саусақпен шприцтің поршенін ұстадым; 1 3 4 саусақтарымды цилиндрге қойдым. 14) Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен иньекция жасайтын жердің терісін көріп бекіттім. 15) Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне ине енгіздім. 16) Сол қолымды поршенге көшіріп, 2 және 3 саусақтармен шприцтің цилиндрінің жиегінен ұстап, 1 саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіздім. 17) Тері антисептигіне суланған мақта шаригін иньекция жасаған жерге қойдым. 18) Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алдым. 19) Теріден мақтаны алмай тұрып, иньекция жасаған жерге жеңіл уқалауды жасадым. 20) Шприцтерді мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контнйнерге салдым. 21) Қолымды жуып кептірдім.  Осылай емшара бөлмесінде халі ауыр операциядан кейін тамақ қабылдай алмайтын науқастарға көк тамырға тамшылатып дәрілік ертінді глюкозаны 8 науқасқа енгіздім және ол біткеннен кейін оны жинап қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастадым .  Сандық есеп  
Атқарылған жұмыс Саны
Қол жуу
Қолғап киу
Көк тамырға дәрілік ертінді енгізу
Бұлшық етке дәрілік ертіндіні енгзу
Қорытынды тазарту жұмысы

 

 

 

 

Күні

Атқарылған жұмыс мазмұны

Ескертулер


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.