Лекция 8.. Тақырыбы: Жиынтықты сипаттайтын негізгі параметрлерді әртүрлі жолдармен табу.. Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны. Лекция 9. Тақырыбы: Репрезентативтіліктің теориясы. Бас ж
Лекция 8.
Тақырыбы: Жиынтықты сипаттайтын негізгі параметрлерді әртүрлі жолдармен табу.
Мақсаты:Түрлі белгілердің көрсеткіштерін табудың әртүрлі жолдарымен танысу
Кілттік сөздер:Белгілердің әртүрлілігін көрсететін көрсеткіштер, орташа квадраттық ауытқу, сигма, варианса, лимиттер, вариация коэффициенті, өзгергіш амплитудасы.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны
1) Берілген топтастырылған қатарлардың статистикалық көрсеткіштерінің есептеудің тікелей әдісі.
Егер варианттар класс бойынша топтастырылса және жиілікпен сипатталса, онда арифметикалық орташасы мына формуламен анықталады Xср = SfX , мұндағы Х – кластың маңызы. .
n
Онда варианса және орташа квадраттық ауытқу үшін жұмысшы формулалар мыналар:
SfX2- (SfX)2
n
σ 2= ----------------------- ;
n – 1
SfX2- (SfX)2
n
σ = √ -----------------------
n – 1
2) Берілген вариациялық қатарға біріктірілмеген статистикалық көрсеткіштерді анықтаудың тікелей емес әдісі.
Бұл жағдайда орташа шамаға жақын келетін шартты мөлшерді - А алу керек. А көлемдері есептеуді қысқарту үшін толық болу керек. Келесіде шартты ортадан ауытқуды есептеп шығарады. Арифметикалық орта шаманың түпкілікті формуласы х =А + b ( b түзетпе).
Варианса және орта квадрат ауытқу үшін қолданылатын формулалар:
∑ (Хi -A) 2- n (Х -А)2
σ 2= ----------------------------
n - 1
∑ (Хi -A) 2- n (Х -А)2
σ = √ ----------------------------
n - 1
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Белгілердің әртүрлілігін көрсететін көрсеткіштерді атаңыз. 2. Вариация коэффициентінің маңызы. 3. Гаусса формуласы. 4. Әртүрлілік дәрежесі дегеніміз не? 5. Орта квадраттық ауытқуды қалай есептейді?
Лекция 9
Тақырыбы: Репрезентативтіліктің теориясы. Бас және жеке жиынтық туралы ұғым.
Мақсаты:Репрезентативтіліктің теориясы мен бас және жеке жиынтық туралы ұғымдарды таныстыру.
Кілттік сөздер:репрезентативтілік, таңдамалы бірлік, жеке жиынтық, бас жиынтық рендомды сұрыптау.
|