Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырабы: Өзгергіштік және оның әдістерін зерттеу.



Лекция 2

Тақырабы: Өзгергіштік және оның әдістерін зерттеу.

Мақсаты:Өзгергіштік типтерімен, биометриядағы негізгі түсініктерімен, мәлеметтреді жазу ережелерімен таңыстыру. Вариациялық қатарларды құруды үйрету.

Кілтті сөздер:варианта, жиілік, сандық, сапалық өзгергіштік, вариация.

Негізгі сұрақтар және қыскаша мазмұны:

1). Өзгергіштік , варияция типтері.

    Өзгергіштік деп – туыстас бір топқа жататын особьтардың арасындағы айырмашылықты айтады. Өзгергіштік барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол сыртқы орта жағдайларының әсерінен (модификациялық өзгергіштік) немесе организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өзгеруі әсерінен (мутациялық және комбинативтік өзгергіштер) пайда болады.

Табиғаттан сандық және сапалық өзгергіштіктер байқалады. Сандық өзгергіштіктерге: масақтағы дәндердің әртүрлі саны, өсімдіктегі жемістердің саны, тауықтың жұмыртқаларының саны, сиырдың сүттілігі саны, тұқымдағы белоктар мен майлардың әртүрлі мөлшері т.б. мысал бола алады.

Сапалық өзгергіштіктерге: өсімдік гүлдерінің сан аулан түстері, формалары, жемістердің дәмі, өсімдік жапырақтарының немесе жануарлар терілерінің сан аулан түстері т.б. мысал бола алады. Көпшілік жағдайда сапалық өзгергіштікті сандық өзгергіштіктерге айналдыруға болады, мысалы, гүлдердің түсі ондағы белгілі пигменттің мөлшеріне және клетка шырынының қышқылдық дәрежесіне тәуелді, ал жемістердің дәмі олардағы қанттардың, қышқылдардың және пектин заттарының мөлшеріне байланысты т.б. Бірақ мұндай әдістерді жиі қолдануға болмайды. Өйткені ол жұмысты мүлде қиындатып жібереді. Биометриялық әдістердің көмегімен өзгергіштіктің осы екі түрінде (сандық, сапалық) зерттеуге болады.

Сандық өзгергіштік санаулармен, өлшеулермен немесе химиялық талдаумен зерттелінеді. Өзгергіштіктерді үзілісті және үзіліссіз деп ажыратады. Үзілісті өзгергіштіктер санау жолымен зерттелінеді және осылайша аталу себебі зерттелетін особътардың арасындағы айырмашылық әр уақытта 1-ден кем болмайтын бүтін сандар арқылы белгіленеді (Бидайдың масағында 10,15,46 және т.б. дәндер болуы мүмкін, бірақ 10,5 дән болуы мүмкін емес).

Үзіліссіз өзгергіштіктер өлшеулер, химиялық талдаулар жасау жолымен анықталады. Мұндай жағдайларда зерттелінетін сандық белгілер бүтін сандар арқылы да және бөлшек сандар арқылы да беріле алады. Өлшеу неғұрлым дәліректеу болса, зерттелген объектілердің арасындағы айырмашылықтар да солғұрлым аз болады.

2). Мәлеметтерді жазу ережелері, вариациялық қатарды құру.

Белгілердің сандық көрсеткіші варианта немесе дата деп аталады және v немесе х – пен белгіленеді. Вариантардың төменнен жоғарыға өсіп немесе жоғарыдан төменге кеміп орналасу тәртібі вариациялық қатар құрайды. Вариациялық қатар құру үшін максимал және минимал варианттар табылады да, олар белгіленеді. Біздің мысалымызда минимал варианта 12, максимал варианта 20. Минимал вариантамен максимал вариантаның арасындағы айырма өзгерудің тербелу өрісі немесе өзгергіштіктің шайқалу шегі деп аталады.

Белгілі бір іріктеуде әрбір вариантаның неше рет кездесетіндігін көрсететін сан жиілік деп аталады және f әрпімен белгіленеді.

Вариациялық қатарды графика арқылы бейнелеу вариациялық қисық деп аталады. Вариациялық қатардағы ең көп кездесетін вариантаны мода деп атайды. Вариациялық қатардың ортасында орналасқан варианта медиана деп аталады. Мода Мо, ал медиана Ме белгілерімен белгіленеді. 

Өздік бақылауға арналған сұрақтар:1. Вариациялық қатар дегеніміз не? 2. Экспликация дегеніміз не? 3. Полигонды орналасу дегеніміз не? Көптөбелі қисықтардың пайда болу себептері. 4. Өзгергіштік дегеніміз не?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.