Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тігін цехындағы жабдықтар



1.3. Тігін цехындағы жабдықтар

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетттік университетіндегі
«ТӨ ж ЖӨБТ» кафедрасында орналасқан тігін цехындағы құрал-жабдықтары.

1-кесте. Тігін цехындағы құрал-жабдықтар            

                                                                                                                                    

  Құрал-жабдықтардың атауы   Саны   Маркасы
Өнеркәсіптік тігін машинасы Typical
Мұғалімге арналған үстел -
Ілуге арналған шкаф -
Тумбалы шкаф -
Үтіктеуге арналған тақтай -
Офиске арналған үстелді лампа -
Кресло -
Орындық -
Үтік -
Дистиляцияға арналған аппарат -
Айна -
Үстел -
Өрт сөндіргішке арналған шкаф -
Телевизор HARPER 48 FO 540    

         Қол жұмыстарын орындау үшін мынадай құрал-саймандар қолданылады: қол инелер, оймақ, қайшы, сантиметрлік таспа, сәнмүсін, лекалолар,түйрегіштер, борлар, және тағы басқалары. Ерлер мен әйелдерге арналған сыртқы және жеңіл бұйымдарды әзірлеудің сапасы көбінесе құрал-саймандарды дұрыс таңдауға байланысты. Құрал-саймандарды бұйымды әзірлейтін матаға және орындалатын жұмыс түрлеріне сәйкес таңдайды.

Қол инелеріұшы үшкір, түзу, сырты жылтыр және өлшемге сай болуы тиіс.Қол инелерінің диаметрлері, ұзындықтары және құлағы қажетті өлшемге сай болуы тиіс. Қол инешамшындарға және тігімдерге нөмірлері 1-12, диаметрі 0,6-дан 1,8 мм-ге дейінгі, ал ұзындығы 35-тен 80 мм-ге дейінгі инелер қолданылады. Ине бұйымының және маталардың түріне байланысты таңдалады.                                                                                                              

Оймақматаны инемен шаншыған кезде саусақты зақымданудан сақтауға арналған. Оны оң қолдың орта саусағына кигізеді. Оймақтар түбі бар оймақ және түп тіреуіші жоқ болып бөлінеді.

Жеңіл киімдерді тігуге түбі бар оймақ, қалың киімдерді тігуге түп тіреуіші жоқ оймақ қолданылады. Нөмірі 8, 10, 12 оймақтар ер адамдарға, нөмірі 2, 3, 4, 5, оймақтар әйелдерге арналған.

Тігін өндірісінің көпшілігінде маталарды пішу процесі автоматтандырылған, сондықтан қайшыны тек бөлшектердің шетін және жіптерді қию үшін қолданады. Жеке тапсырыстағы киімдерді дайындағанда қайшыны маталарды пішу үшін де пайдаланады.

Тігін өндірісінде қолданылатын қайшылардың 8 нөмірі бар. Қайшы өнделетін матаның түріне және орындалатын операцияға байланысты таңдалады. Қайшылыр оңай ашылып жабылуы тиіс. Жіптердің ұштарын кесу үшін арнайы қайшылар қолданылады.

Сантиметрлік таспадециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік бөліктерден тұратын жұмсақ таспа, ол адам денесінің өлшемін алуға және бұйым бөлшектерін өлшеу үшін қолданылады.

Сәнмүсін – бұйымдарды өндеуде және дайын түрде дұрыстығын тексеруге арналған құрал.

Лекалолар (сызба-үлгілер)қатты қағаздан қиылған бұйым бөлшектері болып табылады. Олар лекал – эталон, жұмыстық және көмекші лекало болып бөлінеді.

Бор – пішу және өлшеу кезінде сызықтарды, белгілерді түсіруге арналған құрал.

Сызғыштігін өндірісінде бұйым бөлшектерінің сызбаларын жасағанда, сонымен қатар тігін бұйымдарын пішу және дайындау процесінде қолданылады.

Түйреуіштержеңіл киімді дайындау процесінде бөлшектерді беттестіріп, олардың жылжып кетпеуі үшін және бұйымды өлшеу кезінде конструктивтік сызықтарды анықтап дәлелдеу үшін қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.