|
|||
Тігін цехының тарихы және құрылымыСтр 1 из 6Следующая ⇒
МАЗМҰНЫ 1.3. Тігін цехындағы жабдықтар..............................................................................10 2 Тері-былғары өңдеу комбинаты.......................................................................10 2.1. «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер сипаттамасы...................................10 2.2 Былғары және тері шикізаттары.........................................................................14 Қорытынды...............................................................................................................16
Кіріспе Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу). Ұлғаю, негізінен, машинамен немесе қолдан тоқылған сыртқы трикотаж киімдер, тоқылмаған материалдар, фетра және киіздер, машинамен немесе қолдан тоқылған трикотаж свитерлер, жемпірлер, пуловерлер, кардигандар, жилеттер және машинамен немесе қолдан тоқылған трикотаж бұйымдар, бас киімдер мен қалпақтар шығару есебінен болды. Ал төмендеу – ірі қала малдың немесе жылқы тектес жануарлардың терісінен жасалған жүнсіз және табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киім аксессуарлары мен бас киімнен басқа өзге де бұйымдар, аяқ киімдер өндірісінде байқалады. Сондай-ақ Mimioriki, Семирамида (SMD), LadyLike, Қуат, Textiline, Zibroo, ҚазСПО-N бұл атаулар – тәуелсіз елімізде қалыптасқан отандық киім-кешектің брендтері. Сапасы мен бағасы жағынан ТМД кеңістігінде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеген жеңіл өнеркәсібіміздің бұл субъектілері бүгіндегі Украина, Ресей, Беларусь секілді мемлекеттердің тапсырмасымен жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуының алғышарты болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400-450 мың тонна мақта шикізаты жиналады. 130-170 мың тонна мақта талшығы, 15-27 мың тонна жүн және 7,5 миллион дана тері шикізаты өндіріледі. Әлемдік тауар нарығына иірілген жіппен мата, киім-кешек экспорттауға да мүмкіндік бар. «Қазақстанда қазір 37,6 мың тонна төңірегінде жүн өндіріледі, соның 7 мың тоннасы басылған жүн өнімдерін өндіруде қолданылатын жіңішке талшықты биязы жүн. Соның 2 мың тоннадайы ғана Қазақстанның ішінде өндіріледі де, қалғанының бәрі Қытай мен Ресейге шығарылады. Сарапшылардың айтуынша, отандық кәсіпорындар бұл биязы жүннен техникалық, авиациялық және теміржолға қажетті киіздер, басқа да басылған киіз өнімдері мен киіз үй, байпақ, арнайы аяқ киім, мамық, топс және тағы сондай өнімдер өндіріп, экспортқа шығарулары мүмкін, алайда сол шикізат жетпейді», - дейді KAZNEX INVEST. Экспорт және инвестиция мәселелері жөніндегі Ұлттық агенттіктің атқарушы директоры Ғазиза Шаханова. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы, тиімді, жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Осы мақсатта жұмыс істеп жатқан еліміздегі кәсіпорындар түрлі жағдайларға байланысты әр қалада орналасқан. Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады. Ал былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасқан. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізге орталықтары – Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Оқу-тәжірибенің міндеті: Кафедрамен танысу; Семей былғары-тері зауытына барып, мағлұмат жинау; Іс-тәжірибелік есеп жазу, өткізу.
1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1. Тігін цехының тарихы және құрылымы
Аталмыш шеберхана Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» және 2015 жылғы ҚР халқына жолдауында көрсетілгендей, техникалық кәсіби мамандарды тігін оқыту тапсырмасына сай келеді. Бұл жобаның 88-қадамында былай делінген “Жалпыға ортақ еңбек қоғамы” идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, “Жалпыға ортақ еңбек қоғамы” идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады. Әр саланың шыңы кішігірім қадамнан басталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқымызға және елімізге кішігірім қадам жасауына көмек беруі арқасында университетімізде тігін цехы ашылды. Бұл тігін шеберханасы заманауи техникалық жабдықтармен қамтылған. Оған дәлел шеберхана ішінде өнеркәсіп тігін машинасы, дайын манекен, үстел шамдары, үтік, өрт сөндіргіш, телевизор (HAPPER 48 F0540), т.с.с. қажетті құрал-жабдықтар бар. «Тігін машинасында ЖӨБТ және құрастырылуы» мамандығына «ЖӨБ құрастырылуы мен жобалау» арналған тігін өнімдері өндірісін жобалау, «ЖӨБ құрастырылуы мен модельдеу негізі» және т.б. пәндер оқытылады. Зертхана туралы ақпараттық деректер: 4. Зертхананың алып жатқан аумағы: 33,64 м2 ;
1.2.Тігін цехындағы техника қауіпсіздік ережелері Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі. · Шашты орамал астына жинау; · Көз бен бұйым арақашықтығы 30-40 см болу керек; · Қайшыны белгілі бір жерде сақтау; · Үтікті құрғақ қолмен өшіру; · Үтікті термоизоционалды тұғырдың үстіне қою; · Іс машинасын аяқ қойғыштан аяғын алып, бірақ өшіру; · Жұмыс орнын қалпына келтіру (реттеу). Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әр түрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Техникалық шаралар: төмендету. Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары: қызметкер жұмыс басталардың алдында: 1) оқушы өзіне қажетті орамал мен алжапқышты киеді, оның қалталарында ешқандай да құралдар мен саймандар болмауы қажет; 2) журналдан оның жай - күйі туралы жазбаны қарап алдыңғы ауысымнан жабдықты қабылдайды; 3) жағатын, сөндіретін, тежегіш құрылғыларға аса назар сала отырып жабдықтың жарамдылығын тексере отырып, барлық үйкелген бөліктерді майлайды; 5) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді және дабыл нүктесін іске қосады; 6) машина жарамсыз болған жағдайда цех шеберіне баяндайды және жарамсызды жөндемейінше жұмысқа кіріспейді. Жұмыс уақытындағы техника қауіпсіздігінің талаптары: жабдық іске қосылып тұрған кезде: 1) дұрыс қойылмаған матаны немесе басқа жартылай фабрикатты түзетуге; 2) тесмаларды түзетуге және кигізуге; 3) жабдықты тазалауға, майлауға және ондағы кез-келген олқылықтарды жоюға; қызметкер жұмыс аяқталарда: 1) машинаны тоқтатады, басқарудан ажыратады; 2) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және орындалған жұмыстың жай-күйі туралы күнделікке жазып машинаны шеберге тапсырады; 3) жалпы енгізу өшіргішін сөндіреді; 4) арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және жеке қорғаныс құралдарын шешіп жеке шкафқа қояды. Апаттық жағдайлардағы техника қауіпсіздігінің талаптары: апаттық ахуалдар мен жазатайым жағдайлар кезінде "тоқта" түймешесін басу немесе жалпы енгізу өшіргішін сөндіру арқылы машинаны дереу тоқтату керек. 2) моторлар мен жабдықтар ұшқындаған кезде; 3) қатты діріл кезінде; 4) электрэнергия беру тоқтаған кезде. Өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын техника қауіпсіздігінің талаптары: Жұмыс аяқталғаннан кейін цехқа келуге жол берілмейді.
|
|||
|