|
|||
ткізу тәртібі мен шарттары3. Өткізу тәртібі мен шарттары 3.1.Фестиваль 2015 жылдың 01 қыркүйегі мен 2016 жылдың 31 мамыры аралығында өткізіледі. 3.2. Фестивальді дайындау мен өткізудегі ұйымдастыру жұмысын басқару және жүзеге асыру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті әділқазылар жұмысын ұйымдастырады. 3.3.Фестиваль бағдарламасы келесі конкурстарды өткізуді қарастырады. 1. Әдістемелік әзірлемелер конкурсы - қараша-желтоқсан 2015ж. 2. «Үздік презентация» конкурсы - қаңтар –ақпан 2016ж 3. «Педагогикалық қоржын» конкурсы - сәуір –мамыр 2016ж 3.4. Ұйымдастыру комитеті жұмыстарды алдын-ала іріктеу кезеңінен өткізеді және оларды қазылар алқасына талқылауға ұсынады. Сараптау кеңесі ұсынылған жұмыстарды алғашқы сараптау негізінде басқа номинацияға жібере алады. 3.5. Конкурстың қазылар алқасы жұмыстарды бағалаудың ақтық кезеңін өткізеді, бекітілген номинацияларға және тәртіпке сәйкес Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.. 3.6. Конкурстық жұмыстарды бағалау белгілері: ұсынылған материалдардың оқу бағдарламаларының мазмұнына арақатынасы, оқу –әдістемелік материалдарды әзірлеу барысындағы саралап жіктеу тәсілі,бақылау – бағалау жүйесінің болуы, негізін қалаушы дидактикалық қағидаттарға сәйкестігі, міндетті құрылымдық элементтердің болуы, жұмыстың рәсімделуі. 3.7. Фестиваль-байқауға қатысу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды жіберу қажет: 1..Бекітілген үлгі бойынша қатысушының өтінім -сауалнамасы (1-қосымша) 2. Жұмыс авторының қысқаша мінездемесі (1 беттен аспауы тиіс) 3. Жұмысқа аннотация (4-5 сөйлем) 4.Презентация, сурет, кесте, диаграмма, үлестірме материалдары түрінде қосымшалар (егер қажет болған жағдайда) 5.Байқау жұмыстары номинация талаптарына сәйкес әзірленуге міндетті (2 қосымша) 6.Қатысушы фотасы (дискдегі электрондық нұсқасы, формат jpeg) 7. Рецензия (3 қосымша) 8.Байқау материалдары мен қосымшаларының электронды нұсқасы (CD, DVD форматы R немесе –RW,: Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Word 2010 нұсқасы) міндетті түрде, СD-дискідегі қатысушы фотосы ( 1қосымша) 9.Ұйымдастыру жарнасы -800 тг. 3.8..Шығармашылық ұжымдар мен жеке тұлғалар ұсынатын материалдар, яғни білім беретін оқу бағдарламалар немесе оқу – әдістемелік материалдар жүзеге асырылып жатқан білім беру ұйымдары басшыларының қолымен және мөрімен куәландырылады. 3.9.Әрбір конкурстық құжаттар пакетіне құжаттар тізімдемесі көрсетілген хат қоса жіберіледі, онда ұйымның толық аты мекен-жайы, басшы немесе конкурстық материалдарға жауапты тұлға туралы толық мәліметтер беріледі. 3.10.Конкурстың облыстық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер мен материалдар, ұйымдастыру жарнасы ұйымдастыру комитетіне жіберіледі. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, С. Ерубаев көшесі, 44 үй, 306 кабинет, БмЖС «Әдістемелік вернисаж» байқауы немесе пошта аударымы арқылы Жанабаева Лайла Бирмановнаның атына жолдауға болады. konkursy.ddu@yandex.ru Телефон: 8 (7212)42-30-58. 3.11.Конкурстық жұмыстарды облыстық ұйымдастыру комитетіне пошта арқылы бандерольмен жіберуге болады, жіберілген жұмыстардың электронды нұсқасы міндетті түрде қосымша ретінде берілуі тиіс.Конкурстық жұмыстардың авторлары жіберілген жұмыстарды тіркеуге алу туралы мәліметтерді сұрауға құқылы. 3.12.Облыстық ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен, сондай-ақ қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық материалдар қарастырылмайды. 3.13. Байқауға ұсынылған әдістемелік материалдар қайтарылмайды, пікір жарияланбайды. Ұйымдастыру комитеті байқау қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстарды әдістемелік жинақтарға, БмЖС сайтына авторға сілтеме жасай отырып, жариялауды өз құзырлығына қалдырады.
|
|||
|