Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХIII ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ «ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕРНИСАЖ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ЕРЕЖЕСІ



ХIII ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ «ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕРНИСАЖ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы ереже қосымша білім педагогтері арасындағы «Әдістемелік вернисаж» атты XIII  ашық Облыстық фестивальді  өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі-Фестиваль)

1.2.Фестиваль  аймақтың білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін әдістемелік өнімдерді дайындау арқылы әдістемелік қызметте педагогикалық қоғамның озық тәжірибелерін тарату мен жинақтау мақсатында жүргізіледі.

1.3.Фестивальдің негізгі міндеттері:

1) білім алушылардың сапалы жаңа білімдік нәтижеге жетуге бағытталған жаңа оқу-әдістемелік материалдарын құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру;

2) облыстағы балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету жай-күйі туралы шынайы ақпарат алу;

3) балаларға арналған қосымша білім беру жүйесінің кәсіптік қызметін жетілдіру үшін еңбек етіп жүрген педагог қызметкерлерін анықтау, олардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету;

4) оқу-әдістемелік кешендерінің базасын қалыптастыру.

1.4.Фестивальдің  негізгі қағидаттары: ашықтық, бағалау белгісінің айқындығы, алқалық шешім қабылдау, барлық қатысушылар үшін үшін шарттардың теңдігі.

1.5.Фестиваль Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды экономика университетінің қолдауымен, КМҚК «Балалар мен жеткіншектер сарайының» ұйымдастыруымен өткізіледі.

 

2. Байқаудың қатысушылары

 

2.1.Фестивальға балаларға арналған түрлі үлгідегі қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады, олардың жас ерекшеліктері мен жұмыс өтіліне шектеу қойылмайды және техникалық талаптарға сай келетін авторлардың әдістемелік жұмыстары қатыса алады.

2.2.Фестивальға облыстық ұйымдастыру комитетіне осы ережеде көрсетілген құжаттар мен материалдарды толық тапсырған және балаларға қосымша білім беретін ұйымдарда оқу-әдістемелік кешендерін жүзеге асыратын  балаларға арналған түрлі үлгідегі қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері жіберіледі.

2.3.Әрбір қатысушы фестивальдің бірнеше номинациясы бойынша жұмыстар ұсына алады. Байқау материалдары бір немесе бірнеше авторлардан болуы мүмкін.

2.4.Фестивальдің  қатысушысын тіркеу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне тапсырылған осы ережеде көрсетілген құжаттардың толық жинағы негіз болып табылады.

2.5. Зияткерлік меншікке фестиваль қатысушыларының құқықтарын сақтауды байқаудың облыстық ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

2.6.Облыстық конкурсқа ұсынылған оқу-әдістемелік кешендерді тарату және баспа бетінде жариялау авторлардың келісімі бойынша жүзеге асырылады



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.