Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Орташа кариес.. Түпкі кариес.. Б) Асқынған кариес (пульпит, периодонтит)



• Орташа кариес.

Үшінші кезеңінде кариес тереңдей бастайды. Дентинді зақымдайды. Тістің зақымдалғаны айқын білініп тұрады. Ауруды сезіну жиілеп, қарқындай және ұзай түседі. Орташа кариесті емдеу үшін тістің зақымдалған бөлігі алынып, дәрі-дәрмектермен өңделіп, пломба орнатылады.

• Түпкі кариес.

Емделмей қалған тістің зақымдалуы пульпалық дентинге жеткенде, түпкі кариес кезеңі басталады. Емдеу амалдары тістің зақымдалған бөлігі алынып, дәрі-дәрмектермен өңделіп, минералдануға қарсы тұратын дәрмектер жағылып, пломба орнатылады. Енді осы кезеңде емделмей қалса, дентин әрі қарай бұзылып, тіс пульпасы (жүйкесі) зақымдалып — пульпитке, оның нәтижесінде периодонтитке апарып соқтырады.

Б) Асқынған кариес (пульпит, периодонтит)

Аталған жіктеме барысында үрдістің жүру тереңдігі ескеріледі, бұл емдеу әдісін таңдау үшін маңызды.

Бірінші кезеңдегі жай кариесті тек стоматолог анықтай алады. Ал екінші кезеңдегі кариес сезіле бастайды, тіс жиі ауырады. Осы кезде ауруды үшінші кезеңіне жеткізбеу үшін пайда болған тесікті тез емдеу қажет.

Үшінші кезеңдегі кариес инфекциясы дентинге тереңдеп өтіп, жүйке тамырлары орналасқан пульпаға дейін барады. Түпкі кариестен пульпит дамып шығады. Ол кездегі ауруды сезіну ауырлайды, самай, көз, құлақ қосылып ауырады. Кариестің салдарынан үштік жүйкелер қабынуы мүмкін.

Жалпы кез-келген кариозды ауыз қуысы – бүкіл ағзаға таралатын инфекцияның қайнар көзі.

Беткі, орташа және түпкі кариесті емдеген кезде зақымдалған ұлпалар алынып, оның орнына кариозды ауыз қуысына пломба орнатылады.

Кариесті емдеудің кең таралған тәсілі - пломба орнату болып табылады. Біздің емханамызда дәрігерлер жаңа сапалы пломбалық материалдарды (арнайы емдік төсем-оқшаулағыш және пломбалық материал) пайдаланады, олар тістің бүтіндігін жыл бойы ұстап қана қоймай, тістердің әсем көрінуіне жағдай жасайды. Тіс кариесін емдеу лайық пломбалық материалды таңдау (пломбалық материалдардың барлық түстері бар) және пломбаны өңдеумен аяқталады. Емдеу барысында ауыртпай емдейтін қазіргі заманғы стоматологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Оның үстіне ауырсындырмау тәсілін емдеуге және пациенттің күйіне қарай таңдайды.

Егер кариестің белгілерін байқасаңыз –мазасызданбаңыз. Бүгінгі таңда кариес емделетін ауру түрі. Алайда ұлпаның әбден зақымдалуына дейін жеткізбей дәрігерге уақытында көрінген жөн. Біздің мамандарымыз кариесті жаңа ауыртпайтын әдістермен емдеп, кариестің алдын-алуға үйретеді, сізге сай келетін жеке ауыз қуысы гигиеналық құралдарын таңдауға көмектеседі.

Кариесті емдеуді мамандардың қолына сеніп тапсырсаңыз болғаны. Кариесті емдеу неғұрлым ерте басталса, тісіңіздің табиғи қалпы соғұрлым толығымен сақталып, уақыт пен қаржыңызды үнемдейсіз. Емделген сау тіс жасанды тіске қарағанда әлдеқайда артық екенін естен шығармаңыз!

Кариестің алдын-алу ең алдымен дұрыс тамақтанудан, ауыз қуысының гигиеналық күтімінен, жүйелі түрде стоматологқа көрініп тұрудан басталады. Ауыз қуысын дұрыс күту үшін күніне екі рет 3-5 минут тісті тазалап (таңғы астан соң және кешкі астан соң), ауыз шаятын құралдарды пайдалану керек. Сонымен қатар жылына 1-2 рет стоматологтың кәсіби тазарту қызметін алған жөн. Стоматолог сонымен қатар фиссураларды бітеп береді. Фиссура дегеніміз –атыздар мен жырықтардан тұратын түпкі тістердің шайнауға арналған беттері, олар нашар тазаланатындықтан, кариеске алдымен ұшырайды. Бұл атыздарды арнайы бітегіш материалмен толтырады, соның нәтижесінде тістің шайнайтын бөлігі тегістеліп және кариестен қорғалады.

Сонымен әдемі көрінгіңіз келсе, алдымен тістеріңіздің саулығын ойлаңыз. Тістері жарқыраған әдемі жымиып тұрған адам айналасындағылардың назарын еріксіз өзіне аударады. Сыртқы келбетіңізді ажарландырып қана қоймай, табысқа, адамдармен дұрыс қарым-қатынастар орнатуға жетелейді!

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.