Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рдістің тереңдігіне қарай жіктеу



 

Терапия

Ең кең таралған ауру - кариес. 100 адамның 99-ы ол туралы жақсы біледі.

Терапия - ауыз қуысының аурулары мен оларды емдеу тәсілдерін зерттейді. Терапевтік стоматологияда тістердің аурулары кариоздық және кариоздық емес деп бөлінеді. Ең көп таралғандары - кариес, пульпит, периодонтит.

Кариес – бұл тістің бұзылуы, ол тістің құрамындағы минералдық заттардың еруінен басталып, тістің қатты ұлпасының зақымдалуы мен тесіктердің пайда болуымен аяқталады. Кариес —өте көп таралған ауру. Балалар арасында ол созылмалы аурулардың тізімінде бірінші болып тұр.

Кариестің белгілері әртүрлі – мүлдем ауырмауы да мүмкін, салқын немесе тәтті жегенде байқалуы да мүмкін. Эмальдің көзге көрінбейтін ақауынан тістің әбден бұзылуына дейін апарып соқтырады. Әбден түсініп алу үшін, кариестің белгілерін егжей-тегжейлі талдап, қалай дамитынын қарастырайық.

Үрдістің тереңдігіне қарай жіктеу

Тәжірибелі дәрігер үшін топографиялық жіктемесі қолайлы:

А) асқынбаған (жай) кариес

• Даққа айналған кариес кезеңі (кариозды дақ).

Бұл кезеңде тістің эмалі бор дақтарының пайда болуына байланысты түсін өзгертеді. Беті тегіс болып қала беруі мүмкін, өйткені эмаль толығымен бұзылып үлгерген жоқ. Осы кезеңде аурудың әрі қарай дамуына тосқауыл қою керек. Жаңа дамып келе жатқан кариесті емдету әрі жеңіл, әрі арзан, әрі ауырмайды. Бірінші кезеңінде тісті емдеу дақты кетіру тәсілінен тұрады. Содан соң эмальға минералдануға қарсы тұратын дәрмектер (мысалы, натрий фторидінің немесе кальций глюконатының ерітінділері) жағылады.

• Беткі кариес.

Келесі кезеңде уақытында емделмеген бор дағы қатпарланады. Бұл жердегі тіс ыстық, салқын тамақ тигенде ауырып, тәтті мен қышқыл дәмдерге төзе алмайды. Тістің түбіндегі кариесті емдеу үшін тіс ауданы тегістеліп, содан соң алдыңғы кезеңдегі емдеуге ұқсас, эмальға минералдануға қарсы тұратын дәрмектер жағылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.