Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүктіліктің І үшайлығында жүктілік мерзімін анықтауда ең нақты мәлімет беретін биометрия параметрі.



25. Жүктіліктің І үшайлығында жүктілік мерзімін анықтауда ең нақты мәлімет беретін биометрия параметрі.

\ құйымшақ-төбе өлшемі

 

 

26. Шағымы: іштің төменгі жағында күшті ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, дизуриялық бұзылыстар, іштің кебуі, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністің бөлінуі. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит, 4 жылдан бері ЖІЗ қолданады. Тексеруде: ішастар тітіркену белгісі оң мәнді. Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. БҚА: С реактивті белок оң мәнді. ЖЗА: өзгеріс жоқ. Жүктілікті анықтауға арналған тест теріс мәнді. УДЗ нәтижесі: жатыр артқы кеңістігінде бос сұйықтық анықталады, жатыр қосалқылары ұлғайған, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер. Сіздің диагнозыңыз.

Төменгі жамбас қуыс ағзаларының қабынбалы ауруы

 

27. Шағымы: вульва аймағындағы түзіліс, жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну жіне дискомфорт сезімі. Гинекологиялық тексеруде: вульва аймағында беті тегіс түзіліс, гиперемия, ісік, флюктуация анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз.

бартолин безінің кистасы

28. Шағымы жыныс мүшелерінің қышуы, күдіру сезімі, жыныс жолдарынан бөліністің бөлінуі. Кольпоскопияда: вульва және қынап шырышты қабатының тегістелуі, жұқаруы, контактылы қан кету, вульва және қынап эпителиінің жұқаруы, Шиллер сынамасында біркелкі емес боялуы. Қынаптық бөліндіні цитологиялық зерттеуде базальды және парабазалды қабат жасушаларының анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.

Атрофиялық вульвит/вагинит

29. Науқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз.

\бактериалды вагиноз

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.