Ойлау дағдыларының деңгейі
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы
| Ойлау дағдылары
ның деңгейі
| Тапсырмалар сипаттамасы
| Сұрақтар түрі
| Түсіну және жауап беру
| Білу және түсіну
| - әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі;
- әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;
- өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;
- ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;
- әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;
- түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.
| Көп таңдауы бар сұрақтар
| Анализ және интерпрета
ция
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
| - хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды;
- жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;
- кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды;
- пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;
- білім, білік және дағдыларды қолданады;
- терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.
| Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
| Бағалау және салыстыру
| Жоғары деңгей дағдылары
| - өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;
- түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;
- шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;
- әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;
- фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады;
- жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;
- құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;
- композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.
| Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
|