Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Су электр станциясының құрылымы және жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз



4.Су электр станциясының құрылымы және жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз

Су тасқынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы деп аталады.Олар су энергиясы көздеріне жақын жерлерде өзендерде,теңіз жағалауларының маңайына салынады.Су электр станциясының жұмысы гидравлика және гидродинамика зандарына негізделген

Су электр станициясының қуаты тқмен қарай аққан су тасқынының секундтық шығынына және жоғарғы су қоймассы мен төменгі қойманың су деңгейінің қашықтығына ,яғни судың қысымына байланысты,

Судын қысымын көбейту үшін жасанды гидротехникалық ғимараттар салынады.Жазық жердегі өзен суының қысымы бөгеттермен (плотина),ал таулы жерде әдейі айналдыра салынған арнамен (каналмен) көбейтіледі.

Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.