Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Атом электр станциясынының структуралық құрылымы,жұмыс жасау принципін түсіндірініз



5.Атом электр станциясынының структуралық құрылымы,жұмыс жасау принципін түсіндірініз

Атом электр станцияларында (АЭС) кейбір ауыр элементтер ядросын нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарап,ыдыратқанда туатын энергияны немесе термоядорлық реакциялар энергиясын пайдаланады.

ТМД –да қазірдің өзінде өте қуатты АЭС-ы жұмыс істейды,Мысалы ,Запорож АЭС-ының қуаты -4000МВт,Курск АЭС-ының қуаты-4000МВт,Ленинград АЭС-ының қуаты 4000МВт, Балаков АЭС-ының қуаты-3000МВт,Калинин АЭС-ының қуаты -2000МВт т,ю

Атом электр станциясында электр энергиясын өндіру жылу электр станцияларының сұлбаларымен бірдей дерлік.

Экономикалық көрсеткіштері жағынан атом электр станциялары жылу электр станцияларына қарағанда біршама төмен; алайда оларды жергілікті отын ресурстарымен жабдықтай алмайтын жерлерде салғанда, атом электр станциясындағы 1 кВт сағ энергия құны ЖЭС-тің құнынан артық емес.

Атом электр станцияларының өзіндік мұқтаждары жұмыс барысында асқан сенімділікті талап етеді. Міне, сондықтан көпшілік мақұлдаған жылу электр станцияларының өзіндік мұқтаж қондырғылары резервтеуден басқа, атом электр станцияларында резервті (сенімділік) дизель - генератор қондырғылары, ол кәдімгі өзіндік мұқтажды қамсыздандыру жүйесін шапшаң түрде қосуға қол жетпеген жағдайда іске қосылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларында аккумулятор батареясын орнату ісі қарастырылды, ал ірі атом электр станцияларында тұрақты ток қозғалтқыштары бар өзіндік мұқтаждың жауапты тұтынушыларын жабдықтайтын екі батареяны қою ісі жүзеге асырылады.

Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар қондырғыларының ерекшеліктері - атом электр станциясы технологиялық процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.

Ал, екінші контур бөлігінде өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей. Атом элекгр станцияларының ерекшеліктері:

1.Географиялық кез-келген жерде, соның ішінде таулы жерде салынады.

2.Сыртқы қатардағы факторлардан тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы.

3.Отынның шығыны аз мөлшерде.

4.Тынушылардың ерікті графигімен жұмыс істеуі мүмкін.

5.Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам нейтронмен жұмыс істейтін болса.

6.Атмосфераны бәсеңдеу ластайды, радиоактивтік газдары мен аэрозолы шамалы, санитарлық мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы, ЖЭС-нан көбірек болып шығуы мүмкін.[1]

Атом элетр станциясының ұстанымдық сұлбасы I. Реактор. 2. Жылу алмастырғыш. 3. Негізгі айналма насос. 4. Турбина. 5. Электр генераторы. 6. Салқындатқыш (конденсатор). 7. Қоректендіру сорғысы

Қуаты 210МВт блокты атом электр станциясында энергияны өндірудің технологиялық сұлбасы 1. Реактор. 2. Пайдаланылган стерженьдерді сақтайтын бассейн. 3. Арнайы кассеталар. 4. Бу генераторы. 5. Негізгі айналма сорғысы. 6. Бірінші контурды қоректендіру сорғысы 7. Турбинаның жогары қысымды бөлігі. 9. Электр генераторы. 10. Салқындатқыш. 11. Салқындатқыш судың айналма сорғысы. 12. Турбинаның салқындатқыш сорғысы. 13. Төменгі қысымды су жылытқышы. 14. Деаэратор. 15. Қоректендіру сорғысы. 16. Жоғары қысымды су жылытқышы. 17. Жылу жүйесіндегі сорғы. 18. Бойлер. 19. Химиялық тәсілмен суды тазалау құрылғысы. 20. Конденсат суы. 21. Салқындатқыш айналма су. 22. Жылу желісі (торабы).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.