Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРУ



ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРУ

Электр Қуаты-Өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару үшін пайдаланылады. Қуаттың басқа түріне карағанда электр қуатының көптеген колайлы жақтары бар. Оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы тасымалдауға болады.

ЭНЕРГИЯ (грек. Energeia – әсер, әрекет) – материя қозғаласының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып отырады. XIX ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерді ғана айналатындылығы анықталды; осы жағдайда «Энергия» ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физткалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік береді. «Энергия» ұғымы сақталу заңына бағынады. Энергия туралы түсінік мәңгі двигательжасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайды болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің нәтижесіндеғана орындалатыны анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталады. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар.

Жер бетіндегі адамзаттың тіршілігі үшін әркез жылу мен қуат қажет. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жылдар бойы ормандар кесіліп, жер қойнауындағы табиғи байлық пайдаланылып келді.

Дегенмен, жер қойнауындағы көиір, мұнай мен газдың қоры бір күні таусылары анық. Мәселен, «World Fact» кітабы авторларының пайымдауынша, әлемдегі мұнай қоры 2052 жылы таусылса, ал 2065 жылға қарай газ қорының да түбі көрінеді. Табиғат байлығының арқасында қамсыз күн кешіп отырған адамзат сонда не істейді? Бұл сұрақ бүгінде барлық елдерді алаңдатып отыр. Сондықтан баламалы энергия көзін іздестіріп, күннен, судан, желден қуат ала бастады. Дегенмен, әлемде күн сайын жұмсалатын энергияның басым бөлігін табиғи қорлар қамтамасыз етіп отыр.

Көмір, мұнай мен газ – энергияның жаңартырмайтын қоры болғандықтан, ол күндердің күнінде таусылады. Ал су, жел, кун сәулесі – жаңартылатын энергия көзі. Жалпы, желдің энергиясын адамзат ежелден бері пайдаланып келеді. Жел диірментерінің орта ғасырларда кең таралғаны белгілі. Оның өндіретін қуат күші үлкен болмаса да, адамдардың қажетіне жарағаны анық. Өткен ғасырдың 40-70 жылдары тұрақты түрде тоқ беріп тұратын желілердің дамуына байланысты, жел энергиясына деген қызығушылық төмендеген. Тек 80-жылдары АҚШ-та жел энергиясы өндірушілер үшін салықтық жеңілдіктер жасалғаннан кейін өндірушілер бет бұра бастады. Бүгінде жел генераторларының түр-түрі бар. 2012 жылғы деректерге сүйенсек, әлемдегі жел генераторларының қуаттылығы 282 ГВтт құраған. 2009 жылдан бері жел энергетикасының қуаттылығы 60-40 гигаваттқа артып отыр. Бұл АҚШ, Үндістан, Қытай, Германия елдеріндегі жел энергетикасының қарқынды дамуымен байланысты. Әлемдік энергетикалық қауымдастықтың мәліметі бойынша, бұл көрсеткіштер жылдан жылға көтеріліп келеді. Қазіргі кезде жел генераторларының басым бөлігі Еуропада орналасса, үштен бір бөлігі Азия елдеріне тиесілі. Қазақстанның географиялық орналасуы желден энергия алуға үлкен мүмкіндік береді. Осы бағытты дамытуға Үкімет те үлкен мән беріп, бесжылдық бағдарлама қабылдаған. Соның аясында ірі-ірі жел генераторлары орнатылып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда желдің орташа жылдамдығы 6 м/с асады. Сондықтан желден алатын қуат қорын 1 триллион киловатт/сағатқа бағадап отыр.

1839 жылы ғалым Александр Эдмон Беккерель фотогальваникалық әсерді ашқан соң, кун энергиясын падалану зерттеле бастады. Ал 44 жылдан соң Чарльз Фриттс кун энергиясын қолданатын алғашқы құрылғыны құрастырды. Әлем тарихында 1883 жыл күн энергетикасы дәуірінің туған жылы болып есептеледі. Содан бері әлемде күн сәулесінен қуат алу қарқынды дамып келеді. Қазақстан 2024 жылға қарай пайдаланылатын қуаттың 5 пайызын күн энергиясынан алуды жоспарлап отыр. Дамыған елдерде бұ көрсеткіш қазірдің өзінде 2-5 пайызды құрайды. Күннен энергия алу ауа-райының құбылуына тікелей байланысты. Қазақстан аумағында күннің шығуы 2200-3000 сағат деп есептелінеді. Осы уақыт аралығында өндіріс ошақтарын біршама қуат көзімен қамтамасыз етуге болады. Ал су электрстансаларынан өндірілетін қуат көзі елде падаланылатын энергияның 10 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен, әлем ғалымдары басқа да энергия көздерін табуға ұмтылып жатыр. Мәселен, олар үлкен мұхиттердағы толқындардан туындайтын энергияны пайдаға жаратуға болады деп тұжырымдайды. Теңіз толқындарында ірі-ірі қалаларды қамтамасыз етуге жететін қуат көзі бар. Енді тек оны алудың жолын қарастыру қажет. Осы мақсатта Орегон штаты университетеінің ғалымдары Анетта Фон Жоан мен Аланом Уоллесс арнайы құрылғы ойлап тапқан. Фон жоанның айтуынша, теңіз толқынынан туындайтын энегрияның, өзге қуат көздеріне қарағанда артықшылығы көп. Өйткені толқынның қалай тербелетінін алдын ала болжануға болады және ондағы қуаттың тығыздығы желдікінен 50 есе жоғары көрінеді. Толқын энергиясын теңіз жағалауында орналасқан елдер тиімді пайдаланады. Мәселен, Ұлыбритания, Ирландия сынды елдерде пайдаланылатын электор тоғындағы толқыннан алынатын энергияның үлесі 5 пайызға дейін жетеді. Дегенмен, бұнда да өндірілетін қуаттың тұрақсыөдығы мен қоршаған ортаға әсері мәселесі туындайды. Өйткені авторлардың өздері саяз жерлерге қойылатын толқын генераторларының судағы тіршілік иелеріне кері әсері болуы мүмкін екендігін мойындады.

Қуат алуға болатын тағы бір қор – биомасса. Жаңартылатын энергияның тиімді көзі болып табылатын биомасса қоры барлық елдерде кездеседі. Кейбір деректер оны тиімді пайдалана алса, үлкен өндірістерге кететін энергияның 8-10 пайызын қамтамасыз етуге жететінін айтады. Өйткені жыл сайын жер бетінде 120 миллиард тонна құрғақ органикалық заттар түзіледі. Оның энергетикалық құндылығы 400млрд. тонна мұнайға тең келеді. Қазіргі уақытта әлем бойынша жаңартылатын энергия көздерінен алынатын энергияның басым бөлігі биомассаның үлесіне тиеді. Жоғарыда айтылған қуат көздерінен бөлек, ғалымдар бактериялар арқылы энергия алуға талпынып жүр. Ағынды суларда жиналатын бактерияларды суды тазалауға кететін қуат көзі ретінде пайдалануға болады. Пенсильвания университетінің профессоры Брюс Логанның бұл жаңалығы көптеген қолдаушыларын тапқан.

Дерек пен дәйек:

1. Қарапайым электр шамындағы қуаттың тек 10 пайызы ғана жарық жұмсалады екен. Қалған тоқсан пайызы жылу шығарады.

2. Қазіргі кезде көп қолданылатын люминесцентті шамдар қарапайым шамдарға қарағанда қуат көзін 80 пайызға аз тұтынады.

3. Әр минут сайын жер бетіне түсетін Күн сәулесінен әлемді жыл бойы қамтамасыз ететін қуатты өндіруге болады.

4. Әлем бойынша тұтынылатын қуаттың төрттен үш бөлігі пайдалы қазбалардың үлесіне тиесілі.

5. Кейбір деректер 2030 жылға қарай қуат тұтыну көлемі 55 пайызға артады дейді.

6. Google іздеу жүйесі 100 сұранысты табу үшін 60 ваттық шамның 28 минут бойы жанып тұруына қажетті қуатты пайдаланады.

7. Жер қойнауындағы мұнайдың 2/3 бөлігін әлемдегі 10 мемлекет өндіреді. Тізімнің басында, Сауд Арабиясы тұр.

8. Ғимараттарды жылумен, тоқпен қамтамасыз ету үшін жұмсалатын қуаттың 30 пайызы тиімсыз пайдаланылады.

9. Ең алғашқы электрстансасы 1882 жылы тұрғызылған. Ол алғашында 85 үйді электр энергиясымен қамтамасыз еткен.

10.  Көмірді жаққан кезде пайда болатын энергияның үштен бірі ғана тұтінушыға қуат болып жетеді.

Айта кеті керек, жаңартылатын энергияның құны әзірге дәстүрлі энергия көздерінен қымбат болып тұр. Алайда табиғи қорларын болашақ болашақ үшін сақтап отырған елдер баламалы энергия көздерін дамытуға үлкен мән беруде. Қазақстанда 2017 жылы өтетін EXPO-ның тақырыбы ретінде «болашақтың энергиясы» алынуы тегін емес.

Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану – жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің улесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. Қазақстанның климатық жағдайы – күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,3 миллиард киловатт/сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оын компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Алматы энергетикасы және байланыс университетінің, Шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары жасап шыққан бұл тақта күннің энергиясын үнемдеп қана қоймай, оны энегрияның басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты назарында. Баламалы энергия көзін өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі – желдік роторлық турбина. Оны Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде отандасымыздың еңбегі вертикальды роторлы турбина Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Оны Ресей, Қырғызстан және Корей елдері пайдалуда. Себебі алыс жерлерге электр энергиясын жеткізу өте қиын болғандықтан, алыс аймақтарға вертикальды роторлы турбиналар қою өте ыңғайлы.

Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік бертіні сөзсіз. Сондықтан, баламалы энегрия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.

 

Электр қуатын шаруашылықтың көптеген салаларында пайдаланады. Қуаттың басқа түріне қарағанда электр қуатына деген сұраныс жыл өткен сайын артуда. Сол себепті де электр қуатын өндірудегі жетістік шаруашылыктың басқа түрлеріне карағанда біршама алда жүруі тиіс. Қазақстанда электр стансасының 3 түрі колданылады; Жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді:

· конденсациялы

· жылу электр орталықтары.

Конденсациялы стансалар тек қана электр қуатын өндіреді.

Мұндай стансалар электр қуатымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан да оларды мемлекеттік аумақтық электр стансалары (МАЭС) дейді. Бұл стансалар барлық өндірілетін электр қуатының 1/2 бөлігін береді. Конденсациялы стансаларды қосуға көп уақыт қажет (орта есеппен 5 сағат). Сондықтан оларға жыл бойы бірқалыпты жұмыс жасап тұру кажет. Тоқтатқан жағдайда электрмен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады. Конденсациялы стансалар отын көзіне, суға жақын орналастырылады. Жылу электр стансаларының келесі түрі жылу электр орталығы (ЖЭО). Бұл жерде электр қуаты мен жылуды өндіру жинақталған. Стансаның мұндай түрі отынды пайдалану коэффициентін конденсациялы стансаға қарағанда екі есеге ұлғайтады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСI — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi;ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экон. және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өз-нiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр ст-н салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр ст-ның құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту з-ты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын з-ты iске қосылды. 1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергет. қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты. Жалпы электр ст-лары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады: бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр ст-лары салынып, алғашқы энергет. тораптар пайда болды. Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр ст-ларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергет. жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергет. базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергет. жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр ст-лары (АСЭС) салынды. Ертiс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр ст-лары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр ст-ларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр ст-ларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қ. э. ж. 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергет. қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңт. және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.

ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемл. монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр ст-лары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания ("КЕGOC” ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акцион. компаниялары (АЭК АҚ) құрылды. Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi: ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке; бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы; электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру; рынок субъектiлерiнiң аймақаралық ("КЕGOC” ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу. Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қ-ның маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.

Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар мин.) тарапынан мемл. бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия "КЕGOC” ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.

Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Респ. электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.

ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi: iрi электр ст-лары шет елдiк компанияларға тиесiлi, кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi; кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.

Қазақстанда қазiр энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергет. шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергет. көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi (қ. 1 — 2-кестелер).

Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Бат. және Солт. аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңт. аймағында (Алматы, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл-тары) жеткiлiктi бастапқы энергет. қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.

2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергет. жүйесiнiң (БЭЖ) Солт. бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орт. Азияның энергет. жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.

Республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерiлдi.

Қазақстан өзендерiнiң су энергет. әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңт. Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң тех. әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ

Жылу электр стансасы - жылуды 20 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан, қалаларда орналастырады. Жылу электр стансалары шамадан тыс көмірқышқыл газын бөліп шығаратындықтан, қоршаған орта ластанады. Электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты электр желісімен тасымалданады (ЭЖТ). Белгілі бір ауданға энергия қаншалықты қажет болса, соншалықты электр қуатын жеткізе алады. Сондықтан да жылу электр қуатын отынға және тұтынушыға жакын орналастырады. Электр стансасының келесі типі - су электр стансасы республикамыздағы электр қуатының, ең арзан түрі. Яғни ағынды судың қуаты адамның қатысуынсыз алынады және отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі.

Су электр стансалары

Су электр стансаларындағы қызметшілер саны (100-150 адам) жылу электр стансаларына карағанда екі есе аз. СЭС-ның тежегіштерін уакытша тоқтатып, қажет кезде қайта қосуға болады. Экологиялық тұрғыдан алғанда ауаға лас заттарды бөліп шығармайды, бірақ айналасының ландшафтысың белгілі бір деңгейде өзгертеді.

Су электр стансасын салу жылу электр стансасына карағанда ұзакқа созылады және қымбатқа түседі. Электр қуатын жыл бойы бір қалыпты өндірмейді, сонымен бірге тек қана су коймасы толғаннан кейін өндіреді. Су электр стансалары өзендерде салынатындықтан, табиғат жағдайына тәуелді. Кейбір жағдайларда бір өзеннің бойында бірнеше СЭС-ын немесе каскад СЭС-ын орналастырады. Каскадтар судың ағысына қарай жоғарыдан темен сатылап орналасып, судағы қуатты толығымен өндіріп алуға арналып салынған. Кемелерді өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге отырып, су торабын құрайды.

Су торабын салудың экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тигізетін зияны да бар. Үлкен аймақты су басуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарды басқа жаққа қоныстандыру үшін қомақты қаржы қажет болады. Яғни ірі су электр стансаларын салғанда жоғарыдағы көрсет- кіштерді ескеру қажет

Атом электр стансалары

Республикамызда электр стансасының үшінші типі - атом электр стансасы 1973 жылы Ақтау қаласында салынған. Станса шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін АЭС іске косылды. Екібастүз МАЭС-1 үшін (4 млн кВт) жылына 200 мың вагон отын қажет, ал АЭС үшін — небәрі 10 вагон жұмсалады. АЭС-ның тиімді жақтары көп. Отынды аз пайдаланады, атомдық отынды тасымалдау оңай болғандықтан кез келген жерде салуға болады. Бірақ АЭС салу үлкен сақтықты қажет етеді.

1986 жылы Чернобыль АЭС- ында (Украина) болған апаттан кейін көптеген елдер АЭС салудан бас тартты, кей елдер мүлдем жауып тастады.

АЭС — жоғары технологиялық өндіріс байланысындағы ауыр түйін. Оны атомдык отын циклі немесе атом энергетикасы деп атайды. Атомдық отын цикліне уран кенін өндіру мен өңдеу, АЭС-на отын дайындау, оларға электр қуатын өндіру, атом қалдықтарын өңдеу және көму жатады. СЭС-ы мен ЖЭС-ы арзан электр қуатын береді. Ол дегеніміз айналасында электр қуатын көп тұтынатын өнеркәсіптерді шоғырландыруға мүмкіншілік береді. Арзан отынның және су қуатының нәтижесінде электр қуатын өндіру энергетиканы дамытудың негізгі принципі. Электр стансалары мен электр қуатын жеткізу желісі біріге отырып, энергия жүйесін құрайды. Энергожүйе тоқтаусыз ұдайы электр қуатын жеткізіп беруде шешуші рөл атқарады.

1997 жылы өте жоғары электр тасымалдау желісі іске қосылып (ЭТЖ), екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни қазір жеке Қазақстандық энергия жуйесі қалыптасты. Бірақ республикамыздың барлық аумағын қамти қойған жок.

Республикамыздағы энергия жүйесің дамыту әлі күнге дейін жалғасуда. «Солтүстік-оңтүстік» ірі ЭЖТ (электр желісімен тасымалдау) салынуда. Сонымен бірге ЖЭС, СЭС құрылысын салу көзделуде. Олар Шарын, Іле, Ертіс өзені бойында болса, Жоңғар қақпасында жел электр стансасын салу жоспарлануда. Сонымен, мемлекетіміздің экономикасын нығайтуда жетекші орындардың бірін отын-энергетика кешені алып отыр. Оны көмір өнеркәсібі бастаса, электр қуатын өндіру ісі жалғастырып отыр.

Қазақстанда 2015 жылы электр қуатын өндіру сағатына 100 миллиард киловатқа жететін болады, деп хабарлады үкімет басшысының орынбасары Әсет Исекешев.

Исекешевтің мәліметінше, «2010 жылдың нәтижесі бойынша, Қазақстанда өндірілген электр қуаты сағатына 82 миллиард киловатты құраған».



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.