Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балалардың ойлауын дамыту



Балалардың ойлауын дамыту

Мұғалім балаларға білім беру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Төменгі сыныптан бастап жас балалардың оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздерін жауап табуға үйрету керек. Мұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетімен жасайтын болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының дербес ойлануына мүмкіндік берген жөн. Алайда баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.

Ойлауды дамытуда оқудың алғашқы жылынан бастап-ақ машық жүзінде еркін және арнаулы тақырыпқа жазылатын шығармалар, есеп құрастыру, оның оңай жолын тауып шығару сықылды шығармашылық еңбектің маңызы зор.

Балалар мектептен тыс кезінде көптеген хабарлармен таныс болуы қажет (радио, теледидар, кино, жанұядағы әңгіме, кітаптар). Мұғалім төменгі сынып оқушыларына сабақ өткізгенде оқулықта жазылғандармен ғана шектеліп қалмауы керек. Рас, кейде дамыған заманымызда ғылым мен техниканың біздің өмірімізге не әкелетінін балалар дұрыс ұғынып түсінетіндей етіп, әңгіме өткізген де жақсы, білім молайған сайын адам ақыл-ойы дамитындығын есте ұстауы керек.

Ойлау ой әрекеті процесінде дамитындығын еш ұмытуға болмайды және балаларды логикалық сын көзбен қарай отырып, ойлауға үйрету қажет. Оларды атқарған жұмысына өздігінен бақылау жасап, баға бере білу керек. «Неге? Неліктен?» деген сұраққа жауап талап еткенде мұғалім балаларды өз пікірлерін бір негізге сүйеніп, оны іс жүзінде тексеруде дұрыстығын дәлелдеп немесе өз пікірлерінің қате екенін мойындауға үйреткен жөн.

Бастауыш сыныптың өзінде-ақ балалар мұғалімге ғана сұрақ қоймай, өзіне де сұрақ қоюға үйреніп, оған өздігінен жауап беруге тырысып, содан соң өз ойының дұрыстығын іс жүзінде не мұғаліммен әңгімелескенде тексере білудің мәні зор.

 

Орындайтын тапсырмалар:

1. Тақырып бойынша лекциямен танысу.

2. Конспект жазу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.