|
|||
ЛЕКЦИЯ № 4. тақырып:Ойлау мен сөйлеу.Стр 1 из 2Следующая ⇒
Пәні: Психология Топ: 10 ф Күні: 14.05.2020 ЛЕКЦИЯ № 4 1 тақырып:Ойлау мен сөйлеу. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау елестер жеткіліксіз. Біз біле алмайтын заттар, құбылысын тек ойлау арқылы ғана білеміз. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарыныңмиымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелену. Ойлау, қабылдау, елеспен тығыз байланысты.Адамның ойы әркашанда сөз арқылы білдіріледі. Бір адам 2-ші адамға пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп түсінуге болмайды. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамға жеткізетін құрал. Бала тіл шықпай тұрып ойлай алады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауыда жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын практика жүзінде дәлелдеуі тиіс. Ойлау аса күрделі психикалық прогреске оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логикамен психологияның орны ерекше осы екі ғылымның ойлауды зерттеуінде өзіндік айырмашылықтар бар мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болып ычя дамуы, қалыптасу жолын, адамның ойлау ерекшеліктерін, заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нәтижесін, ұғым, пікір, дәлелі ой-формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерінен басталады. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттардың құбылыстық элементтері біріктіріледі.Анализ бен синтез бір – бірімен тығыз байланысты бірінсіз – бірі болмайтын құбылыс. Екеуі бірінен – бірі ажырамайтын ой процесінің компоненттерінің бірі. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру д.а ой операциясы пайда болды. Салыстыруда заттың ұқсастық, айырмашылық, қасиет - і айқындалады. Шындықтағы заттар мен құбылыстары жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Абстракцияға қарама – қарсы процесті нақтылау деп аталады. Нақтылау – абстракциялық ұғымды жеке ұғымдарымен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Жалпылау дегеніміз – бір текті заттың, құбылыстың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы ұғым болып есептеледі. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Шындықтағы зат-ң қарапайым байланысы пікірлер-н көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау, не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ойқорытындылары.Ой қорытындылары дегеніміз-бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару.Ой қорытындыларының 3 түрі болады.1-шісі –дедукциялық,2-сі индукциялық, ал 3-сі аналогиялық ой қорытындысы.д.а. Индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.Түсіну-ойлаудың негізгі белгісі.Адамның ойлауында зат-р мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне,ерекше белгілеріне түсіне білудің маңызы зор.Түсіну арқылы біз заттардың байланыстарын,даму жолын ажыратамыз. Тағы мынандай ұлылардың сөзі бар.Өз ойыңды ақырына дейін анық,ойлап алудың жақсы жолы оны біреуге түсіндіріп айтып көру...Ой анық болу үшін,оны ашық,айқын түрде сөзбен өрнектеп айтып жеткізу керек.
|
|||
|