Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі



2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

Байқаудың І кезеңі онлайн түрде өтеді. 2018 жылғы 23 сәуір-12 мамыр аралығындаконкурсттық видео жұмыстар pedcollege-konkurs-2018@mail.ruаккаунтына жолданылуы тиіс. Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге өткізіледі.

Байқаудың ІІ кезеңі 2018 жылдың 19 мамыр күні сағат 9.00-деЖ.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж қабырғасында өткізіледі.

 Жоғарыда көрсетілген мерзімненсоңтүскен және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты БАҚ-та жариялауға құқылы.

Байқауға қатысу үшін pedcollege-konkurs-2018@mail.ruаккаунтына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1.Толықтай толтырылған өтініш (№1 қосымша осы ереженің ажыратылмас бөлігі), өтініштер (WORD) форматта және тек қана біздің формада толтырылуы керек.

2.Сайыскерлердің тууы туралы куәлігінің (немесе жеке басын куәландыратын құжаттың) көшірмесі. Өтінішпен бірге куәліктер жолдануы керек.

3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар

Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес болуы керек.

Байқауға облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 9 сынып және балалар музыка мектептерінің 15-16 жастағы оқушылары қатыса алады.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

-вокал (жеке дауыста)

-аспаптық жанр (классикалық аспаптар, ұлт аспаптар)

Байқауға қатынасу шарттары:

Байқаудың І кезеңінде әр орындаушы еркін тақырыпта номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсете алады. Қатысушылардың репертуарында кез-келген оркестр, аспапты немесе өз сүйемелденуінде, кез-келген тілде вокалды-аспаптық бола алады. Ән фонограммасыз, акапелла түрінде, табиғи дауыста орындалуы тиіс. Аранжировка, фонограмма қажет емес. Шығарма видеода жоғары сапада жазылуы және орындаушының аты-жөні, шығарманың аты көрсетілуі тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.