![]()
|
|||||||
Бағыңды сынап көр!» өнер байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелеріСтр 1 из 3Следующая ⇒ «Бағыңды сынап көр!» өнер байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер «Бағыңды сынап көр!»өнербайқауыоблыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 9 сынып және балалар музыка мектептерінің 15-16 жастағы оқушылары арасында өткізіледі. Байқау ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды. Байқаудың мақсаты: 9 сынып оқушыларына музыканың түрлі жанрларында өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу. - балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу; - өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу; - ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау. Байқаудың міндеттері: -Баланың бойындағы талант пен дарынын зерттеу, оқушылардың шығармашылығын дамыту; - балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру; -оқушының өзін- өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау; -оқушының ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу; -оқушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру; -жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу; Байқауды ұйымдастырушылар: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің кәсіптік бағдар беру кабинеті. Байқауды ұйымдастырушы әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады. Қатысушылар: 9- сынып және балалар музыка мектептерінің 15-16 жастағы оқушылары.
|
|||||||
|