Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Топырақтың құрамындағы органикалық ластағыштарды физика-химиялық жолмен анықтау



 

ӘЛ-ФAРAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ YНИВЕРCИТЕТІ

 

Геoгрaфия және тaбиғaтты пaйдaлaнy фaкyльтетіНІҢ

МaгиcтaтyрaCЫ

 

ЮНЕCКO тұрaқты дaмy кaфедрacы

 

6М060800- Экология

 

МAГИCТРЛІК ДИCCЕРТAЦИЯ

 

Топырақтың құрамындағы органикалық ластағыштарды физика-химиялық жолмен анықтау

 

 

Oрындayшы        _________   Бауыржан М.. «__» маусым 2016 ж    
Ғылыми жетекші т.ғ.к., аға оқ.  _________       Хамитова Қ. Қ.  «__»     маусым 2016 ж    
Қорғауға жіберілді: Кафедра меңгерушісі б.ғ.д., проф.   _________       Ященко Р. В.      «__»     маусым 2016 ж    
  Aлмaты, 2016    

РЕФЕРАТ

 

Магистрлік диссертация72 бетен, 15 cуреттен,  9 кестеден және 64 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түйін сөздер: топырақ, органикалық ластауыштар, фенол, биотестілеу әдісі

Жұмыстың мақсаты:топырақтың құрамындағы органикалық ластағыштарды физика-химиялық жолмен анықтау. Органикалық ластаушырдың бірі - кең таралған улы фенолды газды хроматография әдісімен анықтау әдістестемесін жетілдіру. Фенолмен ластанған топырақ үлгілерінің улылығын биотестілеу әдісімен анықтау

Зерттеудің міндеттері:

Мaқcaтқa жетy үшін келеcідей міндеттер қoйылды:

1) Алматы қаласында алынған топырақ үлгілерінің мониторингін жасау;

2) Фенолды топырақ құрамында газды хроматография әдісі негізіндегі әдістемесін жетілдіру;

3) Фенолмен ластанған топырақтың ұлылығы биотестілеу әдісімен анықтау

Зерттеу әдістері мен қондырғылар: биотестілеу әдісі, үлгіні автоматты енгізетін Agilent 7683 дозатормен жабдықталған масс-спекрометлі газды хроматограф Agilent 6890N/5973N, аналитикалық және техникалық таразылар

Зерттеу пәні фенолмен ластанған топырақ үлгілері.  Фенол – канцерогенді қосылыс, химиялық өндірісте кеңінен қолданылады және мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамында болатын ароматты көмірсутектердің тотығуы нәтижесінде түзіледі.

Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыс аясында жаңа білімдерді алу және тәжірибелерді өткізу үшін ғылыми әдіс қолданылды. Тәжірибелерді жоспарлау барысындағы бірқатар техникалық мәселелерді шешу үшін инженерлік әдіс қолданылды. Сынамалардан аналиттердің үрдісі бойынша деректерді алу және әдістемелерді шығару үшін газды хромато-масс-спектрометрия әдісі қолданылды.

Жұмыстың практикалық және теориялық маңызы. Фенолды анықтау әдістемесі ірі қалаларда, мұнай өндіру аймақтарында, химиялық кәсіпорындар аймақтарында топырақ мониторингісінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылып отрыған әдістеме қазір қолданылатын әдістемелерден экономика және экология тұрғыларынан асады. Биотестілеу әдісімен топырақтағы фенолдың ұлылығы ақ ұштары  бар қызылды дөңгелек дәндерің өсуіне кері әсер етеді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша топырақ құрамындағы фенолды газды хроматография әдісімен анықтау әдістемесі ұсынылды. Әдістеме қазір қолданылатын әдістемелерден экономика және экология тұрғыларынан асады. топырақтағы фенолдың ұлылығы зерттелген концентрацияларында ақ ұштары бар қызылды дөңгелек дәндерің өсуіне кері әсер ететіні дәлелденді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.