![]()
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсінік хатТүсінік хат Қазақ әдебиеті(оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін) 10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген): жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы; жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады. Пән бойынша оқу жүктемесі: қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты; 11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды. жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты; 11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы. 11 (12) - сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауда ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырады. Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылды. Эссе мазмұнында, ең алдымен, ойды анық және сауатты бере білуі, ақпараттың құрылымы, негізгі ұғымды қолдануы, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алуы, өз көзқарасын дәлелдей білуі бағаланады. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мемлекеттік емтихан эссе түрінде берілді. Әртүрлі мәселелерге қатысты, белгілі бір құрылымға сәйкес топтастырылған он тақырыптан тұрады. Оның бесеуі әдеби тақырыптар, қалған бесеуі еркін тақырыптар. Ұсынылған тақырыптардың тек біреуін ғана таңдау, содан кейін осы тақырыпта 250-300 сөз көлемінде эссе жазу қажет. Эссенің композицясын мұқият ойластыру қажет. Эссені сөйлеу нормаларын сақтай отырып, анық және түсінікті етіп жазу қажет. Емтиханға қатысушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді, афоризмдер жинақтары мен көркем шығармалар мәтіндерін қолдануға рұқсат етіледі.
33-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстары (эссе) мен сыныптан тыс оқудың саны
34-кесте – Эссе көлемі
35-кесте – Эссе мен шығарманың айырмашылығы
36-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары
Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша эссенің сауаттылығы келесі кестеде көрсетілген өлшемшарттармен бағаланады.
37-кесте – Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары
38-кесте – Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау
Назар аударыңыз! Осылайша, эссеге екі баға қойылады: мазмұнына және сауаттылығына. Бірінші баға «Қазақ әдебиеті» пәніне, екіншісі–«Қазақ тілі» пәні бойынша журналға қойылады. Қорытынды баға жылдық және емтихан бағасы негізінде қойылады. Егер мектеп бітіруші таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдаса, әдебиет пәні бойынша алған бағасына емтихан тапсыру барысындағы тестілеу бағасы қосылады. Қорытынды баға жоғарыдағы принцип бойынша қойылады. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз: Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.); Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858 - 1931); Ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл (1843-1913); Ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл (1843-1906); Суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлының туғанына 200 жыл (1818-1881); Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937); 28 қыркүйек –жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейхановтың туғанына 75 жыл (1943 25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл 28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920); 12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл (1928 - 2008); 4 ақпан – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым Әбділда Тәжібаевтың туғанына – 110 жыл 5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938); 22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста 15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл . Оқу – тақырыптық жоспар.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|