Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





мектеп-гимназия»КММ. азақ тілі мен әдебиеті пәнінен. сыныптарға арналған. жұмыс бағдарламасы. Есенаманов Р.У.



«№1 мектеп-гимназия»КММ

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

 9,10,11- сыныптарға арналған

 жұмыс бағдарламасы

 


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-

Есенаманов Р.У.

"Бекітемін"                                                  "Келісемін"                         " Қаралды"      

№1 Г.Орджоникидзе атындағы           Директордың ғылыми-           Әдістемелік бірлестік отырысында

 мектеп-гимназия                                       әдістемелік ісі жөніндегі        Әдістемелік бірлестік жетекшісі-            

 директоры .                                               орынбасары-                              ________ Р.Есенаманов.

 ________ Э.Абишева                               ________            Г.Акжолова         Хаттама №                       

"____" _________ 2018 жыл              « ___» _________ 2018 жыл        "____" _________ 2018 жыл

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

9,10,11-сыныптарға арналған жұмыс бағдарламасы

                                                                                   

 

2018-2019 оқу жылы

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Есенаманов Р.У.

 

 Мазмұны                                                                               Беті

 

 

1.Түсінік хат  

 Қазақ тілі 9сыныптар__________________________      4   

Қазақ әдебиеті 9сыныптар______________________       5   

Қазақ тілі 10-11 сыныптар _______________________ 7 

Қазақ әдебиеті 10-11 сыныптар ___________________ 8                                        

2.Оқу – тақырыптық жоспарлар __________________

Қазақ тілі   9,10,11-сыныптар ____________________ 12

Қазақ әдебиеті 59,10,11- сыныптар_________________   13

3.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау___________

Қазақ тілі 9-сыныптар            ____________________ 15   

Қазақ әдебиеті 9-сыныптар    ________________    16

Қазақ тілі 10-сыныптар     ____________________ 19   

Қазақ әдебиеті 10-сыныптар  ________________    20

Қазақ тілі 11-сыныптар     ____________________ 23   

Қазақ әдебиеті 11-сыныптар    ________________    25

4.Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Қазақ тілі 9,10,11-сыныптар ____________________  32

Қазақ әдебиеті 9,10,11-сыныптар_____________          34

5.Әдебиеттер тізімі ( негізгі және қосымша) ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­______  37

 

 

                                                    Түсінік хат

 

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

9-сыныпта оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы        03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

       Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).

       «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

9-сынып – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы білім алушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарына үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – білім алушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.

       Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

 

23-кесте – Жазба жұмысының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі

 

Жазба жұмыстардыңтүрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І ІІ

ІІІ

ІV

 
Диктант
Барлығы:
               

 

Диктант белгілі бір тақырып бойынша білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.

 

24-кесте – Диктант нормасы

 

Сыныптар Диктант саны Сөздер саны Орфограмма саны Тыныс белгілері
150-170 сөз

 

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;

«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;

«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8)бар;

«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

       «Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.