Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі

Пән:Технология және оқыту әдістемесі

Топ: ДО3Б(11)         Күні: 14.05.2020 жыл            Уақыты: 14.00-14.30

Пән оқытушысы: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы

Сабақ тақырыбы:

Кілем тоқу. Музыкалық аспаптар.
Дәріс мазмұны (дәріс бойынша конспект жазу)

Қарастыратын сұрақтар:

1. Кілем тоқу өнері туралы мағлұмат

2. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

1. Кілем тоқу өнері туралы мағлұмат

Кілем тоқу – қазақтардың ертеден келе жатқан кәсібі. Қанша уақыт өтсе де, кілем тоқу технологиясы көп өзгере қойған жоқ. Өрмекші шебер арқау жіптері мен бой жіптерін іле отырып, біркелкі тегіс кілем тоқиды. Кілемді қыз- келіншектер топтасып тоқыған. Кілем тоқуда ұлттық салт-дәстүрлер сақталған. Қыз балалар кішкене кезінен кілем тоқуды әжесінен, анасынан, әпкелерінен үйренген. Қазіргі кездегі қазақ гобелені- болашағы зор қызықты да көркем туынды. Қолдан тоқылған тұскиіз- гобеленде кілем тоқудың барлық техникалық тәсілі қолданылады. Гобелен- қолдан тоқылған кілем-сурет.Түрлі-түсті жүн және жібек жіптерден бөлек-бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Гобелен кілемі-сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер жаңа өрнектермен қолға алуда. Қазақстанда Гобелен тоқу өнері 20-ы ғасырдың 70 жылдардан бастап қолға алынды. Оның дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, Ә.Бапанов, С.Бапанова т.б.

Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта - мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер СССР, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, СССР - де қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РСФСР (Дағыстан АССР - і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армения және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр - түсті, ою - өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады.

Кілем түрлері

Дүниедегі ең ескі кілем, пазырық кілемі, Алтайда табылған Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.

Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою – өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан - жануарлар бейнесі қолданылады.

Кілем тоқу ісі Әзірбайжанда ерте уақыттан бері қолданбалы сәндік өнердің бірі болды. Археологиялық ескерткіштерге жүгінсек бұл кәсіп әзірбайжанда көне кезде пайда болды. Әзірбайжан кілемдері бұл елдің мақтан тұтатын кәсібі еді. Кілемдер осы уақыттан бері өздерінің бай әрі қанық түстері және бейнелерімен танымал болды. Көптеген ғасырлар бойы әзірбайжан кілемі өзінің ерекшелігі мен ұлттық нақыштылығын жоғалтқан жоқ. Кілем тоқу кәсібінің ерекшелігі әртүрлі орталықтардағы кілемдер бір-бірінен көркемдігімен айрықша болып табылады. Қазіргі таңда 150 түрлі бейнелер қолданылатын кілемдер өндіріледі. Кілемдерді Әзірбайжан ертеден бері әйел адамдар тоқыған. Жүнді дайындау жүйесі жуудан, тараудан, иіру және бояаудан тұрады. Кілемдерді тоқу қыс уақытында жүргізілді, егістік жұмыстары аяқталған соң. Көбінесе тоқу үшін көлденең (едендік) және тік (тықыр) тоқу станоктарын қолданған.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.