Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Ми және психика.



2 тақырып: Ми және психика.

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін қүрайтын іргетас.

Жануарлар мен адамдардың психикалык әрекетінің материалдық негізі -мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармагы бар. Нейрондардьщ тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі (перифериялык) және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өн-бойына _орналасқан .

Жүйке жүйесінің, кызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды пікір айткан - француз ғалымы Р. Декарт (1596—1654). Ол өз еңбектерінде- жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстін биологиялык сипатын ашып көрсеткен -чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820), Ол ғылымға «рефлекс» ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. «Рефлекс»-латын сезі, казақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы- сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің /ағзаның/ жауап қайтару реакциясы.

Ми - психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның кабығында пайда болатын козу мен тежелу - психиканын физиологиялық негізі. Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру - организмнін үнемі езгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінін, мінез-кұлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады.

Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И. П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болатындығын ашып көрсетті.«Сигнал - латын тілінде — «сигнум» - қазақша - белгі, таңба деген сөз. И. П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.

Динамикалық стереотип. Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі «динамикос» - қазақша - қозғалыс жағдайында болу, «стресс тупое» - казақша - қатты таңба деген грек сөздерінен шықкан.

Жоғары жүйке қызметінің заңдары – И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.

Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кездеқозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр. Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді.

 Мысалы, жаңағы «ы», «і» әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организмөмірінде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.

 Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларынмөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды.

Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы.

 И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс – қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді.

Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзегеасып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.

Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. Организм бейнелеуінін, дәлдігі мен тендігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын бейнелеу арқылы калыптасады.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы.

Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол - ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - тіл мен еңбек.

Бейнелеу теориясы неғізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білуден абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психиологияның гносеологиялық негізі болып саналады

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Рэне Декарт. Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске өз еңбектерінде дұрыс көрсетті. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі- қазақша бейнелеу деген мағына білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.Жануарлар мен адамдарда туысынан көптеген рефлексткр болады.

Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М.сеченов болды. Ол өз еңбектерінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғыдан түсіндірді.Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамыта түседі. Ол өзінің көптеген шәкірттерімен бірге 35 жыл бойы рефлекстің жаңа түрін шартты рефлексті зерттейді. Ол шартты рефлекстің ерекшеліктерін көрсетті.

Шартты рефлекстер үнемі өзгеріп отырады, егер оларды туғызған жағдайлар қайталанбайтын болса, олар жойылып кетеді.

Сеченов пен Павлов мидың рефлекстік қызметі екі нервтік процестен қозу мен тежелуден тұратынын анықтап берді. Қозу - әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі, тежелу - керісінше - жүйке жүйесін тыныштандыратын процес. Павлов мида біріңғай қозу мен біріңғай тежелу процесі болуы мүмкін еместігін, организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын дәлелдеді.

Орындайтын тапсырмалар:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.