|
|||
ЛЕКЦИЯ № 1. ТАҚЫРЫБЫ: ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ. МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА. тақырып: Психология пәніСтр 1 из 3Следующая ⇒
Пәні: Психология Топ: 10 ф Күні: 11.05.2020 ЛЕКЦИЯ № 1
ТАҚЫРЫБЫ: ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ. МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА 1тақырып: Психология пәні Психология – психикалық құбылыстардың ( жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес,ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.). Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім).Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (384 -322) есімінен байланысты.Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын экперимент (тәжірибе )жүзінде әртүрлі құрал – жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжіребелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (460-370) сол кездің өзінде – ақ жанды психика оттың атомарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, иделист Платон (427-347) керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”, -деп тұжырымдады. Психилогиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншсі – шамамен 2500 жылға созылған,көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келген. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт 1832 – 1920 Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес экперименттік ғылым болына себепкер болды. Психикалық іс-әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясының негізінде түсіндіреді. Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Бұл түсінік бойынша сыртқы дүние мида түсінік түйсік, қабылдау, елестеу, ой -сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды. Сана - сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабылетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелеу процесі әр адамның өмір тәжірибесіне жас мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат мүддесіне, наным-сеніміне орай өзгешіліктерге толы болады. Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері. Психикалық қасиеттер бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық процестер —сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психология сан саналы ғылым. Қазірде оның қырыққы жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді. жантану ғылыми-педагогикалық, медициналық, инженерлік,әскери болып, бірнеше салаларға бөлінеді. Психология ғылымының салалары: жалпы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, ғарыш психологиясы, спорт психологиясы, әскери психология, инженерлік психология, т.б. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Философиямен, анатомо-физиолгиямен, педагогикамен. Психикалық құбылыстардың жіктелуі: психикалық процес, психикалық қалып, психикалық қасиет. Психология ғылымының даму тарихына қысқаша шолу жасасақ: ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс- экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылаң берді өріс алды. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа объектив әдістер тұрғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады. Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет - қылықтар экспериментальды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды. Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. 19ғ. басында сезуші және қозғаушы нервтерді ашуға әкелді. Жаратылыс танудың ғылымының 19ғ. одан әрі дамуына Г.Спенсер (1820-1903), 1834ж Э.Вебердің «сипап сезу туралы» еңбегі және де Г.Гельмгольцтің зертеулері бойынша нервтік импульстерді өткізудің жылдамдығы психикалық процестердің кеңістікте өтетіні туралы еңбектері әсер етті. Жалпы даму тарихы Герофия, Гипократ, Голлен, Гобсс, Сипнозе, Дидро, Вольф т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Бұл ғылым өз даму, жетілу барысында бірнеше мектептерді басынан кешірді. Алғашқы жалпы басталуы бихевиоризм болады Сонымен бірге, Гештальтизм қалыптасты. Бұл бейне, кескін үйлесімі деген сөз. Негізін салғандар В.Келлер (1887-1969), К.Коффка (1896-1941), К.Левин, М.Вертхаймер Генетикалық психология. Швейцария ғалымы. Ж.Пиаженнің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кеңінен өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негіге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді. Мұнан кейін Фрейдизм пайда болды. Бұл австриялық психологтар атымен аталады. З.Фрейд (1886-1939). « Психология» туралы алғашқы трактат 1590ж. шықты.Психология ғылымының дамуына 20ғ. француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) рационалистік жалпылау негізін салды. (рацио-латын сөзі-ақыл). Батыстық психологияның бүгінгі дамуындағы бағыттарына сүйенсек: ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулді өзгерістері ұшырады. (необихевиоризм, нефрейдизм, гештальпсихология) яғни, 60 жылдардың басында. Әрекет - қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар олардың негізгі бастау позицияларын қайта қарастыруды талап етті. Бұл дағдарстың аса мәнді бір себебі - экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында - когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай-нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, сонымен тағы бір бағыт- адам психологиясы еді. Мәселен: Когнитивтік психология - 60ж. аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым саласына келген еді. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны таңдап алу еді. Сонымен , жалпы ғылымның даму кезеңдеріне келсек: 1. 2500 жылға созылған көш басы Аристотельден басталған жандүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің тууы. 2. 1879 ж неміс ғалымы В.Вундт Лейпципте тұңғыш лабараторияның ашылуы. 3. 30-35 ж кеңестік /советтік/ жалпы өрбуі болды. Ресейде отандық жалпы ғылыми негіздері 19ғ. ортасында ғана қолдана бастады. Яғни 19-шы ғ. 60-70-ші ж.материалистік философия мен идеялистік философияның арасында болған күрес жалпы белгілі әсер етті. И.М.Сеченов материалистік ағымды, ал К.Д.Кавелин идеалистік ағымды жақтады. И.М.Сеченовтың «бас миының рефлекстері»деген еңбегінде 1863 ж «өмірдің сапасы және сапасыз актілерінің барлығы шығу тегі жағынан рефлекстер»деген қорытынды берді. Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский «Адам-тәрбие пәні»1867ж. атты еңбегі шықты. Сондай-ақ, А.И. Герцен, К.Г. Белинский, А.Н.Радищев т.б. орыс ойшылдары болды. Психология ғыдымының дамуына орыс психологтарының еңбектерінің тоқталсақ: А.Г.Коволевтің «жеке адамның кісілік ұғымы» 1970ж А.А.Смирновтың «ес психологиясы» 1966ж. Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Гальперин, А.К.Запарожец, А.Р.Лурия т.б.үлес қосты.
|
|||
|