|
|||
Филимонов ойыншығы ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 Филимонов ойыншығы Ерте кезде Тулада Филимонов деген ауыл болған, ол ауылды Ресейде және оның барлық аймақтарында Филимоновтың әшекейлі ойыншықтары арқылы жақсы білген. Әсіресе, ысқырғыш ойыншықтарды бәрі білетін еді. Мұндай ойыншықтарды саз балшықтан жасайтын, оны терең жыралардан қазып алатын. Бұл саз балшықтар жұмсақ, қолмен қалай илесеңде икемді. Түстері: ақ, қызыл, ал қызыл, сары тіптен қара да түстері болады екен. Мұндай саз балшықтардан бойжеткен қыздардың, әскердің, құс пен аттың, лақтар мен басқа да аңдардың баласын мүсіндеген. Филимонов ойыншықтары бойлары биік, көңілді, қызықты, тартымды, олар бір нәрсеге таң қалып тұрған тәрізді әсер қалдырады. Олардың бәрі жай ойыншықтар емес, ысқырып ойнайтын ойыншықтар. Ысқырғыш бойжеткендер құмырада, ал әскерлер қазда жасырынған. Барлық ысқырғыштармен ысқырып көруге болады. Мүсінделген ысқырғыштарды арнайы пештерге қойып күйдіруге болады. Бұрын ондай пештер саз балшықты алатын жыраларда орналасатын. Саз балшықты күйдіргенде отта олар алғашқыда қып-қызыл болады да, соңында ағарады. Ал, ойыншықтар суығаннан кейін олар ал қызыл түс береді және тас сияқты қатты болып кебеді. Күйдіріліп кепкен соң ойыншықтарды өрнектейді. Оларды көбінесе түрлі түсті жолақтармен, тағы да шыршалармен, дақтармен, қарапайым жемістермен, күнге ұқсас өрнектермен әшекейлейді. Бояу түстеріне келетін болсақ, ашық түстер алынады: сары, қызғылт сары, қан қызыл, жасыл. Филимонов шеберлері халықтық дәстүрлерін ғасырларға жалғастырып сақтауда.
Тақырып бойынша берілетін тапсырмалар: 1. Қысқаша дәріс жазу (конспект) 2. Гжель өнерін қалай түсінесіз? 3. Филимонов ойыншығы 4. Богород ойыншығы. (Тапсырмаларды жазбаша дәптерге орындау)
Үй тапсырмасы: Дымково, Тверь, Филимонова және Богородтық ағаш ойыншықтарының бір түрін таңдап макетін жасаңыз (салыңыз)
|
|||
|