|
|||
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжіСтр 1 из 2Следующая ⇒ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі Пән:Технология және оқыту әдістемесі Топ: ДО3Б(11) Күні: 21.05.2020 жыл Уақыты: 14.00-14.30 Пән оқытушысы: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы Сабақ тақырыбы: Дымково, Тверь, Филимонова және Богородтық ағаш ойыншықтар. (дәріс бойынша конспект жазу) Дымков кәсіпшілігі - Ресейдегі саз балшықтан ойыншықтар жасайтын ең ірі орталық. Әрине, бұл сөзсіз ең танымал және әйгілі кәсіпшіліктің түрі. Бұл кәсіпшілік Вятка деген ескі қалада орын тепкен. Бұрын ерте заманда Вятка тұрғындары көктемде «свястопласка» атты той жасайтын болған. Бұл мерекеге арнап көзешілер саз балшықтан жасалған ойыншық ысқыруықтар, дөңгелек сылдырмақтар әзірлеген. Кейінірек бұл кәсіп дами түсіп көлемді өнеркәсіп пайда болды. Ойыншықтар арнайы пештер мен ошақтарда күйдіріліп жасалынады. Сондықтан саз балшықтан жасалынған бұл ойыншықтар Дымков ойыншықтары («дымков» - түтін) деген ат алған. XX ғасырдың басында кәсіпшілік өзінің өндірісін тоқтатты. Оның орнына арзан гипстен жасалынған фабрикалық қуыршақтар шығарыла бастады. Бірақ Вятка қаласының тұрғындары сол кезде-ақ Дымков ойыншықтарын орыс мәдениетінің асыл бір бөлігі деп қастерлеп, оны ұлттық өнерге жатқызып сақтап қалды. Көзешілердің ойыншықтары әлі күнге өзінің оюларының анықтығы мен сұлулығын сақтап қалған. Көптеген элементтердің өзіндік мәні бар. Мысалы: (анықтауыш белгі) көк түсті толқынды сызықтар - су (=), үзілген сызықтар - кесілген бөрененің дөңес шеті, ортасында жұлдызшасы бар дөңгелек - Күн мен аспан жарықтары. Дымков ойыншықтарының өзіне тән үндестіктегі бейнелері деп су тасушы, күтушілер, гусарлар, үйректер, сиырлар, «Барыня» қуыршақтарын айтуға болады. Қазіргі таңда Дымков ойыншықтарын Вятка қаласының өзінде жасап шығарады. Ал қала шетіндегі көне Дымков өнеркәсібі ашық аспан астындағы мұражай болуы да мүмкін. Қазір Дымков ойыншықтарын жасайтын көзешілердің бірқатар талапты шәкірттері бар. Бұл жерде дәстүрдің сақталу заңдылығы айқын көрінеді. Сондықтан да әлі де болса Дымков ойыншықтары бізді өзінің түрлі түсті бояуларымен, жылылығымен қуантады және шығармашылық іс-әрекеттерге жетелейді.
Богород ойыншығы. Ресей жеріндегі Сергиево-Посада қаласы маңында, биік таудың ортасын Богород атты село жайлаған. Ежелден бері село тұрғындары ағаштан жасалған ойыншықтар мен мүсіндеу шығармашылығымен айналысқан. Тарихқа жүгінетін болсақ, богородский ағаш ою кәсібі ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болған. Богород ойыншықтары мен мүсіндері ағаштың жұмсақ түрлерінен жасалынған. Жұмысқа арналған негізгі құралдар - балта, әр түрлі пышақтар. Мүсіншілер өздерінің ойларын таза, боялмаған ағашқа сала білген. Ойыншықтар арқылы біз орыс халқының өткен ғасырдағы өмірін көре білеміз. Мысалы: бикештер, шенеуніктер, гусарлар, шаруалар бейнесі. Қазіргі заман талабына сай, Богород селосында кәсіптік-техникалық мектебі ұйымдасқан. Оку орны барлық қажетті механика-техникалық құралдармен жабдықталған. Тәжірибелері мол ұстаздар жас шәкірттерді үйретіп, өнер жолына шақырады. Гжель. Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың бірі орыс халқының көркем мәдениетіне тоқталып көрейік. Орыс халық қолөнерінің бірі - гжель өнері. Халықтық өнер өзінің ерекшелігімен, стилімен айқындалады. Солардың қатарына жұмбаққа толы тамаша керамика өнері де кіреді. Көп ғасырлар бойы Ресейде бұл өнер «гжель» деген атпен аталып келе жатыр. Қазақ өнеріндегі саз балшықтан жасалынған көзешілік өнері сияқты, бұл өнер түрі де дәл осы жолмен жасалады. Гжель бұйымдарының бояуы көк және ақ түсті болады.
Бірақ бұл тамаша түстер ерекше қанық, мағыналы, қайталанбас көркем! Кез келген жанды қайран қалдыратын гжель өрнектері бір-біріне ұқсамайды. Оның әрбір салынған бөлігі бірін-бірі айқындап, әрлеп байыта түседі. Гжель бұйымдарының өрнектері көбіне өсімдік өрнектерімен әшекейленеді. Көк түстің өзі бірнеше реңктерге өзгереді. Мысалы: қою көк, кегілдір, ашық көгілдір немесе үсті ақпен боялған көк түс. Бұл дәстүрлі өнер түрі осы кезге дейін сақталып, өз мәнін жоймай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ресейде арнайы «Гжель» атты жасөспірімдердің өнер мектебі жұмыс жасап, өз өнерлерін халыққа көрсетуде. Ресейдегі фарфор-фаянс жасайтын мекемелердің бәрі де гжелдік ыдыстарға еліктеушілікпен жұмыс жасаған. Гжель ыдыстарының көркемдік ерекшеліктері осы күнге дейін өзінің бір түсті көгілдір қолтаңбасын жойған жоқ. Қазіргі таңда Гжель мекемесі әр түрлі ыдыс-аяқтар, мүсіншелер, сәулет өнерінің бөлшектерін дайындаумен айналысады. XIX ғасырдағы Гжель керамикасының ұлттық дәстүрін көркем керамикалық Турыгин зауыты жалғастырып келе жатыр. Турыгин фарфор зауытының ыдыстары Гжель бұйымдарынан өзінің домалақ, көлемді формасымен, халық көзешілік өнері шеберлерінің жұмысын еске салатын ақ фон үстіне көк түсті қолтаңбасымен ерекшеленеді. Өзінің әсемдігімен көрермен көңілінен шыққан гжелдік бұйымдар Санкт-Петербургтегі «Орыс мұражайында», Мәскеудегі «Тарихи мұражайда» және «Халық өнері мұражайында» сақтаулы тұр.
|
|||
|