Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖЫЛҒЫ АКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫ



2020 ЖЫЛҒЫ АКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫ

1. «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» акциясының PR-кампаниясы келесіні көздейді:

· Халықаралық балаларды қорғау күніне дайындық және оны өткізу туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік желілеріндегі парақтарға орналастыру;

· Халықаралық балаларды қорғау күнін дайындау мен мерекелеуді теледидар мен радио бағдарламалары, баспа мақалалары арқылы жариялау;

· министрліктер, ведомстволар, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізу;

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды жариялау мақсатында Youtube каналында бірыңғай логотипі бар «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» аймақтық беттерін ашу.

· Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды жариялау мақсатында Youtube каналында бірыңғай логотипі бар «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» аймақтық беттерін ашу;

· 1 маусымда әлеуметтік желілерде «Бақыт отбасында туады» атты республикалық бейне байқауға қатысқан отбасыларға құттықтау мессенджерін орналастыру.

        2.Балалардың әлеуметтік жобаларын қоғамдық тыңдау

        Акция аясында «Балалар идеялары - Мәңгілік Елге» балалар әлеуметтік жобалары байқауына қатысушыларды марапаттауды ұйымдастыру.

        3.Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауы

Байқау балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

 

4.«Жұлдызай» балалар фестивалінің лауреаттары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен республикалық қашықтық акциясы.

        5. «Балалар еңбегіне қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық кампаниясы

           Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға және олардың алдын алуға арналған «Балалар еңбегіне қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық кампаниясы 2020 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін өткізіледі.

    6.«Қазақстан балалары спортты таңдайды!» спорттық фестивалі

    Мерекенің басты мақсаты балалардың спорттық нәтижелерге қол жеткізуі ғана емес, сонымен бірге балалардың спортқа деген тұрақты қызығушылығы және үйлесімді дамуы мен қалыптасуы болуы керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.