Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН»



1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН»

республикалық акцияны өткізу бойынша

ұсынымдар

Мереке туралы

Алғаш рет Халықаралық балалар мерекесі 1950 жылы аталып өтті. Бастамашы - Халықаралық Әйелдер демократиялық федерациясы.

Соғыстан кейінгі кезеңде аштықты басынан кешкен қараусыз қалған балалар саны көп болды, оларға тіпті ұрлыққа да баруға тура келді.

Жанашыр аналар қауымдастығы - жер бетіндегі әр бала бақытты болуы керек деген ұран тастады.

Парижде өткен Конгресте балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару үшін арнайы мереке құру ұсынылды.

Идеяны 50-ден астам мемлекет қолдады. Мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1925 жылы Қытайдың Сан-Франциско қаласындағы Бас консул жаздың келуін білдіретін жетім балаларға арналған мереке ұйымдастырды. Ол балаларға алдын ала тәтті сияпаттар дайындады. Бұл идея барлығына ұнады.

Таңқаларлық кездейсоқтықпен, бұл күні Женевада балалар мәселелеріне арналған конференция өтті. 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация жарияланды.1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция жасалды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында балаларды қорғау еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі деп жарияланды.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев қазақ топырағында дүниеге келген әр баланың құқығын қорғауды қамтамасыз ету міндетін қойды.

Халықаралық балаларды қорғау күнін Қазақстан Республикасында атап өту әрбір жас қазақстандықтардың әл-ауқатына мемлекеттік назар мен басымдықтың, елдің қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін іс жүзінде орындауға деген ұмтылысын растайды.

Осы жылы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» акциясы (бұдан әрі - Акция) жарияланды.

Акция 2020 жылдың 20 мамырынан 20 маусымға дейін өткізіледі.

  Қатысушылар:мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогикалық, ата-аналар қоғамы, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және т.б.

Акцияның мазмұны мен форматы:

Акцияның мақсаты - мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру.

«Барлық жақсылық балалар үшін» ұраны барлық мерекелік іс-шараларда негізгі қағида болып табылады.

Республикалық акция қоғам үшін ӘР БАЛАҒА ұлты, жынысы, діні, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан ерекше күтім жасау қажеттілігі туралы ескерту болуы керек.

Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасындағы балаларға аударылады.

Акцияны балаларға арналған іс-шаралар өткізуді қамтитын тақырыптық блоктарда өткізу ұсынылады.

Тақырыптық блок: «Бала және отбасы».

Іс-шаралар баланың отбасында өмір сүру құқығын жүзеге асыруға, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді, позитивті де жауапты ана мен әке болуға шақыруға бағытталған.

Отбасылық мерекелер, фестивальдар, байқаулар, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің асырап алушылармен кездесулерін, «Әр бала бақытты отбасы», «Куан, сәби!», «Туған күніңмен, балам», «Аға-әпке-қарындастар», «Қыздарым- аналар » және тағы басқа отбасылық шараларды өткізу ұсынылады.

Тақырыптық блок: «Балаға мейірімді қала».

Қала, аудан, ауыл, мемлекеттік органдар басшыларының балалар қоғамдық бірлестіктерінің, еріктілер қозғалысы өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыруды қарастырады.

Балалардың ауылдың, қаланың қоғамдық өміріне қатысуын ұйымдастыру, «Балалар бастауы» балалар әлеуметтік жобаларын тыңдау.

Өңірлерде балаларға арналған «Таңғажайып әлем», «Спорт әлемінде», «Кино көріп қайтамыз», «Жануарлар біздің досымыз», «Кітап әлемінде», «Сұлулық әлемінде» шаралар ұйымдастыру.

Тақырыптық блок: «Бала құқығы - адам құқығы» мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және еріктілер бірлестіктерінің қатысуымен қоғамдық қабылдаулардың, сенім телефондарының жұмысын күшейтуді көздейді.

Жас отбасыларға және мектеп оқушыларына азаматтық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық, мәдени құқықтар мен отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет алдындағы жауапкершілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес беру ұсынылады.

 Тақырыптық блок:«Нұрлы жол - болашаққа бастар жолым!» «Болашақ Жол!», «Менің Қазақстаным!», «Мен - азаматпын!» акцияларын ұйымдастыруды көздейді.

Мемлекеттік қызметкерлер, саяси қайраткерлер балалар мен жас аудитория алдында жас ұрпақтың Қазақстанның дамуына қосатын мүмкіндіктері туралы сөз сөйлейді.

Тақырыптық блок: «Балалық шақты қорғау қоғамы»азаматтық сектор мен бизнес қауымдастық өкілдерінің балалардың құқықтарын қамтамасыз етудегі күш-жігерін күшейтуге бағытталған.

«Тәлімгерлік», «Досыңның қолы», «Балаларға жылу сыйла», «Ризашылық», «Мейірімділік-балаларға», «Жүректен жүрекке», «Өзіңнен баста», «Балалық шақ досы», түрлі қайырымдылық акциялар мен жобаларын өткізу, волонтерлік іс-шаралар келесіні көздейді:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтарына және балаларға арналған басқа ұйымдарға, оның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына бару;

2) 1 маусымда перинаталды орталықтардағы аналар мен балаларды құттықтау;

3) балмұздақ пен тәттілерді жеткізу.

 

Тақырыптық блок:«Табысты болу құқығы» оқу, спорт, өнер, шығармашылық жетістіктерімен еліміздің, облыстың, қаланың, ауылдың дамуына үлес қосқан балаларға арналған.

1) «Алтын белгі» иегерлеріне, дарынды балаларға, олимпиадалардың, әртүрлі деңгейдегі жарыстардың, конкурстардың жеңімпаздарына құрмет көрсету және естелік сыйлықтар тапсырылады;

2) Ерлік жасаған балалар, өнертапқыш балалар туралы сұхбаттар, радио және теледидар бағдарламалары ұйымдастырылады.

Тақырыптық блок: «Құқықтық сағат» кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мәселелерге байланысты акцияға, жобаларға, флеш-мобтарға балалардың қатысуын көздейді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім мен мектепішілік есепте тіркелген және қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтармен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жас полицейлердің, жол инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен қоса балалар қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару және жас азаматтар арасында заңдылықты сақтау үшін акциялар өткізіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.