Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р азаматтық құқығы



ҚР азаматтық құқығы

 

1.       Азаматтық құқықтың түсінігі, оның анықтамасы және негізгі бастамасын түсіндіріңіз.Азаматтық құқық – ол тауар, ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын

реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады

2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғауды анықтап, атап өтіңіз. Жүзеге асыру – осы құқық мазмұнындағы мүмкіндіктерді құқықты уәкілетті адамның іске асыру немесе уәкілетті субъект ондағы заңды мүмкіндіктермен материалдық және руханаи Азаматтық құқықтарды қоргау ) - азаматтық құқықтарды қорғауды сот, тәрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды калпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу каупін туғызатын әрекетгерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйгарым шығару; залалдарды,төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту арқылы т.б. әдістермен жүзеге асырады.

  Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды.[1]

3. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы және түрлерін сипаттаңыз.Азаматтық құқық объектілері (ағыл. objects of civil rights (civil law) (property); нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады

4. Азаматтық құқықтық қабілеттің түсінігін анықтаңыз. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей дептанылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезінен басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.[1]

5.Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері. Олардың азаматтық айналымдағы рөлін атаңыз. заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.[1]Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады

6. Азаматтық-құқықтық мәмілелердін ұғымы және түрін талқылаңыз. Мәміле дегеніміз-шарт жасасу. Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

7. Өкілдіктің ұғымы, қолданыс аясы және түрлерін атаңыз.  Өкілдік– 1) тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілет сенімхат не құзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін. Өкіл тікелей өкілет беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Өкілдік адамның мүліктік қатынастарға тікелей қатысуына әрекет[1] қабілеттілігі жоқтығына, науқастығына, жұмысбастылығына немесе жер шалғайлығына байланысты қолданылады. Заңда көрсетілген реттерде және өзінің сипатына қарай мәмілелердің жекелеген түрлерін (өсиет қалдыру, некеге тұру, рента шартын жасасу) өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді. Заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз (науқас, мүгедек) адамдарға қатысты тағайындалады. Ерікті өкілдік шарт (тапсырма шарты, еңбек шарты, т.с.с.) негізінде пайда болады. Өкілдіктің ерекше түрі – коммерциялық өкілдік. Мұнда өкіл кәсіпкердің атынан үнемі және дербес өкілдік етеді. Коммерциялық өкілдік ақылы қызмет болып табылады, өкілге төленетін ақыны тараптар шартпен белгілейді; қысқаша Дипломатиялық өкілдік. 2) Халықаралық қатынаста өкілдік шетелдік ұйымдарды немесе олардың субъектілерін білдіре

8. Сенімхат. Қолданыс мерзімі және тоқтатуды түсіндіріңіз.сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

9. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымын жіктеңіз.«Мерзім» түсінігінің екі мағынасы бар: не нақты бір кезең немесе нақты бір уақыт мерзімі, аралығы және ол екі мағынада да қолданыла береді. Уақыт мәселесі тек қана кіші шаруашылық қызметтерінде ғана емес, мемлекеттің тұтастай экономикасында да маңызды роль атқарады. Кез-келген әрекеттің өндірілуі мен бағалануы мерзімді сақтаусыз мүмкін емес. Құқық пен міндеттеменің уақытпен қызмет жасауы – азаматтық құқықтық қатынастың қатысушыларына заңды әсер етудің басты құралы. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, келісімдердің орындалуына да ықпал етеді. Сонымен қатар азаматтық құқықтардың іске асырылуы мен қорғалуы да уақыт факторымен тікелей байланысты екендігі де табиғи нәрсе. Азаматтық заңнама уақыт кезеңімен әрекет жасауды, құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады, олар келісіммен немесе заңмен қарастырылады.

10. Талап қою мерзімінің ұғымы және мағынасын ашыңыз.Талап қою мерзімі – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағантандыруы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімі дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.Талап қою мерзімін қолдану өте қажет. Бұған бірсыпыра себептер бар – бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтай сот органдарына қиын жұмыс. Талап қою мерзімдері жалпы және арнайлы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып табылады. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заңнамада талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлім ұзақ арнаулы мерзімдер белгіленуі мүмкін. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық, әрі азаматтық іс – жүргізу тұрғысынан талап – арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету құқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құқықты еріксіз түрде орындату – тиістіні сот арқылы алу әдісі мен жүзеге асады. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын жояды, бірақ азаматтық іс- жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетсе де, сот азаматтық істі қарауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағантандырудан бас тартады.

11. Меншік кұқығының ұғымын сипаттаңыз.Меншік – бұл экономикалық категория. Меншік – бұл адамдардың затқа, мүлікке қатынасы, яғни меншіктің иесі болып табылады. Меншік – бұл қоғамдық қатынас. Меншік – бұл мүліктік қатынас. Азаматтық кодекстің ү тарауы « Меншік құқық» деп аталады. 188 – бапта « Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелермен басқа адамға беріледі.

12. Міндеттеменің түсінігі және міндеттемедегі тараптарыды анықтаңыз.Міндеттемеге сөйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.

Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.

Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруиіі мен борышқор танылады.

13. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілікті жіктеңіз.Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.

° Айып төлеу (айыппүл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.

Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.

Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.

Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады.

14. Азаматтық-құқықтық шарттардың ұғымы және белгілерін түсіндіріңіз. Азаматтық құқықтық шарт ұғымы Азаматтық құқықтық шарттар азаматтардың қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше рөл атқарады. Шарт жасасу азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (Азаматтық кодекс 378 бап). Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

15. Шарт жасасу, өзгерту және шартты бұзуды талқылаңыз.  Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт).Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат «Караванда» пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.