Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мемлекет және құқық теориясы



Мемлекет және құқық теориясы

 

  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі анықтаңыз 1 Жалпыға бірдей әдіс-ойлаудың жан-жақты принципін көрсететін философиялық дүниетанымдық амал. Оған жататындар:

а)метафизика, мемлекет пен құқықты мәңгі және өзгермейтін институт ретінде қараушы.

б)диалектика-материалистік және идеалистік болып бөлінеді.

2.Жалпы ғылыми әдістер-бұл жалпылама әдістер сияқты барлық ғылыми танымды қамтый алмайды, тек оның жеке сатыларында қолданылады. Оған мыналар жатады:

а) талдау(анализ)- күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жеке бөліктерге шартты түрде бөлу;

ә) синтез-оның күрделі жақтарын шартты түрде біріктіру арқылы зерттеу;

б) жүйелік әдіс – ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауда объектіні түгелімен ашуға бағытталады;

в) қызметтік әдіс – бірден-бір әлеуметтік құбылыстардың басқаларға деген қатынас қызметін анықтауға арналады.

3.Жеке ғылыми әдістер. Бұл мемлекет және құқық теориясының техникалық, табиғи және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми жетістіктерін меңгеру нәтижесіне байланысты қолданылатын әдістер. Оған жататындар:

1) нақты-әлеуметтік әдіс, бұл құқықтық және мемлекеттік-саяси институттар қызметін, қазіргі кездегі құқықтық реттеудің сенімділігі немесе құқықты қорғау үшін субъектілердің шын мәніндегі мінез-құлқын зерттеуге арналады.Бұл әдіске анкета толтыру, сұрау, бақылау және т.б.әдістер кіреді.

2) статистикалық әдіс, бұл әдіс мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік береді.

3) кибернетикалық әдіс, бұл әдіс мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды кибернетика ұғымдары, заңдары және техникалық құралдары жүйесінің көмегі арқылы тануға мүмкіндік береді.

4) жеке құқықтық әдістер, бұл тек заңға ғана тән әдістер. Оған жататындар:

а) формалды-заңдық әдіс. Бұл әдіске құқықты жүйелеу әдістерін, қайнар көздерін, ішкі құрылымын зерттеу тән. Мемлекетті зерттеуде мемлекет түрін, құрылымын анықтауда қолданылады.

ә) салыстырмалы - құқықтық әдіс, жалпы және арнаулы құрылымдарды анықтау мақсатында әртүрлі құқықтық жүйені салыстырып қарауға мүмкіндік береді, яғни түрлі елдердің мемлекеттік және құқық жүйесін зерттейді.

б) мемлекеттік - құқықтық реттеу әдісі.

  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұнын ашыңыз.Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекет және құқық ғылымының пәні ретінде қоғамның, қоғамдық өмірдің құбылыстары-мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу жолдарын, өздеріне тән заңдылықтарын, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнін, мазмұнын және түрін, заңды қарым –қатынастары мен байланыстарын, құқықтық сананың және құқықтық мәдениеттің ерекшіліктерін ашады.Осы қоғамдық қатынастардың мәнін ашуда мемлекет және құқық теориясы пәні басқа құқық салаларының пәндерімен тығыз байланыста болады. Әсіресе, мемлекет және құқық теориясы пәні тарихи принципке сүйене отырып, мемлекет және құқық тарихымен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Ол әртүрлі мемлекеттердегі,әртүрлі мезгілдегі, кеңістік пен кезеңдердегі нақты мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Ал, мемлекет пен құқық теориясының пәні бұл білімді жинақтап, жүйеге келтіріп, жаңа творчествалық сапа береді.Сондықтан, тарихи принцип мемлекет пен құқық теориясының негізгі принципіне жатады. Жалпы алғанда мемлекет және құқық теориясы пәнінің зерттеу шеңбері 10-12 мыңжылдықтардағы жалпы планеталық мерзімді қамтиды.
  2. Мемлекет және құқық теориясының әдісін анықтаңыз және топтаңыз. 1 сурак
  3. Қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі жалпы теорияның алатын орны түсіндіріңіз.

Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.

Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.

  1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын түсінігін беріңіз.Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: 1) Малшылық 2) Жер игеру 3) Өндірістік 4) Саудагерлер тобы Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
  2. Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауын ашыңыз.Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу-бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады.
  3. Мемлекет және құқтықтың пайда болуы, оның объективтік заңдарын сипаттаңыз.Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
    – қосымша өнімнің пайда болуы;
    – жеке меншіктің қалыптасуы;
    – таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
    – қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
  4. Мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар анықтамасын беріңіз.. Мемлекеттің шығуы туралы түрлі теориялар бар.

1. Теологиялық ( діни ) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдайдың құдіретінен, яғни «барлық билік құдайдан» деп түсіндіреді. Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті.

Ежелгі ( Иудейде ) теократиялық алғашқы мемлекетте билік абыздардың,храмның қолында болды. Олар діни және әкімшілік орталық ретінде билікті бөліп алды.

Әсіресе, бұл теория орта ғасырда кең тарады. XVI-XVIII ғасырларда теократиялық теорияны монархтың билігін қамтамасыз ету үшін пайдаланды.

2.Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген отбасымен, монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда болды деп көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне негізделді. Оның негізін қалаған б.д.д. IIIғ.Аристотель болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл қағида өмір сүруде.

3. Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты дамиды. Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл теория б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның ішінде Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері Блюнчли,

Г.Спенсер,Вормс,Прейс т.б. болды.

4. Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі.

Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII-XVIII ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций,Б.Спиноза,Т.Гоббс,Д.Локк,Ж.Ж.Руссо,А.Н.Радищев болды.

5. Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси факторларменбайланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап алуы,жеңілген халық үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды. Күштеу теориясын жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың құрылуына алып келеді деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың шапқыншылығы, олардың билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін тигізді. Оның өкілдері К.Каутский,Л.Гумплович,Е.Дюринг еді.

6. Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері Г.Тард,Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым-қатынасына байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым әсерін тигізеді.

7. Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық жағдайын қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Морлан болды.

8. Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің «Шығыстық деспотизм» еңбегінде мемлекеттің пайда болуын өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл «менеджерлік бюрократтық тапты»алып келді.К.Виттфогель деспотизм деп «гидравликалық»немесе «агроменеджерлік» өркениетті атайды.

  1. Қазақстан мемлекетінің дамуын түсіндіріңіз.
  2. Мемлекеттің типологиясын анықтап, атап өтіңіз. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеғттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
  3. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеуінің әдіс-тәсілдерін анықтаңыз.Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінеді: құлиеленушілік, феодалдық, бужуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
  4. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлерін атаңыз.Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері, өзгеріс және дағдарыс кезеңдері, одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір
  5. Мемлекет нысанына толық анықтама беріңіз.Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден – бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден – бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден – бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған.
  6. Мелекет нысананың түсінігі, мазмұны ашыңыз. 13 сурак
  7. Мемлекеттің басқару нысаны талқылаңыз.Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

  1. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызын ашыңыз.Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген норма­лардың жиынтығы. Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен және қабылда­ған бәріне міндетті және орындалуы, сақталуы кажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде ең маңызды және реттеу, қорғау функциялары қоғамдық қаты­настардың кең ауқымын қамтиды.
  2. Құқық нысанын анықтап, атап өтіңіз.Құқық нысанының белгі-нышандары, ерекшеліктері:

1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;

2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.

3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар

4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.

  1. Құқықтың негіздерінің түсінігін талқылаңыз.Пайымдау – бұл құқықтық норманы қолданушы субъектінің санасындағы ішкі ойлау процессі. Ол адамның ішкі ойлау қабілеті болғандықтан, сыртқы түрі болмайды. Пайымдау құқықтың барлық түрлерін іске асыру жағдайында өте қажет. Ол бақылауда, орындауда, пайдалануда білінеді. Пайымдау барлық уақытта түсіндірумен қатар жүреді. Түсіндіру адамның өзіне емес, басқа құқықтық қатынастарға түсушілерге түсінік беру. Ол жазбаша және ауызша жүреді. Жазбаша түрде арнаулы актілерде, құжаттарда, құқықтық актілерде көрінеді, ал ауызша кеңес, нұсқауларда айтылады.Сөйтіп, құқықтық нормаларға түсінік беру – мемлекеттің еркін білдіретін нормативтік актілерге түсінік беру.
  2. Құқық нысанының мазмұнына анықтама беріңіз.
  3. Құқықтық нормаларды анықтап, атап өтіңізҚұқық нормалары – ол қоғам мүшелерінің мінез құлқын, ісəрекетін реттейтін мемлекетпен қамтамасыз етілетін нормативтік құқықтық актілерде бекітілген ережелердің арнайы бір түрі. Құқық жария жəне жеке құқық деп бөлінеді. Жария құқығы – мемлекет пен өзге де тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттейтін жəне бұқаралық, қоғамдық мүддені көбірек білдіретін құқық саласы болып табылады. Жеке құқық – азаматтық құқықтың қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Жария құқық мынадай салаларды құрайды: қылмыстық құқық, əкімшілік құқық, салық құқығы. Оған императивті (міндеттемелі) нормалар тəн болады..
  4. Құқықтық норманың түсінігі мен мазмұнын ашыңыз. 20сурак
  5. Құқықтық норманың құрылу тәсілдері, жүйелері және түрлерін сипаттаңыз.Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.1. Тікелей норманың үш элементін (гипотез, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтықнормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.

2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға қаулыға сілтеме жасау.

  1. Қазақстан Республикасының құқықтық нормаларын түсіндіріңіз.
  2. Құқық шығармалшылығын анықтап, атап өтіңіз.Құқық шығармашылық – бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
  3. Құқық шағармашылығының түсінігі мен мазмұнын түсіндіріңіз.Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты,кеңістігі және адамдарды қамтуын сипаттаңыз.

Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сәтінен бастап қүшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Актілер не оларды қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген әрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.

  1. Қазақстан Республикасының құқық шығарамашылық қызметін түсіндіріңіз.
  2. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу анықтамасын беріңіз.Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.

Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.

Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;

Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.

  1. Нормативтік актілердің жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұнын ашыңыз.27сурак
  2. Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің тәсілдерін талқылаңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.