Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПСИХИАТРИЯ



ПСИХИАТРИЯ

#1

*! Науқас Н 54 жаста., шаршаған, күйзелген көрінеді.Әңгіме кезінде аздап қызығушылық байқалады, активті және эмоциональді түрде бас ауруына, баының шуылына, бас айналуына, шаршағыштыққа, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, у-шуды және қапырықты көтере алмауына, ашушаңдыққа, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, көңілінің төмендеуіне шағым айтты. Әңгіме тақырыбына байланысты көңілі тез өзгереді. Анамнестік мағлуматты айтқанда шатасады.Зейнеткерлікке жетуіне жағдай үшін көмек сұрайды.

Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

* Ажитирленген үрей

*+Астениялық синдром, қан тамыр тегі.

* Апатиялық депрессия

* Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизмдер синдромы

* Маскирленген депрессия

 

#2

*!Науқас әйел 44 жаста. Сыртқы келбеті ұқыпты емес. Беті мұңлы. Мимика мен жестикуляциясы аз. Әңгіме кезінде бір қалыпты позада отыр, қимылы аз, инициатива көрсетпейді, қысқаша жауап береді. Дауысы аз шығады. Көңілінің төмендігіне, жан жағына немқұрайлық, мұңлы көңілге, ұйқысының бұзылысына, тәбетінің төмендеуіне шағым айтты. Өз өзін кемсітіп, өзіне назардың керек еместігін сезінеді. Кешке жақын жағдайының аздап жақсаратынын айтады – мұңлы көңілі азаяды.

Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*+ Депрессивті синдром, шамамен эндогенді түрі

* Депрессивті синдром,шамамен экзогенді түрі

* Обессивті-фобиялық синдром

* Астениялық синдром

* Апатиялық синдром

 

#3

*!Әйел В 40 жаста, музыка мұғалімі. Мінезі сезімтал, өз өзіне сенімсіз, қыңыр. Ортада өзін өзі көрсеткенді ұнатады. Белсенділік тантады, бірақ от басында ашушаң, ұрысқақ, қызғаншақ. Екінші рет босанғаннан кейін ауыра бастады. Нәрестеге қарау үшін көп күш қажет. Күйеуінің туысымен ұрсысқан соң жылап,аффективті түрде өмір сүргісі келмейтіні айтты. Сол кезде рак ауруымен ауырдым деген ой келді. Өзінің ішінде қатерлі ісіктң айқын өсуін және таралғанын және жара пайда болғанын елестетті.Өз ойынан өзі қорқып кетті, осы ойлардан арылғысы келді,бірақ ол ойлар кетпеді, үрей мен қорқыныш пайда болды. Терапевт-дәрігерге барып қаралды, бірақ ешбір ауру табылмады. Аз уақытқа тынышталыд, бірақ біраз уақыт өткен соң қиналып өлу туралы ойлар келді.Өз ойының негісзсіз екенін біледі, бірақ арыла алмады. Дәрігерге келгенде ауыр ауру және өлім туралы ойының бар екендігін айтты. «Ақылдан адасып кетем», өмір бойы психиатриялық ауруханада жатамын деген қорқыныш пайда болды.

Қандай синлромальді диагноз қоюға болады?

* Параноидты синдром

* Паранояльді синдром

* Котар синдромы

* + Ипохондриялық синдром

* Депрессивті синдром

 

#4

*!37 жастағы ер адам. Ауруханаға бірнеше рет түскен. Алдыңғы тускен кезінде кезек кезек депрессия мен мания жағдайында болған. Интермиссиясы ұзақ. Психикалақ жағдайы: үрейлі, ажитирленген. Өз өмірін қателікке толған, босқа өмір сүргені туралы айтады, әкесін өлімге жеткізгенін, өзі үшін жұмыста және отбасында ұрсыс болды деп санайды. Өзін сотқа тарту жайлы әңгіме айтады. Сөйлеуі монотонды түрде, мимикасы мұңлы.Таңғы кезде жағдайы ауырлайтынын айтты.Кешке жақын өзін аздап жеңіл сезінеді. Басқа науқастармен әңгімелескенде өзіне жаза беру туралы айтып, жүрек тұсында ауырлық сезіміне және жүрек қағысына шағым айтқан.

* + Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза

* Параноидты шизофрения

* Соматоформды бұзылыс

* Кататониялық шизофрения

* Органикалық эмоциональді-лабильді (астениялық ) бұзылыс

 

 

#5

*!40 жастағы әйел әңгіме кезінде былай жауап берді: «Мен үнемі өмірім үшін қорқамын. Бір жағынан ештеңе жаманшылық болмайтынын білемін, бірақ екінші жағынан менің істеген ісім менің денсаулығыма жаман тие ме деп ойлаймын. Көшеде келе жатып, бір заттарды немесе ағаштарды, үйлерді, машиналарды анаймын. Дұрыс санасам, тынышталамын. Егер қателесіп кетсем, не күтіп тұр деген қорқыныш келеді. Жұмыс кезінде әсіресе ауыр. Бір істі бітіріп, дұрыс істедім бе деген күмән туады. Егер бір қателік жіберсем, әлсіздік, жүрек қағысы, діріл пайда болады. Бірақ ештеңе істей алмаймын. Бір жағынан жұмыс істеп, отбасымды асырауым керек, бірақ өз өмірім үшін қорқыныштан ештеңе істей алмаймын.

Бұл науқасқа қандай ем керек?

* Нейролептиктер, нормотимиктер, психотерапия

* Антидепрессанттар, физиотерапия, нейролептиктер

* Транквилизаторлар, нормотимиктер, витаминотерапия

* Психостимуляторлар, биологиялық терапия, психотерапия

*+ Психотерапия, транквилизаторлар, антидепрессанттар

 

#6

*!38 жастағы науқас әйел поликлиникаға шаршағыштыққа, көңілінің болмауына, ештеңе істегісі келмейтініне, өзі жақсы көретін істен қанағат алмауына, ұйқы бұзылысына шағым айтып келді. Бірақ ауыр болса да күнделікті жұмысты атқарады –жұмысқа барады, үй жұмысын істейді. Объективті түрде қарағанда ешқандай патология табылмаған.

Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?

*Психиатрға жіберу

* +Диагноз қойыңыз және протокол бойынша диагностикалау мен ем жүргізу.

* Невропатолог дәрігерге жіберу

* Гинеколог дәрігерге жіберу

* Жалпы нығайту терапиясын беру

 

#7

*! Жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігеріне 70 жастағы әкесін қызы алып келді. Қызының айтуы бойынша көңілі төмендеген, үрейлі, мазасыз, ашуланшақ, ештең істегісі келмейді. Анамнезінде – 3 апта бұрын ауылды жерден қызына көшіп келген, бұрын әйелі қайтыс болған соң жалғыз өзі тұрған. Интеллектуальді-мнестикалық бұзылыс жоқ, метеотәуелділік анықталмады. Невропатолог «Дисциркуляторлы энцефалопатия», Терапевт – 1 саттағы Гипертониялық ауру» деген диагноз қойылған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?

* психиатр дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу

* психотерапевт дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу

* диагностика мен ем тағайындап қажет емес

*+«Адаптация бұзылысы» диагнозын анықтап, диагностика мен емдеу Протоколына сәйкес ем жазу

* Невропатолог дәрігердің консультациясы

 

#8

*! 37 жастағы пациент метеоризмге, іш кебуіне, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданап келді.Анамнез бойынша – 2 жылдан бері ауырады, себебін дұрыс тамақтанбаудан деп санайды. Гастроэнтеролог дәрігерге қаралған, ештеңе табылмаған. Объективті түрде – патология жоқ. 2 жыл бұрын 15 жыл тұрмыс құрған күйеуімен ажырасқан, күйеуі басқа отбасын құрған.

Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?

* гастроэнтерог дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу

* терапевт дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу

*+ «Соматоформды вегетативті дисфункция» диагнозын анықтап, диагностика мен емдеу Протоколына сәйкес ем жазу

* психиатр дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу

* психологқа жіберу

 

 

#9

*!60 жастағы инженер. Соңғы бірнеше жалда ұмытшақ бола бастады, болып жатқан жағдайларға есте сақтау қабілеті төмендеген.Ойлау қабілеті төмендеп, жұмыста қателік жіберетін болған, ашушаңдық, шаршағыштық байқалған. Ұмытпас үшін дәптерге таныстарының атын, күн жұлдызын, цифрларды жазып жүрген.Өзінің жағдайына сын көзбен қарай алады, дәрігер көмегіне барған, жылаған. Дәрігерге барғанда сыпайы.

Синдромды атаңыз:

*+ Лакунарлы деменция

* Психоорганикалық

* Корсаков психозы

* Астениялық

*Тотальді деменция

 

#10

*!науқас әйел, 48 жасында ауыра бастаған. Есте сақтау қабілеті төмендеген, өз заттарын таба алмайтын болған, ақша санай алмай, біртіндеп өз бетімен жуына алмай, киіне алмайтын болды. Тамақ іші кезінде не істерін білмейді, қасықты қайда қоярын білмейді. Жазу кезінде жаза алмай сызып тастаған. Қандай ауруға тән:

*Пик ауруы

*+Альцгеймер ауруы

*бас миы қан тамыр атеросклерозы

*шизофрения

*деменция

 

#11

*!48 жастағы ер адам, анамнезінде – бас ми жарақаты бар. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бұрынғы білімдерінің азаюы, жаңа білім ала алмайды. Ашушаң, ызақор, өз өзін ұстай алмайды, дөрекі, агрессивті. Жан жағындағылармен үнемі ұрсысады, өз айтқанын істетуге тырысады.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?

*Корсаков психозы

* Гайе Вернике психозы

*+психоорганикалық синдром, эксплозиті варианты

*шизофрения

*астениялық синдром

 

#12

*!76 жастағы ағаш шебері. Соңғы 3 жылда туыстарының байқағаны, цифрларды, күн жұлдызын, адам атын есте сақтау қабілеті төмендеген. Инструменттерін қойған жерін ұмытып қалады, бұрын ақыл айта алатын. Енді өз балаларының, әйелінің атын ұмыта береді. Мінезі ұрысқақ, эгоисты, күдікшіл бола бастаған. Бірақ өзін ауру емеспін деп санаған. Оған біреу ұрлық жасады деп, сотқа бермекші. Ауруханада бірнеше ай болып «кеше үйде қонақ күттім» деп айтты. Неврологиялық бұзылысы жоқ.

Қандай синдром:

*Депрессивті

*Корсаков

*Астениялық

* Лакунарлы деменция

*+ Тотальді деменция

 

#13

*!30 жастағы әйел. Психиатрдың қабылдауына бас ауруына, жұмыстан кейін және кешке жақан бас ауруының үдеуіне шағым айтып келді. Ұйқысы нашар, шаршағыш, жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалған. Күндегі жұмысын істеу үшін көп күш жұмсайтынын айтады. Жұмыстан кейін қатты шаршайтынын көрсетті. Өзін өзі ұстай алмайтынын, әсіресе куйеуімен ұрсысатынын айтты.

Төменде көрсеткен диагноздың қайсысы дұрысырақ?

*+нервастения

*обссесивті --- компульсивті

*үрейлі бұзылыс

*шизотипиялық бұзылыс

* адаптацияның депрессивті реакциясы

 

#14

*! 74 жастағы әйел. Ұмытшақ, мазасыз, үрейлі бола бастады. Жан жағындағы жағдайды, өз балаларының атын ұмытты. Егер жалғыз қалса киімін түйіп алып, халатын тығып, заттарын біреу ұрлады деп айтады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуіне байланысты анамнез жинау мүмкін емес.

Қандай препарат тағайындаған дұрыс?

*+алзепил

*церебролизин

*аминазин

*карбамазепин

*ноотропил

 

#15

*! Әйел 70 жаста. Зейнеткер, бұрын ЖОО да мұғалім болған. Бүгінгі күнді, болған жағдайды есіне сақтай алмайды, учаскелік психиатрға кеше студенттермен тауға бардым деп айтты. Жақсы көңілі тез бұзылып жылап жібереді, ашуланады. Бірақ моральді-этикалық жағынын сақталған. Анамнезінде бас ми жарақаты, соматикалық ауруы бар.

Қандай ем тағайындаған дұрыс?

* дезинтоксикациялық, нейролептиктер, нормотимиктер

* дезинтоксикациялықе, симптоматикалық, нейролептиктер

* ноотроптар, қан тамыр, нейролептиктер

*+ноотротар,қан тамыр, антихолинэстеразды терапия

*нооторопы

 

#16

*! 82 жастағы әйел өз балаларын, немерелерін танымайтын болды, ұлына агрессия көрсетті. Өз қызын «анам» деп санады, киімдерін жинап алып тұрмысқа шықпақ.Бала кезіндегі жағдайлар есінде, қазір болған жағдайды ұмытады.Өз пәтерінде адасып журеді. Түнгі ұйқысы бұзылған, шкафты ақтарып, заттарын салып алып кетпекші. Көңілі біресе жақсы, біресе ызалы. Өз өзіне қараай алмайды. Тәбеті жоғары.

Қандай ем тағайындаған дұрыс?

* дезинтоксикациялық, нейролептиктер, нормотимиктер

* дезинтоксикациялық, симптоматикалық, нейролептитер

* ноотроптар, қан тамыр, нейролептитер

*+ноотроптар, қан тамыр, антихолинэстеразды терапию

* ноотроптар, қан тамыр, антидепрессанттар

 

 

#17

*! Ер адам 44 жаста инженер, үйленген. Қарау кезінде тыныш, ешқандай шағым айтпайды. 25 жасынын бастап әрбір 2-3 жылда не мұңлы, не көңілді болып тұратын уақыттарды айтты. Бірнеше рет стационарда ем қабылдаған.

Ем тағайындаңыз: 

*аминазин

*амитриптилин

*мелипрамин

*лития карбонат

*+ем тағайындау қажет емес

 

#18

*!45 жастағы ер адам, себепсізден себепсіз активті, көңіл күйі көтеріңкі, әзілдеп, қасындағы адамдарға көмегін ұсынып, көшеде танымайтын әйелдермен сөйлесіп, тез және көп сөйлей бастаған.

Сіздің диагнозыңыз:

*+маниакальді синдром

*лакунарлы деменция 

*тотальді деменция

*концентриялық деменция 

*псевдодеменция

 

#19

*! 20 жастағы студент-биолог (тұқым қуалайтын ауруы жоқ), бір жеті бұрын ұйқысы бұзылды. Қозған, көп сөйлегіш. Алтын мен бриллианттың қоспасын таптым деп, соның көмегімен адамның ойын біле аламын деп айтқан.

Сіздің диагнозыңыз:

*шизофрения

*алкогольді делирий

*+Биполярлы аффективті бұзылыс (маниакальді фазасы)

*эпилептикалық сананың қарауытуы

*реактивті параноид

 

 

#20

*! Пацент «Көшенің арғы жағындағы шөп жасылдау» деген мәтелді былай түсіндірді: «ол шын, егер қарасаң бақытыңды табасың, егер өз ақшаңды маған берсең, ол ақшаны мен бір іске саламын да, сен миллионер боласың» деп түсіндірді. Сөзі шапшаң, көздері жарқырағын.

 Сіздің диагнозыңыз:

*дифференцирленбеген шизофрения

*+биполярлы психоз, мания фазасы

*сенильді деменция

*депрессивті невроз

*биполярлы бұзылыс, депрессия фазасы

 

 

#21

*! Жедел қызметтегі солдат, 19 жаста, себепсіз тұйық болып, командирдің тапсырмасын орындай алмай, үнемі бір позада басын төмен ұстап отырады, тамақтан бас тартады, өз өзін кінәлімін деп санайды.

Сіздің диагнозыңыз:

*паранояльды

*ипохондриялық

*депрессивті

* парафренды

*+кататониялық

 

 

#22

*! 16 жастағы науқас, пубертат жасына дейін жқсы дамып келді, орташа оқыды, біраз масасыз, ұқыпсыз болды. Соңғы 3 жылды дөрекі, сабаққа ынтасы жоғалды, дөрекі әзілдейді, өзі оған күледі, киімін шешпей ұйқыға жата салады.

Синдромд анықтаңыз:

*псевдодеменция

*парафренді

*маниакальді

*+гебефрениялық

*концентриялық деменция

 

 

#23

*!16 жастағы жас өспірім, үйден шықпайды, мектепке бармайды, ештеңе істемейді, шағым айтпайды, өзін саумын дейді. 8 классқа дейін өте жақсы оқыған, ұқыпты болған, ата анасына жақсы қараған. 8-класстан кейін дөрекіленіп, сабаққа ынтасы жоғалып, қаңғырып кететін болған.

Сіздің диагнозыңыз:

*Биполярлы аффективті бұзылыс — монополярлы тип

*Биполярлы аффективті бұзылыс — биполярлы тип

* Биполярлы аффективті бұзылыс — continua тип

*циклотимия

* +Биполярлы аффективті бұзылыс деген белгі жоқ

 

#24

*!18 жастағы әйел, өзінің тұрмыс құрамын деген көңілдесінің бала шағасы барын біліп қойғаннан кейін, жүріс тұрысы күрт өзгерді: кішкентай бала секілді сөйлеп, киімін дұрыс кимей, жыламсырып, тамақты қолымен жеп, сұраққа жауап бермеді.

Сіздің диагнозыңыз:

*шизофрения

*эпилепсия

*+реактивті психоз

*ипохондриялық невроз

*психикалық аурудың белгісі жоқ.

 

#25

Науқас әйел, 35 жаста, соңғы 2 жыл бойы біршама психожарақаттық оқиғаларды басынан өткерді (пәтерін ұры тонап кетті, күйеуі инфаркт алды, жұмысында ұрыс-керіс). Содан кейінгі кездерде біртіндеп оның көңіл күйі төмендеді, ұйқысы бұзылды, жылауық болды, үнемі болашағы жайлы ойлар тыныштығынын кетірді, кей уақытта өзін қоятын жер таппады, ересек балаларына (жағдайларын қалай, бәрі жақсы ма» дегендей сөзбен күніне бірнеше рет қоңырау шалатын, өзі болса 10 кг. жүдеді.Қабылдау кезінде өзінің құны кем екендігін,үй ішіндегі жұмыстарды да істей алмадым себебі жақсы әйел және ана болмадым деп есептейді,. Өзіне белсенді түрде көмек іздейді, аурушаң көріністеріне сынмен қарайды.

 Аталған синдромдардың, бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+Аралас үрейлі-депрессивті бұзылыс, үрейлік-депрессивтік синдром

* Оганикалық үрейлі-депрессивті бұзылыс, обсессивті-фобиялық синдром

* Оганикалық үрейлі бұзылыс, астено-невротикалық синдром

*Неврастения, астено-невротикалық синдром

* МДП, депрессивті синдром

 

#26 Ер адам 51 жаста, психиатрға соңғы 3 жылда пайда болған отбасымен қарым-қатынасының нашарлауына, күннен күнге өсетін әлсіздікке шағымданды. Аз ғана жүктемеден кейін шаршау, ал бірнеше сағат жұмыстан соң өзінің толық шаршағандығын сезінеді. Жұмыстан соң тез ұйқыға жатады, бірақ бас ауруымен шүйде, мойын ауруына байланысты ұйықтай алмайды. Өз міндеттерін орындай алмайды, тіпті өз үйінің жұмысында орындамайды.

Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?

 * Органикалық депрессивті бұзылыс

*Шизотипті бұзылыс 

* Аралас үрейлі-депрессивті реакция 

*+Неврастения         

* Диссоциативті (конверсионды) бұзылыс

 

#27

*! Ер адам 27 жаста, алғашқы ұстамасы алколгольді абстененция фонында дамыды. Жүрек соғысын және жүрегінің тоқтауын, қорқыныш, тұншығуды сезінді. Жедел жәрдем шақырды, дәрігер АҚ жоғарлағаның байқады, магнезия жасалынды. Науқас қорқаннан ішуін және темекі шегуін мүлде тоқтатты, бірақта 2 айдан соң тыныштық жағдайда 2-ші ұстама пайда болды, теледидар көріп отырғанда. Өзінің жағдайын нашарлағаның түсінді: ұстама 5 мин соң қойды, бірақ 2-ші куні 1 сағаттан аса өлім қорқынышымен қайталанды.  

Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?

*неврастения,астено-депрессивті синдром

*+Үрейлі және депрессивті бұзылыс, паникалық шабуыл

*реактивті психоз

*адаптацияның дипрессиялық реякциясы

*обсессивті-компульсивті бұзылыс

 

 

#28

 ЖОО-ның студентінің мынадай тұлғалық ерекшеліктері бар:үлкен әсерленгіш, жасқаншақтық, ұялшақтық, жақсы дамыған борыш сезімі, жауапкершілік, жан-жағындағыларға жағымсыз әсер қалдыруы мүмкіндігіне мазалануы.

 Аталған тұлғалық екпіндеу типінің қайсысы ЕҢ ықтимал?

*психастеникалық

*+сенситивті

*тұрақсыздық

*истероидты

*шизоидты

 

 

#29

48 жасар ер адам физика мұғалімі жасөспірім кезден күдікшіл болып өсті зертеулер жүргізіп жаңа формула тапқанынын айтты,өзінің мақалаларын әр түрлі ғылыми журналдарға жіберілді Бірақ жетістікке жетпеді. Коп деген ұйымдарға барып әділдік орнатуын талап етті.Өзімен келіспейтін ғалымдардан ағаттық іздеп отырды.Оларды жау санады.

Аталған психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады, қандай ем қолданар едіңіз?

*рекуррентті депрессивті бұзылысы, нейролептиктер, нормотимиктер

*+индуцияланған сандырақ бұзылысы, нейролептиктер, психотерапия

*тұлғаның параноидты бұзылысы, психотерапия, нейролептиктер

*диссоциацивтік бұзылысы, антидепрессанттар, ноотроптар

*параноидты шизофрения,нейролептиктер, антидепрессанттар

 

 

#30

*! Ер адам 50 жаста, психожарақат әсерінен көңіл-күйі төмендеу фонында қимылдық қозу байқалады, қзін-өзі қоярға жер таппайды, үрей, мазасыздық, мұң байқалады. Өзін –өзі кінәлау, төмендету сандырақтарын айтады. Өзіне «у»беруін сұрайды, осылай ғана өзінің де басқалардың жаны жай табатынын айтады. Периодты түрде күрсінеді, жылайды, «өзін қоярға жер таппайды». Қозу түрін анаықтап, тиісті ем тағайындаңыз;

*психомоторлық қозу; антидепрессанттар, нейролептиктер

*+ажитацияланған депрессия; транквилизаторлар, стимулдеуші антидепрессанттар

* сандырақтық-галлюцинаторлық қозу; антидепрессанттар,транквилизаторлар

*гебефрениялық қозу; антидепрессанттар, нейролептиктер

* ажитацияланған депрессия; транквилизаторлар, седативті антидепрессанттар

 

#31

35 жастағы әйел, вирусты гепатитпен аурып қалам деген қорқынышқа шағымданады. 1,5 жыл бойы үйінің, өз қолының тазалығын қатаң қадағалайды. Қолдарын жиі жуады, спиртпен сүртеді, есікті қолғапсыз ашпайды. Шешім қабылдай алмайды, баяуланған, көп уақытын қол тазалауға кетіреді. Өзі жасаған әрекеттерінің нәтижесіз екенін түсінеді, осыны қауіптің алдын алу әрекеті деп түсінеді.

 Осы науқасқа қандай ем тиімді?

 *гипнотерапия, антидепрессанттар.

* нейролептиктер, транквилизаторлар, 

*+рациональды психотерапия, нейролептиктер, антидепрессанттар

*рациональді психотерапия, треанквилизаторлар, антидепрессанттар

*суггестивті психотерапия, нейролептиктер, транквилизаторлар

 

#32

Әйел 32 жаста, вирусты гепатитпен аурып қалам деген қорқынышқа шағымданады. 1,5 жыл бойы үйінің, өз қолының тазалығын қатаң қадағалайды. Қолдарын жиі жуады, спиртпен сүртеді, есікті қолғапсыз ашпайды. Шешім қабылдай алмайды, баяуланған, көп уақытын қол тазалауға кетіреді. Өзі жасаған әрекеттерінің нәтижесіз екенін түсінеді, осыны қауіптің алдын алу әрекеті деп түсінеді.

 Осы науқасқа қандай ем тиімді?

 *гипнотерапия, антидепрессанттар.

* нейролептиктер, транквилизаторлар, 

*+рациональды психотерапия, нейролептиктер, антидепрессанттар

*рациональді психотерапия, треанквилизаторлар, антидепрессанттар

*суггестивті психотерапия, нейролептиктер, транквилизаторлар

 

#33

*! 45 жастағы әйел, бұрын 2 рет психотерапиялық бөлімшеде емделген. Қабылдауда учаскелік дәрігерге 2 жылдан бері үрей, ұйқысының бұзылуы, беткей ұйқымазалайтынын, «қорқынышпен оянам, қайтадан ұйықтай алмаймын, мазасыздық, жүрек қағуы, ауру сезімі бар», «түнгі шабуылдар» мазалайтынын айтады. Көңіл күйі төмен, тұнжыраңқы. Өзін тұрақты түрде мазасыздықта екенін, серги алмайтынын айтады.  

 Төменде көрсетілген қай диагноз ықтимал?

* + Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)

* Органикалық эмоциональді лабильділік (F06.6),

* Жеңл депрессивті эпизод (F32.0),

* Адаптацияның бұзылысы (F43.2)

* Көңіл күйдің органикалық бұзылысы (аффективті) (F06.3)

 

#34

*! 17 жасар науқас, емханаға анасының ілесуімен әлсіздікке, шаршағыштыққа, көңіл-күйінің төмендеуіне, үрей және мазасыздыққа, көңіл күйінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Оның айтуы бойынша, қорқыныш пен ұрей шабуылдары 16 жасынан бастап басталған, өз бетімен басылып отырған, кейде тыныс алу гимнастикалары көмектескен. Ешқандай себепсіз басталған. 17 жасында сабақтарды жіберулеріне байланысты үрейі күшейіп, көңіл күйі төмендеген, «ешқандай жақсы нәрсе көрмеймін, үнемі мазасызданып тұрам»..Бірақ сабақтарын жақсы тапсыраннан кейін де көңіл күйі төмен болып, үрейленіп, 3 ай бойы ұйқысыздық мазалағандықтан учаскелік дәрігерге келген, ауруханаға госпитализацияға жіберілген. Төменде көрсетілген өай диагноз болуы мүмкін?

* Жеңіл депрессивті эпизод (F32.0)

* Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),

* Адаптация бұзылыстар (F43.2)

* Реккурентті депрессивті бұзылыстар, жеіл депрессивті эпизод (F33.0),

*+ Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)

 

 

#35

*! Науқас 70 жаста; емханаға шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, жылағыштыққа, басының ауруына, құлағындағы шуылға, үрейге, жағымсыз ойлар мазалауына шағымданып келді. Өмір анамнезінен: терапевт, кардиолог, невропатологта ЖИА, инфарктыдан кейінгі кардиосклероз, артериальды гипертензия 3, қауіп қатер тоб 2, Қантамырлық энцефалопатия 2 дәрежеде, тізе буындарының остеартрозы НФС 1-2 ст. Омыртқа остеохондрозымен есепте тұрады. Сан сүйегінің мойнының сынуына байланысты, тізе буындарын протездеуге байланысты ота жасалған. Психикалық статусында алғашқы орында естің жеңіл бұзылыстарымен мнестикалық бұзылыстар, назардың шашыраңқылығы мен қажуы, тітіркегіштікпен аффективті бұзылыстар байқалады. 

 Айтылған қай диагнозға сәйкес келеді?

* Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)

* + Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),

* Жеңіл депрессивті бұзылыс (F32.0),

* Адаптация бұзылыстары (F43.2)

* Көңіл күйдің органикалық бұзылыстары (аффективті) (F06.3)

 

#36

*! Науқас әйел 50 жаста. Емханаға көңіл күйі төмендеуіне, себепсіз үрейге, мазасыздыққа, жылағыштыққа, соңғы 3 аптада ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. Больна в течение 4-х лет. Ранее с подобными состояниями трижды находилась на стационарном лечении в отделении психотерапии Осындай жағдаймен психотерапия бөлімшесінде емделеген. Ауруханадан шыққаннан кейін амитриптилин 50 мг/тәу, конвулексом 600 мг/тәу қабылдаған., көңіл күйі 5 ай бойы тұрақты болған. Дәрілерді қабылдап жүргенде аузы құрғап, тәбеті жоғарлап, салмақ қосқаннан дәрілерді тоқтатқаннан кейін жағдайы өзгере бастаған. Қабылдауда: тұнжыраңқыбет әлпеті мұңды, ауызының бұрыштары түсіңкі, бірқалыпты позада отыр, сұрақтарға паузадан кейін жауап береді, көп сөйлемейді. Өзінің тұйықталғанын, «шаршауына» байланысты шаралардан бас тартатынын, күнделіті істерімен айналыса алмайтынын айтады. Суицидальді ойлары жоқ. Сөйлесіп отырғанда сыртқы стимулдарға жауап береді

 Аталған қай диагноз ықтимал?

* жеңіл депрессивті эпизод (F32.0)

* Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),

* Адаптация бұзылыстары (F43.2)

*+ Рекуррентті депрессивті бұзылыс (F33),

* Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)

 

#37

*!28 жастағы науқас әйел. Алғаш рет учакелік дәрігерге көңіл күйінің төмендеуіне, жылағыштыққа, шаршағыштыққа шағымданып келді. Қабылдауда: Санасы анық, контактіге түседі. Бүктеліп, бүрісіп отыр. Бет әлпеті мұңды, риясыз кейіпте. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жағдайының 2 айдан бері жаңа қоныс сатып алғаннан кейін өзгергендігін айтады: «Күйеуіме анасынан бөлек тұрғым келетінін бірнеше рет айтқанмын, жаңа үйге көштік, қажет заттарымызды алдық...үйді көп таңдап жүріп армандаған үйімізді алсақ та білмеймін маған не болғанын». Көңіл күйі төмен, өзін кінәлі сезінеді, " барлығын ренжіткендеймін, күйеуімнің туылған күні, ал менің көңіл күйім жоқ…». Әңгіме барысында жандана түседі, эмоциональді синтонді. Белсенді түрде көмек іздейді, сын көзқарасы бар.

ЖТД ретінде ҚР –да спихиатриялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес қандай көмек көрсетесіз?  

*+ СИОЗС; психотерапия

*Нормотимик; психотерапия

*Нейролептик; психотерапия

*Транквилизатор; психотерапия

*Ноотропы; психотерапия

 

#38

*!Пациент 17 жаста.Студенттік емханаға шарашағыштыққа, үрейге, ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Жағдайы ЖОО-да 4 айдан бері оқып жатқаннан бері бұзылған. Кішкентай қалашықтан келген, жатаханада тұрады.Дәрігерге оқу жүкемелерін қиындықпен меңгеретінін, кітапханада, оқу залында ұзақ уақыт оқитынын айтады. Ата-анасымен күнделікті сөйлесіп тұратынына қарамастан, олар туралы жиі ойлайтынын, түнімен жылап, ұйықтай алмай, ертеңгісін дұрыс демалмай тұратынын айтады. Көңіл күйі төмен. Жиі ЖОО тастап, үйіне кетіп қалу туралы ойлайтынын, айтады, бірақ оқуын аяқтап, дәрігер мамандығын алу укеректігін айтады. Суицидальді ойлары жоқ. Өзіне сын көзқарасы бар.

ЖТД ретінде ҚР –да психиатриялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес қандай диагноз қойып, көмек көрсетесіз?  

* Жеңіл депрессивті эпизод (F32.0): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу 

* Органикалық эмоциональді лабильді бұзылыс (F06.6): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу 

* +Адаптация бұзылыстар (F43.2): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу 

* Реккурентті депрессивті бұзылыстар (F33): психиатрға бағыттау

*Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыстар (F41.2): психиатрға бағыттау

 

#39

*! Науқас әйел 56 жаста; Преморбидте астениялық тұлғалық ерекшелігімен.Соңғы 2 жылда белсенді түрде бас ауруына, шарашағыштыққа шағымданады, үйінде ешнәрсе істемейді, өзінің жағдайына сүйенеді.

 Тітікеншіш, жылағыш болып кеткен. Әңгіме барысында ешнәрсеге қызығушылығы жоқ, міңгірлеп жауап береді, бет әлпетінде-ризашылықсыз, өзіне бас ауруына дәрі тағайындауды сұрайды. Назары шашыраңқы. Ұмытшақ болып қалғандығын айтады. Айтылан 1 сөзден 5 минуттан кейін 5 еуін айтады. Интеллектісі жасына сай. Анамнезінде – артериальді гипертензия, есін жоғалтусыз БМЖ 

Айтылған диагноз және медикаментозды таңдаңыз Какой из перечисленных диагнозов и медикаментозной терапии НАИБОЛЕЕ адекватны?

* Аралас үрейлі депрессивті бұзылыстар (F41.2); антидепрессанттар и транквилизаторлар.

*+ Органикалық эмоциональді лабильді (астениялық) бұзылыстар (F06.6); ноотроптар, қантамырлық препараттар, витаминотерапия, кіші нейролептик.

* Жеңіл депрессивті бұзылыс (F32.0); антидепрессанттар, нормотимиктер.

* Адаптация бұзылыстары (F43.2); антидепрессанттар, психотерапия.

*көңіл күйдің органикалық бұзылыстары (аффективті) (F06.3); ноотроптар, антидепрессанттар

 

#40

*! Науқас әйел 56 жаста. Емханаға шаршағыштыққа, үрейге, мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына, көңіл күйінің төмендеуіне шағымданып келді. Жағдайы зейнетке шыққаннан кейін 1 ай көлемінде өзгерген. Оған дейін 1 жыл көлемінде күйеуі қайтыс болып, балалары виза алып, Европаға кеткен. Дәрігерге өзінің тыныш өмірге үйрене алмайтынын, өзін керексіз сезінетінін, «өмір бойы күйеуі екеуі жұмыс істеп үйренгендігін, балаларына көмектескендігін, барлығы тату тәтті улкен отбасы болып, енді бос пәтерде жалғыз қалғандығын айтады. Жылайды, күйеуінің артына қалғанына өкінеді, оның ылғи тіреп жүргенін айтады, ары қарай қалай өмір сүру керектігін білмейді». Өз жағдайына сын көзқарасы бар, белсенді түрде көмек іздейді.  

 Психикалық жағдайды анықтағаннан кейінгі сіздің тактикаңыз

*+Антидепрессанттар және психотерапия

*Антидепрессанттар және ноотроптар

*Нейролептик және психотерапия

*Транквилизатор және психотерапия

*Нормотимик және психотерапия

 

 

#41

*! 6 жастағы бала ЖТД қабылдауында, ата-аналары баланың мектеп бағдарламасын алғашқы күннен-ақ меңгере алмайтынын; қолымен жазу жазып, сурет сала алмайтынын, арифметикалық амалдарды орындай алмайтынын айтты. Оқу бағдарламасын түсіну арқылы емес механикалық түрде есіне сақтайды. Ежіктеп оқиды, өзінің аты-жөнін, жасын жаза алады.   Қарым қатынаста қарапайым фразаларды қолданады. Сөздік қоры шектелген. Назары шашыраңқы. Әңгіме барысында аздаған дыбыстар мен қимылдарға назар аударады. Көңіл күйі жоғары . Ата-анасы оның сенгіш және жаман әсерлерге тез берілетінін айтады.   

Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді? 

* Рецептивті сөйлеу бұзылысы

* Экспрессивті сөйлеу бұзылысы

* Эпилепсияда жүре пайда болған афазия

*. Оқудың арнайы бұзылыстары

* +Жеңіл дәрежедегі ақыл-естің кемдігі

 

 

#42

*! 5 жасар балада айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа қажеттілік танытпайды, туыстарына еш қызығушылығы жоқ, адамдар мен жансыз заттарды ажырата алмайды, көру және есту тітіркендіргіштерге реакциясы жеткіліксіз болғандықтан, соқыр немесе керең сияқты. Дәрігерге барғанда айқайлап, кіруге қарсылық көрсетті. Қабылдау барысында біраз уақыттан кейін пронация-супинац



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.