Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Альдегидтер мен кетондар. Карбонил тобы.



9. Альдегидтер мен кетондар. Карбонил тобы.

Функционалдық карбонил тобы. Альдегидтер мен кетондардың гомологтік қатарлары.

 Изомериясы мен номенклатурасы.

Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты аталады.

   Альдегидтер мен кетондардың спектрлік сипаттамасы.

ИК спектрлік карбонилді қосылыстардың C=O топшасының  валенттік тербелісіне 1695-1755 см-[1] аралығындағы жұтылу жолақтары келеді.Әдетте кетондарға қарағанда альдегидьтерге қысқа толқынды спектрлер сәйкес келеді.

 Альдегидтер мен кетондардың алыну жолдары.

1. Спирттерді тотықтырып не каталитикалық дегидрлеп: біріншілік спирттерден альдегидтерді, екіншілік спирттерден кетондарды алады. Бұл реакциялар спирттер тақырыбында қаралған.

2. Қышқылдардың не олардың қоспаларының буларын кей металдар оксидтері (ThO2, MnO2, CaO, ZnO) үстінен 400-450°С температурада жіберіп пиролиз арқылы алады:

RCOOH + HCOOH =RCHO + CO2 +H2O

2RCOOH=RCOR + H2O + CO2

3. Геминальды дигалоген туындыларының гидролизі арқылы: (көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбында қарастырылған) екі галоген де шеткі көмертек атомында орналасқан болса, альдегид түзіледі, ал ортадағы көміртек атомында болса – кетондар түзіледі:

4. Ацетилен және оның гомологтарын гидратациялағанда (сынап(ІІ) тұздары қатысында сірке альдегиді (Кучеров реакциясы) және кетондар түзіледі:

 

5. Техникада альдегидтерді СО және Н2 олефиндерге тура қосып алады (оксосинтез), қысым (100-200атм) кобальт не никель катализаторы қатысында :

6. Карбон қышқылдары тұздарының термиялық айрылуы реакциясы. Құмырсқа және басқа карбон қышқылдары тұздарының қоспасын термиялық айырғанда альдегидтер алынса, ал басқа қоспалардан кетондар түзіледі:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.