Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдасқандық бірлігі;



1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

 

· Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

· Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

· Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

· Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі.Олоның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.