![]()
|
|||
ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIКСтр 1 из 2Следующая ⇒ ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIК Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ "жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк" деген сөздердi немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң фирмалық атауында тиiсiнше "қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк" деген сөздер немесе "ҚЖС" деген аббревиатура болуға тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады. Құрылтай шарты
Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол қоюдан бас тарту серiктестiкке кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн. Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:
|
|||
|