Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ылмыстық істі қысқартудың маңызы



1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.

    Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.

    Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.

    Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық қосылуға болмайды деп есептеймін.

      Әрбір қозғалған істің ерекшелігіне байланысты істі тез және толық ашу әрқашанда жүзеге аса бермейді. Дәлелдемелер немесе құжаттар, жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайдың барлығы да ескерілуі тиіс. Егер қозғалған қылмыстық істердің барлығын қысқарту себебінен заңсыз деп тапсақ, онда бұл негіздің іс жүргізушілік заңда орын алуының қажеттігі неде деген сұрақ туындайды. Егер қылмыскер ауыр қылмыс жасап, әрекетіне шын өкініп жәбірленушімен татуласып, келтірілген заладың орнын толтырса, ол адамды неге жауаптылықтан босатпасқа.

         Қылмыскер өзінің әрекетіне өкініп, түзелем деген ниетпен әрекет жасаса оның ақталуға мүмкіндігі туады деген пікірдемін. Менің бұл пікірімді С.А. Шейфер тереңірек ғылыми түрде түсіндірме береді.

    Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.

    С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып, тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.

    Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.

      Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады  

 Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе, онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.

    Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен  емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады2.

    Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады   өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.

Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады. Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді.  

_____________________________                  

 

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы 2003г С.19

2 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г. С. 99.

2.Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді    болуы.       



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.