Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зерттеудің міндеті мен мақсаты.



 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I.  Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі,  маңызы.

     1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.

     1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.  

II. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді             болуы.

       2.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігіҚазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.

 Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру.

Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыстық іс алдын ала тергеуде іс бойынша өндірісті қысқарту нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін.

Ресей ғалымдары бұл мәселеге байланысты көбірек көңіл бөлген, бірақ өкінішке орай Қазақстандық ғалымдар арасында қылмыстық істі қысқарту институты терең зерттелмеген.

Қылмыстық істі қысқартуға байланысты сұрақтарды мынадай ғалымдар қарастырған: М.С.Нарикбаев, М.М.Алиев, А.А.Рзаев, А.Н.Ахпанов, Н.А.Абдиканов, Б.Қ.Төлеубекова, Г.А.Абдумажидов, Л.М. Володина, А.С.Барабаш, П.М.Давыдов, А.Я.Дубинский, Ө.С.Жекебаев, Р.Г.Искендеров, Н.В.Жогин, Т.Т.Дубинин, К.Ж.Капсалямов, Л.М. Карнеева, С.Г.Келина, В.А.Ковалев, Ю.В.Кореневский, Д.Я.Мирский, Я.О.Мотовиловкер,  М.М.Михеенко, Л.В.Никитина, И.Л.Петрухин, Г.А. Печников, И.И.Рогов, В.М.Савицкий, Т.Е.Сарсембаев, Ф.Н.Фаткуллин, А.Л.Хан, Е.А.Челышев, Р.Н.Юрченко, Н.А.Якубович, С.А. Шейфер, Г.М.Миньковский, М.С.Строгович және т.б. ғалымдар. Сонымен қатар Қазақстандық кандидат Д.В.Синевтың еңбегі де басшылыққа алынды.

Аталған ғалымдардың еңбектері қарастырып отырған құқықтық институтты жетілдіруге әсер етті, бірақ сұрақтардың барлығын шешкен жоқ, ол сұрақтар қазіргі таңға дейін дискуссиялы болып отыр.

Бұрынғы СССР кезіндегі заңнамадан қазіргі іс жүргізушілік заңнаманың айырмашылығы: қысқарту институтын екі топқа, он екі негізге бөліп қарастырған: ақтайтын және ақтамайтын. Бұл жаңа іс жүргізушілік заңнамаға енгізілген жаңалық болды. ҚазССР кезіндегі заңнамаға қарағанда негіздер өзгертіліп, жаңартылды, мұнда тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін жағдайлар қаралған.

Сонымен қорыта келе, қылмыстық істі қысқартуға байланысты мәселе өзекті болып табылады және терең зерттеуді қажет етеді.

Нақты зерттеудің объектісіболып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдар, сондай-ақ тергеушінің, анықтаушы органның құқық қолданудағы қызметі, прокурор мен әділ сотты жүзеге асырудағы соттың қызметі.

Зерттеудің пәні болып,іс бойынша өндірісті қысқарту институтының теория мен тәжірибедегі қазіргі таңдағы жағдайы мен орны. Сонымен қатар іс бойынша өндірісті қысқартуға құзіретті тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізушілік заңдарында орын алған құқық бұзушылықтары.

Зерттеудің міндеті мен мақсаты.

Қылмыстық істі қысқарту институтын кешенді түрде зерттеу мақсаты алға қойылып, Қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру үшін ғылыми – тәжірибелік ұсыныстар енгізу және қарастырылып отырған институттың тиімділігін көтеру жолдарын ұсыну .

Бітіру жұмысының мақсаты:

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуға байланысты шешімнің мазмұнын анықтау, ақтайтын және ақтамайтын негіздерді бір-бірінен ажырататын елеулі белгілерін анықтау, іс бойынша өндірісті қысқарту негіздерін әртүрлі жүйедегі саралауларды қатыстылығына байланысты салыстыру, өндірісті қысқарту барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іс жүргізушілік кепілдіктерінің жүйесін қарастыру. Заңда көрсетілген норма мен тәжірибеде оның жүзеге асырылуын салыстыра отырып жазу.

Теориялық негізі.Зерттеліп отырған бітіру жұмысымда көптеген мәселелерді шешу барысында жалпы құқық теориясы саласында еңбек еткен атақты ғалымдардың еңбектері мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы совет дәуіріндегі, қазіргі таңдағы және шетел құқығы.

Нормативтік база ретінде зерттеуде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының пленарлық отырысының қаулылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің қаулылары және т.б.

    Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру үстінде.

. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз, негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.

     Біздің мемлекеттің ең маңызды мемлекеті – мемлекет азаматтың алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз ету.

     Біздің мемлекеттің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту.

     Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі құбылыстар да күрделене беретіні анық. Сол құбылыстар қатарындағы күрделісі де қауіптісі де қылмыс. Қылмыспен қатаң және қатал күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын алу және құқық бұзу себептерін жою қажет. Қазіргі таңда қылмыстылық ұйымдасқан және кәсіпқой сипат алуда. Қоғамды қылмыстың шұғыл дамуы шиеленіскен сипат алса, бұл – мемлекет негіздеріне қауіп төндіріп, өркениетті жолмен нарыққа көшу мүмкіндігіне күмән туғызады.

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» табылады деп көрсетілген және өзінің түбегейлі принциптері ретінде мына төмендегілерді көрсетеді: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

     Қылмыстылықты және оны тудыратын себептерді айтпай, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.