Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бүйректің қан айналымы. (қысқаша схемасы).



6. Бүйректің қан айналымы. (қысқаша схемасы).

1. Бүйрек артериясы

2. Жоғарғы полюстік артерия

Орталық артерия

Төменгі полюстік артерия

3. Сегментарлық артериялар

4. Бөлікаралық артериялар

5. Доғалық артериялар

6. Бөлікшеаралық артериялар

7. Әкелетін тамыр

8. Шумақша (бірінші каплляр торы).

9. Әкететін тамыр

10. Екінші капилляр торы (қайтадан сіңірілу, реабсорбция жүреді және газ алмасу процесі жүреді.

11. Тік венулалар

12. Бөлікшеаралық веналар

13. Доғалық веналар

14. Бөлікаралық веналар

15. Сегментарлық веналар

16. Жоғарғы полюстік вена

Орталық вена

Төменгі полюстік вена

17. Бүйрек венасы

18. Төменгі қуыс вена

Бүйрек тамырларының айырмашлықы ерекшелігі, бұл мүшеде екі капилляр торы болады, бұл торлар бір-біріне қатысты емес және де әртүрлі қызмет атқарады. Жоғарыда айтылған бірінші капилляр торында фильтрация жүреді, ал екіншіде қайтадан сіңірілу және газ алмасу жүреді.

 

7. Несеп ағардың, несеп қуығының және несеп жібергіш өзектің функциональдық анатомиясы.

Несеп ағардың қызметі; бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді әкелу. Несеп ағардың қызметтерін екі бөлікке бөлуге болады:

· Транспорттық-зәрді өткізу

· Насостық-бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді шығару.

Несеп ағардың бөліктері:

1. Құрсақ

2. жамбас

3. қабырға ішкі немесе интрамуральді

Несеп ағардың тарылулары:

1. Бүйрек түбегінің несеп ағарға өткен жері

2. Құрсақ бөлігінің жамбас бөлігіне өту жері

3. Жамбас бөлігінің барлық деңгейінде

4. Несеп ағардың несеп қуығына өткен жері.

Несеп ағардың қабықтары:

1. Сыртқы, адвентиция, себебі ол ішперденің артында, ретроперитонеальді орналасқан.

2. ортаңғы, бұлшықеттік, ол екі қабаттан тұрады:

· сыртқы, ұзына бойлық

· ішкі, циркулярлық

Мускулатурасы тегіс бұлшықеттік талшықтардан құралған.

3. Ішкі, кілегейлі қабық, бездер орналасқан, олар сөл бөледі, ол несеп ағардың кілегейлі қабығын зәрдің тітіркендіруінен қорғайды.

 

Несеп ағардың ұзындығы 25-28 см., оң 1-2 см. Қысқа. Диаметрі 0,5 см-ге тең. Ішкі қуысы 2-4 мм-ге жуық.

Несеп қуығының қызметтері: зәрдің жиналуы және шығарылуы.

Келесі бөліктерді қарастырады.

· Несеп қуығының түбі

· Денесі

· Ұшы, бекітілген урахусқа жалғасады.

· Несеп қуығының мойыны-түбінің несеп жібергіш өзекке өткен жері.

Көлемі 250-500 мл-ге тең. Әсіресе студенттерде, мұғалімдерде, хирургтерде несеп қуығының көлемі үлкендеу.

Несеп қуығының қабықтары:

1. сыртқы-серозды немес адвентицияльді, несеп қуығының толуына байланысты

2. ортаңғы-бұлшықеттік. Ол үш қабаттан тұрады:

· сыртқы-ұзына бойлық

· ортаңғы-циркулярлық

· ішкі-ұзына бойлық

Бұлшықеттік қабаттары бір-біріне өтеді, сондықтан оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Барлық бұлшықеттік қабатты m. detrusor vesicae деп атайды.

3. ішкі-кілегейлі қабық кілегей асты негізімен, соның арқасында қатпарал түзеді. Кілегей асты негізі несеп қуығы үшбұрышы тұсында жоқ. Оның шекаралары:

· төбесі-несеп қуығының тесігі.

· Негізі-несеп ағардың тесіктерін қосушы сызық.

· Шеттері-несеп ағар тесіктерін несеп қуығы теігімен байланыстырушы тесік.

Несеп қуығы зәрмен толықтырылған кезде, қабырғалары созылып, қалыңдығы 2-3 мм-ге тең, ол бос кезінде оның қабырғасы ұлғаяды 10-15-ке дейін.

Несеп жібергіш өзектің қызметтері.

1. несеп қуығынан зәрді сыртқы ортаға шығару-транспорттық

2. шәуетті шығару

Бұл екі қызмет тек ерлерде ған, әйелдерде тек зәрді шығару қызметі.

Ерлерде өзектің ұзындығы 16-22 см., ішкі диаметрі 0,5-0,7 см., әйелдерде 2-3,5 см., ол диаметрі 0,8-1,2 см.

Несеп жібергіш өзектің (ерлердің) бөліктері.

1. простата бөлігі-3 см. Бұл бөлік арқылы ерлердің несеп жібергіш өзек өтеді, ол простата өзектің физиологиялық сфинктері болып саналады. Жыныстық қозу кезеңінде және одан кейін зәр шығару мүмкін емес.

2. Жарғақтық бөлік-1,5 см. Ерлердің несеп жібергіш өзектің жамбас диафрагмасынан өтуі. Ең тар жері.

3. Кеуекті бөлігі, ұзындығы 15 см-ге жуық.

 

Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тарылулары және кеңеюлері.

І тарылулары:

· Несеп жібергіш өзектің ішкі тесігінің тұсында

· Несеп-жыныс диафрагмасынан өту жері

· Несеп-жібергіш өзектің сыртқы тесігінің тұсында

ІІ Кеңеюлері:

· Простата бөлігінде, бұл жерде шәует төмпешігі, оның ұшында простаталық немес ерлердің жатыры орналасқан.

· Сыртқы жыныс мүшесі басының тұсында-ладья тәрізді кеңею.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.