Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бүйректің форникальдық аппараты.



5. Бүйректің форникальдық аппараты.

Оның құрамына кіреді:

· Тегіс бұлшықеттік талшықтар (4 бұлшықет).

· Артериальді, венозды және лимфа тамырлары.

· Дәнекер ұлпа.

· Нерв талшықтары.

 

Әрбір бүйректе тостағаншасы конус пішіндес бүйрек бүртігін қоршап жатады. Бүйректің форникальдық аппаратының қызметі: бүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға зәрдің шығарылуы және кіші тостағаншалардан зәрдің кейін өтпеуіне кедергі жасауы.

Қан тамырлардың (веналық) тостағаншаларға жақын орналасуы кейбір жағдайларда қан кетуге және зәрдің вена қанына құйылуына әкеледі (пиела-веналық рефлюкс), бұл инфекцияның таралу жолының салдары болып есептеледі.

Форникальды аппарат жұмысының принципі сауу аппаратының механизміне ұқсас, Зәр өз бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тостағаншаларға белсенді сауылады.

Форникальды аппарат жұмысы механизмінің схемалық көрінісі:

Жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады, олар жиырылу қабілетімен иемденеді:

1. Бүйрек пирамидасы.

2. Күмбездің ұзына бойлық бұлшықеті.

3. Тостағаншалардың ұзына бойлық

Бұлшықеті.

4. Күмбездің сфинктері.

5. Тостағаншалардың сфинктері.

Форникальды аппарат жұмысында 2-і стадияны ажыратады.

· Күмбездің ұзына бойлық бұлшықетінің жиырылуы, сосын тостағаншалардың ұзына бойлық бұлшықетінің жиырылуы.

· Күмбездің сфинктерінің жиырылуы, кейін тостағаншалардың сфинктерінің жиырылуы.

Осы бұлшық еттердің жиырылуынан бүртіктерден кіші тостағаншаларға зәрдің сауылуы жүреді. Тостағаншалардың зәрдің жиырылуы және олардан шығарылуы екі стадиямен жүреді.

1. Систола, жиырылу-20сек-тен 4,5 сек-ке

2. Диастола, босаңсу-10-15 сек.

 

Форникальды аппараттың бұлшықет талшықтары былай жұмыс істейді, зәрді кері бағытта бүртіктерге өткізбейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.