Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау



 

Вопросы на казахском языке

1. Аяғы ауыр 28 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігеріне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінде жатырдың төменгі бөлігіне 3 рет кесарь тілігі жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры тітіркенгіш, толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатырдың тыртық аймағын пальпациялағанда ауырады. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнағы 6 балл. Қандай тәсіл негізді саналады:

4 сағат амбулаториялық бақылау

тұрақты толғақ басталғанша үйіне қайтару
2-деңгейлі перзентханаға жіберу
3-деңгейлі перзентханаға жіберу
акушерия және гинекология ҒЗИ жіберу

2. 26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:

АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау

терапия бөлімшесіне жатқызу
2-деңгейлі перзентханаға жатқызу
3-деңгейлі перзентханаға жатқызу
акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу

3. Перзентханада бір жылда 5000 әйел босанған, туылған сәбилердің 4900 тірі туылған, 4-і өлі туылған, 3-тәулікте 2 нәресте қайтыс болған, 5-тәулікте 3, 6-тәулікте 1 нәресте қайтыс болған. Перинатальдық өлім-жітімділік көрсеткішін қандай формула бойынша есептеген дұрыс:

(4+6/4900)*1000

(4/4900)*1000
(6/4900)*1000
(4+6/5000)*1000
(4/5000)*1000
4. Анасы мен баласының босанудан кейінгі күтудің тиімді технологиясына не жатады?
дәрілік препараттарды қолдану (іш айдағыш, антибиотиктер, анальгетиктер, утеротониктер)
туысқандарының келуін шектеу
кіндікті өңдеу үшін антисептиктерді қолдану
нәрестені бос құндақтау
нәрестенің салмағын тұрақты түрде емізуге дейін және кейін өлшеу
5. Қайтадан аяғы ауыр 30 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына және жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету әлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы әлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., пульс минутына 96 соққы. Жатыры гипертонуста, оңжақ түтік бұрышы ауырсынады. Іштегі нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?
ұрықты КТГ
кіші жамбасты УДЗ
айнамен тексеріп қарау
іншек арқылы тексеру
жедел жәрдем бригадасын шақыру
6. 30 жастағы әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауына келді. ішінің төменгі бөлігінің қатты ауыратынына, жүрегі алып, құсатынына шағымданады. Объективті: сұп-сұр, АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 90. Іші бірден ауырады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағы таза. PV: жатыры кішкентай, оңжақта өлшемі 10х10 см түзілім байқалды, ауырсындырады, қозғалмайды. Ықтимал диагноз қандай:
жіті аппендицит
тубанабездік түзілім
жатырдан тыс жүктілік
жылауық тармағының бұратылуы
субсірнелі түйіннің бұратылуы
7. Мезгілі жетіліп босанушыда босанудың екінші кезеңінде қынаптық зерттеуде бетпен келудің алдыңғы түрі анықталды. Қай әрекет ең негізделген?
босануды консервативті жүргізу
ұрықты ваккум-экстракция
босануды ынталандыру
акушерлік қысқыштар
кесар тілігі

8. Босанған кезде суы тоңғақты болды. Туылған кезде нәрестенің пульсы минутына 100 соққыдан аз, тыныс алуы қиын, терісі сұр, бұлшықеті атониялы, Апгар межесі бойынша баға 0-3 балл. Бірінші кезекте жасалатын әрекет:

венаға адреналин салу
қысыммен оттек беруді қамтамасыз ету
кептіру жәнетактильді стимуляция жасау
ларингоскоппен аузы мен жұтқыншағындағыны тазарту
жүрекке сыртқы массаж жасау
9. Тұңғышына жүкті 20 жасар жүкті әйел жүктілік мерзімі 40 апта+4 күн әйелдер консультациясы дәрігеріне ішінің төменгі бөлігінің тартып ауыратынына шағымданып келді. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 78 соққы, АҚ 110/70 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-149, анық, ырғақты. Толғақ жоқ. Жыныстық жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнағы 6 балл. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
үйіне қайтару және 42- аптаға дейін толғақты күту
үйіне қайтару және 41- аптаға дейін толғақты күту
индукциялап босандыру үшін жылдам перзентханаға жатқызу
егер босанбаса, 41-аптада перзентханаға жатқызу
егер босанбаса, 41 апта+6 күнде перзентханаға жатқызу

42 жастағы әйел дәрігерге ішінің төменгі жағының ауырлығына, етеккірінің көп мөлшерде келетініне шағымданып келді. Анамнезінде ілкі бедеулік. PV: жатыры жүктіліктің 9-10 аптасындағыдай үлкейген, контурлары тегіс емес, тығыз консистенциялы, жылжымалы, ауырсындырмайды. Қосалқылары көрінбейді, күмбез терең, бос. ҚЖТ Hb 98 г/л. Бірінші кезекте қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

гистеросонография

кіші жамбасты УДЗ
гистероскопия
кіші жамбасты МРТ
кіші жамбасты КТ
Жамбас өлшемі қалыпты және нәрестенің болжалды салмағы 3000,0 гр толғатқан әйелдің толғағы басталған соң 8 сағаттан кейін күшеніс пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлық. іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 150-155. Іншек арқылы тексергенде: жатыр мойнағы толық ашылған, ұрықтық қабық жоқ. Басымен жатыр, аз ғана бөлігі кіші жамбасқа кірер жерде, жебе тәрізді тігіс оңжақ қиғаш кесінінде, кіші еңбегі солжақ алдыңғы бөлікте. Барынша негізделген акушерлік тәсіл:
кесарь тілігін жасау
акушерлік қысқыш салу
нәрестенің ТБС алдын алу шарасын жүргізу
окситоцин салып толғақты күшеййту
ешбір араласусыз босануды жалғастыру
Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық әйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тәсілді атаңыз:
босану токолизін өткізу 
24 сағат қадағалау
жылдам антибиотикотерапияны бастау
босану индукциясын бастау
дексаметазонмен іштегі нәресте ТБС (тыныстық бұзылу синдромы) профилактика жүргізу
Бірнеше рет босанған 32 жастағы әйелден бала жолдасы түскен соң бірден 600 мл қан кетті және әлі де жалғасуда. Бала жолдасын тексергенде барлық қабықшасы мен бөліктері түгел. Жатыры нашар жиырылады. Бірінші кезекте жасалатын әрекет:
жатыр қуысын қолмен тексеру
қуықты катетерлеу
окситоцин салу
жаңа мұздатылған плазма салу
хирургиялық гемостаз
Босанушы А., 23 жаста, босанудың үшінші кезеңіне 10 минут болды, босану кезіндегі қан жоғалту 200,0 мл, бала жолдасының бөліну белгілері жоқ. Жүргізу әрекеті?
5 Б окситоцин енгізу
бала жолдасын қолмен бөлуді бастау
босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізуді жалғастыру
бала жолдасының бөліп алудың сыртқы түрін жүргізу
карбоцетин 100 мкг енгізу
27 желтоқсан 2017 жылғы №36 "Босануды индукциялау" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сай босануды индукциялауға көрсеткіштер:
ұрықтың жағдайының бұзылуына күмән
белсенді генитальды герпес

жамбастың құрылымдық деформациялары

анамнезінде жатырдың жыртылуы
плацентаның алда орланаласуы
Жүктіліктің 40 апталық мерзімінде алғаш рет босанғалы жатқан 23 жастағы әйел. Босанудың алғашқы кезеңі 10 сағатқа созылады. Партограммада жатыр мойнағы әрекет сызығынан өтіп кеткен. Объективті: нәресте ұзына бойы орналасқан, басымен жатыр, нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Толғақ 5-6 минут сайын 25 секундтан, күші әлсіз. Нәрестенің болжалды салмағы 3500,0 гр. Дәрігердің қолданатын тәсілі: 
амниотомия
босануды стимуляциялау
жұлын анестезиясы
кесарь тілігі
бақылау

Бірінші баласына аяғы ауыр 27 жастағы әйел жүктіліктің 41-аптасында перзентханаға түсті, толғақ жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Жамбас өлшемі қалыпты. Нәрестенің болжалды салмағы 3500,0 г. 20 минуттағы КТГ – базальдық ырғақ минутына 145, акцелераций - 4. Бишоп межесі бойынша жатыр мойнағын бағалау - 5 балл. Қолдануға болатын тәсіл:

амниотомия
окситоцинмен толғақ шақыру
 мизопростолмен жатыр мойнағын дайындау
ұрық көпіршігін саусақпен ажырату
жоспарлы түрде кесарь тілігі
27 желтоқсан 2017 жылғы №36 "Босануды индукциялау" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сай окситоцинді енгізудің максимальды уақыты:
6 сағат
8 сағат
10 сағат
12 сағат
14 сағат
Жедел жәрдем бригадасы екіншісіне аяғы ауыр 35 жастағы әйелді ішінің қатты ауырғанына байланысты перзентханаға жеткізді. Жүктілік мерзімі 37 апта. Жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Аяқтары мен ішперденің алдыңғы қабырғасы ісінген. Пульс минутына 120 соққы. АҚ 90/60 мм с.б. Жатыры кернеулі, толғақ арасында босаңсымайды. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы бәсең, минутына 90 соққы. Айнамен қарағанда: іншектен аз мөлшерде қанды шығынды бөлінуде. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
шұғыл түрде кесарь тілігі операциясын жасау 
жоспарлы кесарь тілігі
амниотомия және толғақты шақыру
іштегі нәрестенің ТБС алдын алу
іншек арқылы тексерген соң шешу
Екінші рет босанушы 28 жастағы әйел босанудың бірінші кезеңінде ішінің қатты ауырғанына шағымданды. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 88 соққы. АҚ 140/90 мм с.б. Жатыры кернеулі, толғақ арасында толық босаңсымайды. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 145-150 соққы. PV: жатыр мойнағы 9 см ашық, ұрық көпіршігі кернеулі, басымен жатыр, кіші жамбасқа кіреберісте. Амниотомия жасалды, қан аралас су ақты. Қан кетпеген. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
шұғыл түрде кесарь тілігін жасау
нәрестенің ТБС профилактика жасау
 окситоцинмен толғақты күшейту
монитормен бақылап босануды жалғастыру
жұлын анестезиясы фонында босандыруды жалғастыру
Екінші рет аяғы ауыр 35 жастағы әйел қағанақ суының кеткеніне шағымданып перзентханаға түсті. Жүктілік мерзімі 36 апта. Алғашқы жүктілігінде 4 жыл бұрын қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын ажырағандықтан корпоральды кесарь тілігі жасалған. Бұл екінші жүктілігі. Жағдайы қанағаттанарлық. Толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136 соққы. Нәрестенің болжалды салмағы 3200,0 г. Жыныстық жолдарынан ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қандай акушерлік тәсілді қолданған дұрыс:
толғақ басталғанға дейін бақылау
24 сағат бойы бақылау
жоспарлы кесарь тілігін жасау
босандыру индукциясын жасау
шұғыл түрде кесарь тілігін жасау
Екінші рет аяғы ауыр 32 жастағы әйел жүктіліктің 33 апталық мерзімінде ішінің төменгі жағының сұққылап ауыратынына, әсіресе іштегі нәресте қимылдағанда ауыратынына шағымданды. Анамнезінде жатырының төменгі бөлігіне көлденең кесіп, кесарь тілігін жасаған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 88 соққы. АҚ 140/90 мм с.б. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы айқын, минутына 36 соққы. Жатырдағы болжалды тыртық аймағында пальпация кезінде ауырсыну күшейеді. Жатыр мойнағы Бишоп межесі бойынша 5 балл. Нәресте басымен келген. Мүйіс қолжетімсіз. Шығынды сілемейлі. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
39 аптада жоспарлы кесарь тілігін жасау
нәрестенің ТСБ алдын алып, кесарь тілігін жасау
шұғыл кесарь тілігін жасау
жағдайы нашарласа кесарь тілігін жасау
токолиздік терапия
24 жастағы әйел толғақ тәрізді ауыратынына, тікішекке берілетініне, шығындылар жұғатынына, басы айналатынына шағымданады. Етеккірі 5 аптаға кешіккен. Анамнезінен: жүкті болмаған. АҚ 100/60 мм.с.б. Пульс минутына 96. Іші кернеулі, кепкен, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. OS: іншек пен жатыр мойнағы сілемейі көгіс тартқан, шығындылар қан аралас. PV: жатыры қалыптыдан үлкен, жұмсақтау, жылжымалы. Оңжақта контуры айқын емес түзілім, қамыр консистенциялы, ауырсындырады. Артқы күмбез тегістелген, ауырсындырады. УДЗ - жатыры қалыптыдан шамалы үлкен, эндометрий қалыңдаған, оңжақ қосалқы аймағында контуры айқын емес гетерогендік түзілім, жатыр артындағы кеңістікте қан жиналған. Пациенттің жасы мен анамнезін ескере отырып жүргізілетін дұрыс емдеу тәсілі:
консервативтік ем
оңжақтық аднэксэктомия
екі жақты аднэксэктомия
оңжақтық сальпингэктомия
жатырдың оңжақ түтікшесін резекциялау
Гинекология бөлімшесіне 21 жастағы пациент түсті, етеккір циклінің 14- күні ауыр затты көтерген соң ішінің төменгі бөлігінің кенеттен ауырғанына шағымданады. АҚ 110/70 мм с. б. Пульс минутына 88. Тері жамылғысы ашық күлгін түсті. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауырсындырады. Ішперденің тітіркену симптомы жоқ. Р.V.: жатыры кішкентай, ауырсынғандықтан оңжақ қосалқы байқалмайды. Күмбез терең, бос. Қан талдамасы: гемоглобин – 110 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 5,6×109/л. УДЗ бойынша жатыр артындағы кеңістікте аз мөлшерде ұсақ дисперсті жүзгінді гипоэхогенді сұйықтық анықталды. Бұл кезеңде қолдануға болатын тәсіл:
антибиотикотерапия жүргізу
утеротониялық дәрілер салу
гемостатик препараттарды салу
оңжақтық аднэксэктомия
диагностикалық лапароскопия
24 жастағы пациентке алғашқы бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Ррентгенограммада: жатыр қуысы Т-тәрізді формалы, жатыр түтікшелері қысқарған, сіреспелі, ампулалық бөліктерінде ригидті шоқпар тәрізді кеңею; контрастты заттектің ішперде қуысына шығуы байқалмайды. Болжалды диагноз қандай:
созылмалысальпингит
созылмалы аднексит
жыныстық ағзалар туберкулезі
жатырдың даму ақаулары
жатыр түтіктерінің даму ақаулары
Пациент 27 жаста, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 39,0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:
бартолини безінің жылауығы (киста)
сарпай аймағының гематомасы
бартолини безінің абсцесі
сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі
парауретралық жылауық
Науқас М., 32 жаста, кеңестік-диагностикалық мекеменің дәрігеріне сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың ашуына, қышуына, ауырсынуына, қынаптан бөлінділердің болуына шағымданып келді. Гинекологиялық жағдайы: сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған, ісінген, гиперемияланған. Айнада: жатыр мен қынаптың шырышты қабаттары гиперемияланған, бөлінділер-балық иісімен ақ таңдақтар. Бактериоскопиядакілттік жасушалар, рН >4,5. 2016 жылғы 9 маусым №14 "Шап аралықтың, вульваның, қынаптың қабыну аурулары" диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сай осы науқасқа бірінші топтаманың қай препаратын және қай мөлшерде тағайындау керек?
Тинидазол күніне 2 г. 3күн
Метронидазол 500 мг 2рет 7 күн
Клотримазол 100 мг түнде 7 күн
Метронидазол 500 мг күніне 3 рет 5 күн
Клотримазол 5 гр интравагинальды түнге 7 күн
Науқас А., 33 жаста, сол үлкен жыныс ерні аймағындағы ауырсынуларға, жыныстық қатынас кезінде жағымсыз сезімге, жалпы дімкәстікке шағымданып келді. Қарау кезінде сол үклен жыныс ерні маңында түзіліс анықталды, пальпацияда ауырсынады, тіндердің ісінуі. 2016 жылғы 9 маусым №14 "Шап аралықтың, вульваның, қынаптың қабыну аурулары" диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сай осы науқасқа қынап пен вульва беткейінің бактериоскопиялық зерттеуінен басқа қандай зертханалық тексеру жүргізу керек?
қанның жалпы анализі
қанның биохимиялық анализі
ПТР
ИФА
бактериологиялық (культуралдық) зерттеу
22 жастағы әйел ішінің төменгі жағы ауыратынына, кіші дәретке жиі шығатынына, кіші дәретке шыққанда ашитынына шағымданады. Симптомдар сақтанбай жыныстық қатынасқа түскен соң пайда болған. Объективті: үрпінің қызаруы, ісінгені байқалады, көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді, кіші дәретке шыққанда ашып ауырады, жатыр мойнағының іншектік бөлігі қызарған, цервикальдық каналдан көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді. Болжалды диагноз:
гонорея (соз)
хламидиоз
кандидоз
трихомониаз
гарднереллез
33 жастағы әйел сірнелі сипаттағы аздаған бөліндіге, ЕАС (етеккір алдындағы синдром) кезінде күшейетініне шағымданады. Акушерия-гинекологиялық анамнез: соңғы 2 жүктілігі 8-9 апталық ерте кезеңде түсік түсумен аяқталған. Диагноз қоя үшін берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған дұрыс?
иммунофлуоресценция реакциясы
полимеразды тізбекті реакция
иммобилизация реакциясы
микроскопия
қанның жалпы талдамасы
2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі несептік-жыныстық жолдардың инфекциялары" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес симптомсыз бактериурияның бар екендігін растау үшін несептің ортаңғы порциясында бактерияның мөлшері қанша болуы керек ?
≥101 КОЕ*/мл
≥102 КОЕ*/мл
≥103 КОЕ*/мл
≥104 КОЕ*/мл
≥105 КОЕ*/мл
48 жастағы әйел іншегінен жағымсыз балықтың иісіндей иісті бөлінді шығатынына, қышитынына, ашитынына, жыныстық қатынасқа түскенде ауыратынына шағымданады. Объективті: гкіреберіс сілемейі мен іншек қызарған және ісінген. Аталған ауруға диагноз қоюда берілген критерийлерінің қайсысы маңызды?
іншек ішіндегісінің РН >4,5
псевдомицелииді табу
оң аминотест
лейкоцитоз
негізгі жасушалардың болуы
29 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:
гонадотропиндердің деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
пролактин деңгейін анықтау
ТТГ деңгейін анықтау
АКТГ деңгейін анықтау
 Микроаденома кезінде гипофиздің өлшемі келесіден аспайды:
5 мм
10 мм
15 мм
20 мм
25 мм
29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына, 9 айға дейін кешігетініне, 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағымданады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті: II дәрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Миыны КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс:
 гонадотропиндер деңгейін анықтау
рилизинг-гормондармен сынама
 пролактин деңгейін анықтау
 ТТГ деңгейін анықтау
АКТГ деңгейін анықтау
Гинекологиялық операция барысында жатыр мойнағын мобилизациялау кезінде хирург қандай ағзаны зақымдауы мүмкін және неліктен:
жатыр түтігін, жатырдың кең байламында орналасқандықтан
қуықты, кіші жамбастың алдыңғы бөлігінде, жатыр мойнағы мен іншектің алдында орналасқандықтан
тікішекті, кіші жамбас қуысында, жатыр мойнағы мен іншектің артқы күмбезінің алдында орналасқандықтан
несепағардың жамбас бөлігін, жатыр маңындағы талшықта, жатырдың кең байламының негізінде орналасқандықтан
іншекті, қуық пен тікішектің арасында, кіші жамбастың алдыңғы бөлігінде орналасқандықтан
Қабылдау бөлімшесіне 32 жастағы пациент етеккірі келгенге дейін 2-3 күн бұрын жыныстық жолдарынан қошқыл түсті қанды шығынды жұғатынына, етеккірі көп мөлшерде, ұзақ келетініне, ауыратынына, кеткесін де ұзақ уақыт жұғып жүретініне шағымданып келді. Бірінші босанғаннан кейін плаценталық тін қалдықтары фонында эндомиометритпен асқынған, 5 жылдан бері бедеу. Бірнеше рет қабынуға қарсы терапия жүргізілген. УДЗ кезінде оңжақ анабез жылауығы анықталды, диаметрі 7 см, ішінде сұйықтық бар, кіші жамбастың жабыспа процесі. Операциялық емнің барынша мақсатты көлемі:
лапароскопия, цистэктомия
лапаротомия, цистэктомия
лапароскопия, жылауықты пункциялау
лапаротомия, аднексэктомия
лапароскопия, аднексэктомия
Пациент 29 жаста, әйелдер консультациясына 3 жылдан бері бала көтермегеніне шағымданып келді. Алғашқы бедеулік. Етеккір функциясы бұзылмаған. Базальдық температураны өлшегенде - екі фазалы цикл. Жыныстық қатынаспен тұрақты айналысады, некелескен, жүктіліктен сақтанбаған. Гистеросальпингография нәтижесі - жатыр түтікшелері бітелмеген. Күйеуінің спермограммасын тексергенде екінші дәрежелі астено- және олигозооспермия анықталды. Күйеуін андролог емдеген соңекінші дәрежелі олигозооспермия сақталып тұр. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:
жатырішілік инсеминация
анабездер стимуляциясы
донорлықй сперманы қолдану
донорлық эмбрионды қолдану  
ИКСИ әдісі
Пациент 25 жаста, әйелдер консультациясына 4 жылдан бері бала көтермей жүргеніне, соңғы 2 жылда шашының қатты өскеніне және беті мен денесін безеу басқанына шағымданып келді. Анамнезінен: етеккірі тұрақты келмейді, 2-3 айда бір келеді. 20 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен. Тексеріп қарағанда: әйел фенотипі, дене бітімі дұрыс, жақсы тамақтанады, май бөксесінде жиналған. Дене салмағы индексі 35 кг/м2. Мойын терісінің учаскелері, қолтық ойығы мен кеудесінің асты қарайған. Іншек арқылы тексергенде: сыртқы жыныстық ағзалары дұрыс дамыған. Жатыр денесі нормадан кіші, қосалқылар аймағында екі жағынан да 5х6х6см түзілім пальпацияланады, тығыз, жылжымалы, ауырсындырмайды. Базальдық температура – монофазалы, кариопикноздық индекс 60-70%. УДЗ-да: анабездер көлемі 14 см3, гиперплазияланған арқау, 12-13 атретиялық фолликулдар диаметрі 10-12 мм, жуандаған қаптама астында периферияда орналасқан. Күйеуінің спермограммасы патологиялық өзгеріссіз. Берілген болжалды диагноздардың қайсысы дұрыс ?
Шерешевский-Тернер синдромы
Штейн Левенталь синдромы
Лоренс-Мун-Бидль синдромы
Моррис синдромы
 Бабинский-Фрейлих синдромы
32 жастағы пациенттің жатыры 12-13 апталыққа дейін үлкейген, тығыз серпінді консистенциялы, беті тегіс емес, жылжымалы, ауырсындырмайды. Жүкті болмаған. Қосалқылары пальпацияланбайды. УДЗ бойынша - бұлшықетаралыққа орналасқан миоматозды түйін d 7*5*6 см. Операциялық емнің мақсатты көлемі:
лапароскопия, консервативтік миомэктомия
лапароскопия, жатырды қосалқыларымен бірге ампутациялау
лапаротомия, жатырды қосалқыларынсыз ампутациялау
лапаротомия, жатырды қосалқыларымен бірге экстирпациялау
лапароскопия, жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау
24 жастағы әйел сыртқы жыныстық ағзалары аймағының қышитынына, ашып ауыратынына, жыныстық жолдарынан исі жағымсыз шығынды бөлінетініне шағымданып келді. Тексеріп қарағанда сыртқы жыныстық ағзалар аймағында көптеген папилломатозды ұлғаюлар. Барынша негізделген емдеу тәсілі:
қабынуға қарсы терапия
антисептиктерді сыртқа қолдану
физиоем
электрокоагуляция
іншектік суппозиторилер
30 жастағы науқас, жүктілік мерзімі 19 апта. Гинекологиялық тексергенде жатыр мойнағының шектелген аймағында ірі лейкоплакия анықталды. Цитологиялық – жасуша бөлігінің атипиясымен айқын дисплазия, «жалаңаш ядролар», ядросыз жасушалар кешені, қабыршақтар. Дәрігердің тәсілі:


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.