Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл

Энергия

7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату Білу және түсіну ҚЖ

 

 

 

7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану Қолдану

ТЖ

7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану Қолдану
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану Білу және түсіну; Қолдану

Күш моменті

7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру Білу және түсіну КТБ
7.2.4.4 - тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану Қолдану ҚЖ
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау Жоғары деңгей дағдылары ТЖ

Жер және Ғарыш

7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру Білу және түсіну КТБ

7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру

Білу және түсіну КТБ
Қолдану ҚЖ
Барлығы:        

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған

 жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта

A) 3 есе ұтылыс береді

B) 3 есе ұтыс береді

C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді

D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді

   [1]

2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?

A) Жер, Жер; 

B) Жер, Күн; 

C) Күн, Жер; 

D) Күн, Күн.                     

                                                                                                [1]

3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.

             

Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?

 

A) жаз

B) күз

C) қыс

D) көктем

                                                                                                [1]

 

4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.   

 [2]  

 

5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал қайшы ұшынан күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?

[3]

6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.

[2]

7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g = 10 Н/кг.

a) Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

[2]

 

b) Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз.

 [1]

 

c) Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

  [1]

 

d) Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз.  

[2]

 

8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды. 

 

h, см l, см Fауырлық, Н Fтарту, Н Aпайдалы, Дж Aжасалған, Дж ПӘК, %
     

 

a) Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.

 [1]

 

b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.

[1]

 

c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.

[1]

 

d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.

[1]

 

Жалпы: [20]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.