Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған

 жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Үш кірпішті үстел бетіне суретте көрсетілгендей әр түрлі тәсілдермен орналастырады. Әр түрлі жағдайлардағы кірпіштің үстел бетіне түсіретін қысымдары туралы не айтуға болады?

A) 1 жағдайда көп қысым түсіріледі

B) 2, 3 жағдайларда көп қысым түсіріледі

C) 1, 2 жағдайда көп қысым түсіріледі

D) Барлық жағдайда бірдей қысым түсіріледі

[1]

2. Көрсетілген мысалдардың қайсысында механикалық жұмыс атқарылмайды?

A) қыз бала баспалдақпен төмен қарай түседі

B) су ыдыс қабырғаларына қысым түсіреді

C) адам иығында ауыр қапты тасиды

D) жаңбыр тамшысы төмен құлайды

[1]

3. Қуаттың өлшем бірлігі.

А) Вт

В) Н

С) Дж

D) Па                                                                                                                                        [1]

 

4. Дененің ауадағы салмағы 6 Н, судағы салмағы 5,5 Н. Кері итеруші күшті анықтаңыз.  

А) 11,5 Н

B) 6 Н

С) 5,5 Н

D) 0,5 Н

[1]

5. 200 Н күш әсерінен денені 50 см-ге қозғады. Жасалған жұмысты есептеңіз.

 

[2]

6. Цилиндрде поршень үйкеліссіз төмен қарай жылжиды. 

а) Цилиндр ішіндегі газ қысымы қалай өзгереді?                                                                   [1]

b) Газ молекулалары цилиндрдің ішкі бетіне қалай әсер етеді?                                            [1]

 

7. Суы бар ыдысқа сұйықтықтар құйылған үш бірдей түтікше салынған. Бірінші түтікше жоғары қарай қозғалады, екінші түтікше су ішінде қалқып тұр, ал үшінші түтікше төмен қарай қозғалады. (Судың тығыздығы барлық тереңдікте бірдей деп есептеңіз).

а) Бірінші түтікшеге әсер ететін күштерді белгілеңіз

 [2]

 

b) Түтікшелердің қайсысына ең аз кері итеруші күш әсер етеді?

Жауабыңызды түсіндіріңіз.

 [2]

 

8. Егер кіші поршеннің ауданы 12 см2, үлкен поршеннің ауданы 144 см2, кіші поршеньге әсер ететін күш 1000 Н.

Гидравликалық көтергіштің көмегімен көтеруге болатын дене массасын есептеңіз.

 

 [2]

 

9. Суретте тереңдік артқан сайын қысымның да артатыны көрсетілген тәжірибе берілген.

а) гидростатикалық қысымның тереңдікке тәуелділік формуласын жазыңыз.

 [1]

b) Кестені толтырыңыз. g = 10 Н/кг.

 

h, м
Рсу, кПа          

 [1]

 

c) Судың астындағы рсу өлшенген қысымның h тереңдікке тәуелділік графигін (атмосфералық қысымды ескермей) құрыңыз.

[4]

 

Жалпы: [20]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.