![]()
|
|||||||
ИМЕ 5- курс 2019 4 страница
*қанның жалпы талдауы *+қандағы глюкозаны анықтау *цитологиялық зерттеу *люминесцентті диагностика *бактериологиялық зерттеу
#485 *!55 жастағы әйел тағам ішкенде ауыз қуысындағы ауыру сезіміне шағымданады келді. Ауру тарихынан: бастапқы кезде тілдің бүйір бетінде көкшіл түсті күлбіреуік пайда болып, кейін жарылған. Кардиологта қан қысымының жоғары болуына байланысты тіркеуде тұрады. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде ақ түсті қақпен жабылған көлемі 12 мм эрозия анықталды. Салыстырмалы диагностика жасау үшін қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+цитологиялық *бактериологиялық *қанның жалпы талдауы *қандағы глюкоза *стоматоскопия
#486 *!65 жастағы ер кісі тістерінің қозғалғыштығына, бадамша бездерінің ұлғаюына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі алдыңғы тістердің қозғалмалылығы 2-3 дәрежелі, бадамша бездері ұлғайған, борпылдақ, тығыз, көгерген, 46,47 тістердің аймағындағы қызыл иегінде көлемі 0,9 см тығыз консистенциялы, ауырмайтын түйін анықталды. Теріде – көптеген папулезді инфильтраттар. Қанның құрамында Гумпрех денешіктері анықталды. Стоматологиялық емнің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*46, 47 тістерді жұлу, протездеу *+тіс шөгінділерін алу, қозғалмалы тістерді жұлу *ауыз қуысын антисептикалық өңдеу *кератопластиктермен таңба *қозғалмалы тістерді жұлу
#487 *!16 жастағы қыз қызыл иегінің қанауы мен дәм сезуінің бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: ұрттың кілегей қабығында тістердің түйісу деңгейінде, тілде, ауыз қуысының түбінде көптеген қанқұйылулар бар. Қызыл иегі бозарған, тиіп кетсе қанайды. Төменде берілгендердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*пародонталдық қалталардың кюретажы *викасол *С дәруменімен электрофорез *қызыл иекке глюкоза ерітіндісін инъекциялау *+гематологиялық орталыққа жолдама
#488 *!49 жастағы әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір – бұдырлығына, күйдіріп тұрғандай сезінетініне шағымданады. Қант диабетінің компенсациялық түрімен эндокринолог дәрігердің тіркеуінде тұрады. Қарап тексергенде:тілдің бетінде және оң жақ ұрттың кілегей қабығында - ақшыл түсті қақтар мен тоғалар анықталды. Қырып байқағанда қақ жартылай алынады. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*Биопсия *Жалпы қан талдауы *Иммунологиялық зерттеу *Серологиялық зерттеу *+Қырманың микроскопиясы
#489 *!47 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру және ауыру сезіміне шағымданады, кешкілік уақытта тілі «күйіп қалғандай» сезім күшейеді, бір жылдан бері мазалайды. Ауру тарихынан: 7 жыл бойы асқазанның жаралы ауруымен ауырады және жыл сайын өршіп отырады. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, АҚ - 90/75 мм. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, гипосальвация, тілі ісінген, беті ақшыл-сұр түсті, әсіресе дистальді бөлігі астындағы тіндерге берік орналасқан қақтармен жабылған. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Сұрау *+Қарау *Пальпация *Сүңгілеу *Рентген
#490 *!26 жастағы ер адам тіліндегі күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: ауырғанына бір жыл болған, емделмеген. Қарап тексергенде: тілдің бетінде көлемі мен пішіні әртүрлі түлеген ошақтар бар, түлеген аймақтардың айналасында жіп тәрізді бүртіктер топталған. Түлеген ошақ аймағында саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған. Төменде көрсетілген тексеру тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дәйекті?
*+Бактериологиялық *Серологиялық *Цитологиялық *Рентгенография *Биохимиялық
#491 *!53 жастағы әйел адам тіліндегі күйдіру сезіміне және таңдайы күйіп қалғандай сезінетініне шағымданады. Бұл жағдай 1 жыл бұрын тек тілінің ұшында пайда болған. Тағам қабылдағанда күйдіру сезімі байқалмайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, тілдің беті ақшыл қақпен қапталған, тіл асты көктамырлары қап тәріздене кеңейген,тілдің ұшындағы және жұмсақ таңдайдағы рефлекстер жоқ. Келтірілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Сұрау *Қарау *Пальпация *Сүңгілеу *Рентген
#492 *!17 жастағы жасөспірім ерініндегі және айналасындағы терінің құрғақтығына, қышуына шағымданады. Бала күнінде ауыздықтар болған. Әртүрлі жақпалар қолданғанда уақытша жазылған. Ауру тарихында: цитрустарға және ақуыздың кейбір түрлеріне аллергиясы бар. Қарап тексергенде: мұрын-ерін үшбұрышының терісінде көлемді эритема бар, еріннің қызыл жиегі құрғақ, майда қабыршақтармен жабылған. Тіліктің айналасындағы тері 3 см-дей радиуста пигменттелген және лихенизацияланған. Ауыз бұрышында тіліктер бар. Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді? *+еріннің түлей қабынуы *актиндік хейлит *гландулярлы хейлит *метерологиялық хейлит *экзематозды хейлит
#493 *!20 жастағы қыз төменгі ерініндегі, әсіресе ерінін түйістіргендегі ауыру және күйдіру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің қызарған, ісінген қызыл жиегі ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін «фартук» тәрізді салбыраған, сарғыш-қоңыр түсті қабықтармен жабылған. Айналасындағы терінің түрі қалыпты жағдайда. Келтірілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді? *еріннің түлей қабынуы *еріннің актиндік қабынуы *еріннің гландулярлы қабынуы *метерологиялық хейлит *+экзематозды хейлит #494 *!35 жастағы әйел адам ерінінің құрғақтығына және аздап түлеуіне, қышу мен күйдіру сезіміне шағымданады. Ауру тарихынан: 3 күн бұрын жаңа ерін далабын қолданып бастаған. Бұл белгілерді алғаш рет байқайды. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде шектелген эритемалар анықталды. Эритемалар аумағында майда күлбіреуіктер мен ылғалданған бөліктер бар. Бет және денесінің тері жабындылары өзгеріссіз. Қандай емді тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+антигистаминді ем *дәрумендермен ем *криодеструкция *бактериаға қарсы ем *электрофорез
#495 *!43 жасар науқас пародонт ауыруын емдетуге келген.Қарап тексергенде: оң жақ еріннің қызыл жиегінде – кілегей қабық деңгейінен төмен орналасқан, тығыз қабыршықтармен қапталған, көлемі 4 мм-дей, мүйізгектену ошағы анықталды. Қырып байқағанда қабыршақтар алынбайды, сипағанда – ауырмайтын тығыз құрылым. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*Веррукозды лейкоплакия *+Шектелген обыралды гиперкератоз *Сүйелге ұқсас обыралды ісік *Манганотти хейлит *Қызыл жалпақ теміреткі
#496 *!70 жасар науқас төменгі ерінінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданады. Бұрын жара төменгі еріннің басқа аймағында пайда болған, ем қабылдамай өздігінен жазылған . Қарап тексергенде: төменгі ерінінде беті жылтыр, пішіні сопақша, ашық-қызыл түсті эрозия анықталды. Сипағанда негізінде тығыздық байқалмайды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*Еріннің актиндік қабынуы *Еріннің созылмалы тілігі *Макрохейлит *+Манганотти хейлиті *Лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі
#497 *!29 жастағы ер адам ерінінде ақаудың пайда болуына шағымданады. Ошақ бір ай бұрын пайда болған,ауырмайды. Қарап тексергенде: төменгі ерінінде ауырмайтын, шектелген, деңгейі төңірегіндегі тіндерден төмен зақымдану ошағы анықталды, беті ақшыл-сұр түсті, тығыз, жұқа қабыршақтармен жабылған. Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*+шектелген обыралды гиперкератозы *Сүйелге ұқсас обыралды ісік *Веррукозная лейкоплакия *Манганотти хейлиті *Кератоакантома
#498 *!69 жастағы ер адам төменгі ерінінде ұзақ уақыт бойы жазылмайтын эрозияға шағымданады. Ауру тарихынан: бұрын эрозия төменгі еріннің басқа жағынан шықан, ұзақ уақыт жазылған. Қарап тексергенде: төменгі қызыл ерін жиегі жұқарған, сол жағында ашық қызыл түсті, пішіні сопақша эрозия бар. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі тығыздалмаған. Келтірілген іс-шаралардың қайсысын алғашқы кезеңде жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Жалпы қан талдауы *Дәрігер-интернисттің кеңесі *Дерматолог дәрігердің кеңесі *серологиялық диагностика *+Онколог маманның кеңесі
#499 *!52 жастағы ер адам төменгі ерінінің түрінің өзгергеніне шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл ерін жиегі аймағында дөңгелек пішінді ақау бар, беті жылтыратылғандай тегіс. Ашық-қызыл түсті. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Хирургиялық *Консервативті *Физиотерапиялық *Химиотерапиялық *Витаминотерапия
#500 *!69 жастағы ер адам, төменгі ерінінде ұзақ уақыт бойы жазылмайтын эрозияға шағымданады. Ауру тарихынан: бұрын эрозия төменгі еріннің басқа жағынан шыққан, ұзақ уақыт жазылған. Қарап тексергенде: төменгі қызыл ерін жиегі жұқарған, сол жағында ашық қызыл түсті, пішіні сопақша эрозия бар. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі тығыздалмаған. Келтірілгендердің қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Еріннің жапырақтана қабынуы *Екіншілік мерез *Еріннің гландулярлы хейлиті *Веррукозды лейкоплакия *+Актининдік хейлит
ИМЕ 5- курс 2019
|
|||||||
|